Тобы: бб-41 Орындаған: Заманбек Айсулу Тексерген


Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар



бет9/20
Дата07.01.2022
өлшемі118,61 Kb.
#18510
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
2.2. Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар

Мұғалім грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, олардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы білімі анағұрлым нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып жүреді. Мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді. Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздігінен жұмыс жүргізуге тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыстанады. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар өздерінің қателерін жою үшін өздік жұмысқа да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыныппен жұмыс кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады. Тоқсан соңында, жарты жылдың соңында, оқу жылы соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды. Кейбір оқушыларға тән қателерді теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың 10 үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалады. Мұғалім балалардың төмендегідей қате жіберу себептерін анықтайды: 1. Оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?; 2. Ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни, ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған; 3. Ережелерді араластырып шатастырады; 4. Жазып отырған сөзінің мағынасына (не жазып отырғанының өзінде түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді; 5. Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да өзін-өзі бақылай алмайды; 6. Асығыс, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды, т.с.с. Себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес қосымша жұмыс ұйымдастырады. Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол кезде-ақ түзету керек. Мәселен, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама, шығармадағы қателер соңынан түзетіледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Жұмыс осы сыныптағы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзі (немесе тақтаға шақырылған оқушы) балалардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге олай жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы сыныпқа тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап дәптерлеріне жазып алады. 11 Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателерін табады, оны жұмыстың соңғы жағында теріп көшіреді, қосып сөйлем құрастырады, т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі. Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады да, тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.); 4) қате әріптің астын сызып қояды, ешқандай ескерту берілмейді. Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (1-2-сыныптарда айқынырақ түзетулер қолданылады, 3-4-сыныптарда күрделірек әдістер қолданған мақұл), 2) оқушылардың дайындық дәрежесіне қатысты. Мәселен, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал нашар оқитын оқушылардың қателерін түрлі әдіспен түзету керек (Кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетілсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы. Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стереотип орнайды да, одан құтылу 12 оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін дереу алдын алу шаралары қолданылады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді. Мысалы: ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында, т.б. Бастауыш сыныптарда, әсіресе, сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығармада тек орфографиялық қателер ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы, сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құрудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті, жазу жұмысының көлемі де есептеледі. Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфографиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет