Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік. Табиғи құндылықтар бұл адамның табиғи күші мен жан.дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл.ой, сезім, күш жігер (ақылдың айұындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, куш.жігердің қайраттылығы. Жүре пайда болған құндылықтар . бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабыррлылық және т.б.). Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар . ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре п.б. құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. [18]
4-сурет
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады. Адам 5 құндылық (ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат) қоршап тұрады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый жіне олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Оқыту үрдісінде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар білім негізі оның өзегі болып табылады. Тоғай ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, тыныштық, қиянат жасамау. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық,Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.[19]