Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы, ғылыми жоба


Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы



бет12/14
Дата30.11.2022
өлшемі42,91 Kb.
#53888
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Жоба

Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы
5-сурет
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.

  • Қиянат жасамау рухани деңгей,

  • Ақиқат интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция).

  • Сүйіспеншілік адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл ой, сөз).

  • Тыныштық эмоциялық деңгей (сезім).

  • Дұрыс әрекет физикалық деңгей.

  • Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.

  • Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Оқыту үрдісінде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар білім негізіә оның өзегі болып табылады.[20] Дұрыс әрекет – Ақиқат жолын ұстау болып табылады. Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғанынды оны жоғалтқанға дейін білмейсің түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады. «Мен байланудың бар екенін түсіне білетін, саналы түрде түсінемін». Бұл сана трансформациясының басталды…. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер: әдет, қанағат, ынтымақтастық, тәртіп. Ақиқаттан туындағанның барлығы – Дұрыс әрекет. Адам ақиқатты танып сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісі гүлі шешек атады.
III. Мектеп оқушыларының эксперименттік зерттелуі
3.1 Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру
Жобаның кезеңдері алдыға қойған мақсатпен, оның маңыздылығын жүзеге асыру болып табылады.  Бірінші кезең. Жобаның мақсаты анықталып,жалпы адамзаттық құндылықтар туралы ақпараттар жинау. Оқушылармен кездесу өткізіп, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы ойларымен бөлісу. Екінші кезең. Атқарылатын жұмыстың нақты жоспарын жасау. Шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылармен құндылықтар негізінде адамдарға жасалатын игі істер, көмек қолдау, жинақталған материалдар негізінде кітап, сурет, бейнеколлаждар жасау. Үшінші кезең. Ойластырылған идеялар мен жоспарлар іске асырылады. Төртінші кезең- қорытындылаушы кезең. Бұл кезеңде жобаның нәтижелері жинақталып, зерделенеді. Сондай ақ оқушылардан алынған сауалнамалар жинақталып, психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет