427. 1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталды. Бұл жолы тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды.
428. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы шеберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында болғандығы көрсетілді. Аталған есептің көрсетулері бойынша, 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған; білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған; ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіші бойынша 129-орынға сырғыған.
429. 1997 жылдың соңына қарай ресми органдар сарапшыларының берген бағаларына қарағанда, республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте күн кешті.
430. 1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел дерліктей өтеуге мүмкіндік алды.
431. 1995-1998 жылдар Қазақстанда маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
432. 1998 жылдың соңында ел экономикасының 90%-ы жеке секторлардың қолында болып, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері – кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды.
433. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді.
434. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші-қон (миграция) үдерістері басталды.
435. 1997 жылдың 1 шілдесіне қараған шақта республика тұрғындарының ішіндегі жергілікті халықтың үлесі 50%-дық межеден асты.
436. 1999 жылғы ақпан, наурыз айларында Қазақстанда әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Санақ қорытындысы бойынша, Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам анықталды.
437. 2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өтті. Бұл санақтың ресми түрде жарияланған алғашқы мәліметтері бойынша Қазақстандағы халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Соның ішінде, жергілікті халық – қазақтар біршама көбейіп, жалпы тұрғындар арасындағы үлесі 67%-дан асқан.