Тобы: ааа Мамандығы: ааа- «Құқықтану» Кафедра: «ааа»


- ҚР ҚК «Бұзақылық» 293 бабы қылмыстық істі қарау бойынша сот тәжірибесі мен іс бойынша материалдарды қарастырдым



бет3/3
Дата12.06.2022
өлшемі39,16 Kb.
#36728
1   2   3

- ҚР ҚК «Бұзақылық» 293 бабы қылмыстық істі қарау бойынша сот тәжірибесі мен іс бойынша материалдарды қарастырдым;

- Мүгедек баланы әрекетке қабілетсіз деп тану, қамқоршы ретінде тағайындау іші бойынша кеңес берілді;

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бойынша кеңес берілді. ТЖ кеңзіндегі орта және кіші бизнес объектілерінің жұмыс жасау тәртібі, міндеттемелерге әсері бойынша сұраққа құқықтық кеңес берілді;

- Некені бұзған ерлі-зайыптылардың ортақ балаларымен жолығу бойынша құқықтық кеңес берілді. Сот көмегіне жүгіну жолдары түсіндірілді.

Азаматтық процесстегі адвокаттың рөлімен таныстым, жазбаша құжаттарын құрастырдым.

Азаматтық іс бойынша жетекшінің жетекшілігімен адвокат сөзінің жобасын құрастырдым. Адвокатпен бірге алдын ала тергеу материалдарын зерттедім. Сот отырысы хаттамасымен таныстым және хаттамаға ескертпелер құрастырдым. Сот тәжірибісі мен іс бойынша материалдарын зерттедім. Тәжірибе барысында жетекшімнің тапсырмасымен реферат жазылды.

Қортынды есептік құжаттарын дайындадым.

Тәжірибе барысында мен көптеген құқықтық актілерін, заңдарды іс жүзінде қолдануды үйрендім. Азаматтар шағымдарына жауап беруді, құқықтық кеңес берудің маңыздылығын түсіндім. Қандайда бір ағымдағы адвокаттың жұмысы бойынша келіп түскен сұраққа толыққанды, заң аясында жауап беру үшін түпкілікті дайындық керек екендігін көрдім. Алдағы уақытта осы саладағы білімімді терендетемін.


3 ҚР адвокат қызметін ұйымдастыру мен жұмыс жүргізу тәртібі



Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыруға құруға құқылы.
Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының қаулысымен құрылатын жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегін беру туралы» Заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының жəне алқа жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын заң консультациялары туралы Ереженің негізінде іс əрекет ететін заң кеңселерін құрайды.
Заң кеңселері қалалар мен елді мекендердегі азаматтарға жəне ұйымдарға заң көмегін көрсету жөніңдегі адвокаттар қызметін ұйымдастыру үшін құрылады.
Адвокаттардың көпшілігі заң кеңселерін жұмыс істейді.
Заң кеңселері адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады жəне заңды тұлғаға құқығы жоқ. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мүлігі, мекен-жайы, тиісті адвокаттар алқасына жататындығы, мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбасы, сондай-ақ үлгілері заңда көзделген тəртіппен бекітілетін жəне тіркелетін өзге де белгілері болады.
Заң кеңсесі орналасатын жерді елді мекеннің ерекшелігін, тығыздығы мен санын, азаматтар мен ұйымдардың заң көмегіне жүгіну деңгейін, сол аумақтағы адвокат кеңселерінің жəне жеке дара жұмыс істеуші адвокаттардың бар-жоғын жəне т.б. ескере отырып, адвокаттар алқасының төралқасы анықтайды.
Заң кеңселерінің саны олардың орналасқан жеріне байланысты əртүрлі. Мысалы, селолық жерлерде олардың саны 3-5 адам, əрі қалаларда 20-30 адам, ал Алматыда 40-50 адам болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда филиалдары бар 264 қалалық жəне аудандық заң кеңселері жұмыс істейді.
Заң консультациясының негізгі мақсаты мыналар:
♦ жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен жəне өзара қарым-қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға жəне жүзеге асыруына жəрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;
♦ қылмыстық істер бойынша қорғауда адвокаттар қызметін, азаматтық, шаруашылық, əкімшілік жəне өзге істер бойынша өкілдік етуді ұйымдастыру;
♦ Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру;
♦ адвокатура туралы заннамаға сəйкес өзінің жəне басқа да міндеттерді атқарған уақытында адвокаттардың заңды құқықтарын жəне мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру;
♦ заң кеңселерінің жұмысын ұйымдастыру жəне оның мүшелерінің адвокат мінез-құлқының кəсіби нормаларын сақтауына жəне олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;
♦ заң кеңселері мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық жəне ақпараттық-анықтамалық қамтамсыз ету жəне т.б.
Заң кеңселеріне алқа мүшелері қатарынан адвокаттар алқасы төралқасының қаулысымен тағайындалатын меңгеруші басшылық етеді.
Бұл төралқаның, адвокаттар алқасы мүшелері Жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді қоспағанда, тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, адвокаттар алқасы қызметінің барлық күнделікті мəселелерін шешетіндігімен байланысты.
Меңгерушінің құқықтары мен міндеттері заң кеңселері туралы Ережемен тəртіптеледі. Меңгеруші құзыретіне заң кеңсесінің қызметін ұйымдастыру; заң көмегін көрсету туралы азаматтармен келісімдерді жəне кəсіпорындармен, мекемелермен жəне ұйымдармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен заңдық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасау; алдын ала тергеу органдары мен соттың талабы бойынша қорғауды жүзеге асыру үшін адвокат тағайындау жəне т.б.
Заң кеңсесінің меңгерушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарында көзделген жағдайларда тұлғаларды қорғауды уақытында жүзеге асыру мақсатында адвокаттар кезекшілігін ұйымдастырады. Кезекшілік кестесі алдын ала ілінеді, адвокаттар кезекшілігі кестесінің бір данасы тиісті анықтау жəне тергеу органдарына тапсырылады.
Заң кеңсесі меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар. Заң кеңсесінде штаттық лауазымда отырған алқа мүшелерінің жалақысы адвокаттар алқасының төралқасы анықтаған көлеммен жəне адвокаттық қызмет үшін түскен сомамен есептелетін лауазымдық еңбекақыдан тұрады.
Адвокат алқасының мүшелері адвокат кеңселерін құруға (ұйымдастыруға) құқылы.
Адвокат кеңсесі - бұл адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуі үшін материалдық, ұйымдық-құқықтық, жəне өзге жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оның құрылтайшылары (адвокаттар) құрған жəне қаржыландыратын мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
Адвокаттар алқасының мүшесі (мүшелері) адвокат кеңселерін құрады (ұйымдастырады).
Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) - Қазақстан Республикасының азаматы, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын жəне 1997- жылғы 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегін беру туралы» Заңымен тəртіптелетін шекте кəсіби негізде заң көмегін көрсететін адвокат (адвокаттар).
Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің құрылтайшысы бола алады, бұл заң көмегін көрсету саласындағы монополияға жол бермеуге көмектеседі. Бұл жағдайда ол өз қызметін қолданыстағы заңнамамен қатар жарғы негізінде жүргізеді.
Адвокат кеңсесін екі жəне одан артық адвокат құрған кезде құрылтайлық шарт та кеңсенің құрылтайлық құжаты болып табылады.
Құрылтайлық шарт - бұл құрылтайшылар (адвокаттар) келісімі, онда адвокат кеңсесін құру жөніндегі бірлескен қызметтің тəртібі, өз мүлігін оның меншігіне (жедел басқаруға) беру жəне оның қызметіне қатысу шарттары, со-ндай-ақ адвокат кеңсесінің қызметін басқару, құрамынан құрылтайшылардың шығу шарттары мен тəртіптері жəне ҚР заңнамасына қайшы емес өзге де мəн-жайлар анықталады.
Адвокат кеңсесінің жұмыс тəртібін ҚР заңнамасында көзделген талаптарды ескере отырып құрылтайшылар анықтайды.
Адвокаттар кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) ол тиісті органдарда мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға жəне оның құзырына адвокат кеңсесінің құрылтайлық құжаттарын тапсырады.
Адвокат кеңсесі мемлекеттік тіркелген сəттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
Адвокат кеңсесінің мөрі, дербес балансы, банктерде есепшоты, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде атаулары көрсетілген бланкілері, заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті басқа да белгілері бар, олардың үлгілері заңнамада көзделген тəртіппен бекітіледі жəне тіркеледі.
Адвокаттар кеңсесі əділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
Адвокаттар кеңселерінің иелері мен онда еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтін адвокаттарға заң консультацияларында жұмыс істейтін адвокаттардың барлық құқықтары мен міндеттері таратылады.
Адвокаттар алқасының мүшесіне бір уақытта заң консультациясының штатында тұруға жəне адвокат кеңсесінің иесі болуға немесе оңда еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Адвокат кеңсесінде жұмыс істейтін алқа мүшелерінің жалақысы жарғымен жəне еңбек шартымен анықталады.
Адвокат кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты қажет емес, өйткені бұл кез-келген адвокаттын; адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандарының бірін, оның ішінде адвокаттық кеңсені тандау құқығы.
Адвокат өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүргізуге құқылы. Мұндай жағдайда ол бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, əкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.
Адвокаттар қызметтің осы нысаны кезінде банктерде есеп айырысу жəне өзге де шоттары, адвокаттың тегі, аты, əкесінің аты, нақты адвокаттар алқасына тиістілігі мемлекеттік жəне орыс тілінде көрсетілген жеке мөрі жəне адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі, сондай-ақ мөр табандары мен жеке бланклері болады.
Қызметтің осы нысаны кезіңде адвокаттарға қаржылық жəне материалдық қорларды үнемдеу мақсатында ғимаратты (оны жалдауды қоса алғандар), компьютерлерді, осы заманғы техникалық жəне өзге де байланыс құралдарын (телефондар, факстар, электронды пошта, Интернет жəне т.б.), көмекші қызметшілерді жəне т.б. бірлесіп пайдалануға, заңды тұлғаны құру құқығынсыз бірігуге рұқсат етіледі, бұл жағдайда олар банкге ортақ есеп шот, қозғалмайтын жəне басқа да мүлікті ұстай алады.
Өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жүзеге асыратын адвокаттың артықшылығы-осы арада құрылтайлық құжаттардың талап етілмейтіндігінде. Адвокат тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуші ретінде салық органдарында тіркелуге жəне қолданыстағы ережеге сəйкес қаржы мен салық органдары алдында есеп беруге міндетті. Тіркелген сəттен бастап 10 күннен кешіктірмей ол бұл туралы адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға тиіс.
Жеке дара жұмыс істейтін адвокат адвокаттар алқасының мүшесі сияқты мүшелік жарнаны уақытында төлеуге, жарғыда белгіленген тəртіп пен шарт бойынша өз қызметі туралы есепті тапсыруға міндетті.
Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не болмаса олардың заңды өкілдері адвокатпен шарт жасамаған болса, тергеуші, прокурор іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс (ҚР ҚІЖК, 486 бап).
Қорғаушы (адвокат) өзіне қабылдаған айыпкерді, сезіктіні қорғаудан бас тартуға қүқығы жоқ. Бұл айыпкер үшін қылмыстың ауырлығы мен басқа да мән-жайларға қарамастан, маман-заңгердің көмегін пайдалану кепілдігін береді. Қорғаушы сезіктінің, айыпкердің заңсыз және негізсіз талаптарына тәуелді емес.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін «үлкен сезінуге», өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, «ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады».
Жеткіншек алды кезеңінде «әлсіз» атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.
Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.
Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.

Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дүрыс түрін таңдауға.


Қорытынды


«roup» заң кеңесшілер палатасы азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым болып табылады. Оның заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және құқықтық негiздерi әр алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi.


Адвокаттың жоғары дәрежеде дамыған құқықтық санасы болуы керек, өмір мен құқықтың тікелей байланысының айқын көре білуі, оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін білуі тиіс.
Білімділік пен біліктілік және кәсіби әдеп қалыптарын сақтау адвокаттар үшін ең қажетті қасиет. Сондықтан да ол оның әрбір қызметтік іс-қимылында көрініс табуға тиіс. Құқықтық мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі құрылымында адвокаттардың кәсіби және жеке өзінің білім сапасына қойылатын талап жоғары болып отыр. Сондықтан адвокаттардың өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз ету мақсатында олардың шеберлігін шындап, іскерлігін арттыра түсу қажет. Сонда ғана адвокаттық қызметке деген сенім арта түсері анық.
Заңгерлік кеңесшілер палатасының жұмыс істеу әдісі бойынша мемлекеттік органдарға тәуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кәсіби бірлестікке тән емес мынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың әділет органдары мен қарым-катынас сипатына катысты атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің жаныңдағы тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде азаматтар мен занды тұлғаларға, оның ішінде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылык және азаматтық істерді карау кезінде өкіл немесе корғаушы ретіндегі адвокаттың жағдайын, адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тартуды және т.б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс және жағдай жасау жөніндегі құрылымдық бөлімшенің болуы. Сонымен қатар, әділет органдары адвокаттық кызметпен айналысуға лицензия береді. Алайда бұл адвокаттардың тиісті лауазымдык міндеттемесін аткаратын қызметшілер екендігін білдірмейді.
Жалпы іс-тәжірибе өту барысында өзімнің кәсіби сауттылығымды, теориялық дайындығымды толығымен көрсетуге тырыстым. Өз міндеттеріме барынша жауаптылықпен қарадым.
Өндірістік іс-тәжірибе нәтижесінде өзіме адвокаттық қызмет туралы, сот өнідісінің барысы туралы құнды мәліметтер жинадым, мен үшін ол баға жетпес тәжірибе болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1993 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. (Жаңартылған 23.03.2019)


2. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ.
3. Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 454 Қаулысы. (05.02.2020)
4. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ Заңы.
5. ҚР Қылмыстық кодексі. 14.07.2014. Юрист. Алматы 2015
6. ҚР Қылмыстық процестік кодексі 4.07.2014. Юрист. Алматы 2015
7. Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы Заңы (21.12.1995)
8. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы (21.12.1995.)
9. Адвокатура и адвокатская деятельность : учебник для бакалавриата и специалитета / А. А. Клишин [и др.] ; под ред. А. А. Клишина, А. А. Шугаева. — 2-е изд., испр. и доп. — М. : Издательство Юрайт, 2018. — 492 с. 
10. Андреевский, С. А. Судебные речи / С. А. Андреевский. — М. : Издательство Юрайт, 2019. — 371 с.
11. Карабчевский, Н. П. Судебные речи в 2 ч. Часть 1 / Н. П. Карабчевский, Г. М. Резник. — М. : Издательство Юрайт, 2019. — 277 с.
12. Кодекс профессиональной этики адвоката; Проспект - М., 2016. - 179 c. Максимова, Т. Ю. Профессиональные навыки юриста. Практикум : учеб. пособие для академического бакалавриата / Т. Ю. Максимова, Т. Ю. Маркова, Л. 19. П. Михайлова. — М. : Издательство Юрайт, 2019. — 193 с.
13. Мухамадиева Г.Н. Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі: заң ғыл. канд. ... дис. автореф. 12.00.09-"Қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі" / Мухамадиева Гульжан Нусупжановна. - Алматы: Қазақ гуманитарлық Заң ун-ті, 2009.
14. Оспанов С.Д. Досудебное производство в уголовном процессе Республики Казахстан: Особенная часть. – Алматы, 2004. – 240 с.
15. Понасюк А. М. Медиация и адвокат. Новое направление адвокатской практики; Инфотропик Медиа - М., 2012. - 370 c.
16. Сергеич, П. Искусство речи на суде / П. Сергеич, Г. М. Резник. — М. : Издательство Юрайт, 2019. — 395 с.
17. Толчеев Н. К. Справочник судьи и адвоката по гражданским делам; ТК Велби, Проспект - М., 2014. - 262 c.
18. Чашин, А. Н. Введение в специальность: юрист: учеб. пособие для бакалавриата и специалитета / А. Н. Чашин. — М.: Издательство Юрайт, 2019. — 113 с.
19. Экзамен на звание адвоката. Учебно-практическое пособие. В 2 томах (комплект); Юрайт - М., 2014. - 885 c




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет