Тобы: бб-41 Орындаған: Заманбек Айсулу Тексерген


II. Бөлім « Сандарды жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар»



бет2/20
Дата07.01.2022
өлшемі118,61 Kb.
#18510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
II. Бөлім « Сандарды жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар»

2.1 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.................................7-11

2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар.........................11-13

III. Бөлім «Сандарды оқыту әдістемесі»

3.1. Қарапайым математикалық түсініктер.......................................13-16

3.2 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау

..............................................................................................................16-19

3.2. Он көлеміндегі сандарды оқыту.....................................................................................................19-21

3.3. 1-сыныптағы математика сабағындағы он көлеміндегі сандарды қосу және азайту...................................................................................................21-28



Сандар нумерациясы тақырыбына арналған сабақ жоспары..........29-33

Қорытынды...........................................................................................33-34

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................................30

Кіріспе

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандарды даярлауды көздейді. Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді. Елімізде экономикалық парасатты, денсаулығы мықты азаматтарды тәрбиелеу ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті. Жас ұрпаққа білім тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер ары таза, адал, әдепті, ұстамды, төзімді; екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, өз мамандығына сай, өз ойын оқушы шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі; үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болуы қажет; төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, өзі беретін сабағына кеңінен пайдалануы қажет; бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен ізденіп, педагогикалық әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп отыруы қажет. Математика мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты – бастапқы математикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, математикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу. Оқушылардың білімін іскерлік дағдысын, сапасын арттыру. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойын дамыту. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, яғни эстетикалық тәрбие беру. Қарапайым есептерді шешуде өмірлік-парктикада пәнді оқып үйренуге пайдалана білу және шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет