Тобы: бб-41 Орындаған: Заманбек Айсулу Тексерген


Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі



бет6/20
Дата07.01.2022
өлшемі118,61 Kb.
#18510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Математика пәні курстық жұмыс

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту.

Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстар

1.1 Жазуға үйретудің әдісі

Бастауыш мектеп математикасындағы өзекті ұғымдардың бірі натурал сан болып табылады. Жалпы алғанда, бұл ұғымды «эквиваленттік жиындар класының сандық сипаттамасы» ретінде анықтауға болады. Сондай-ак, натуралсан ұғымы нәрселерді санаумен ғана шектелмейді де, шамаларды өлшеуменбайланыстырылады. Ол реттелген жиын элементі немесе натурал тізбек мүшесіретінде айқындалатүседі. Натурал тізбек қасиеттерін карастыруменбайланысты натурал санның мөлшерлік мәні мен реттік мәні көрсетіледі. Арифметикалық амалдарды оқып үйренген кезде натурал сан жаңа сипатта -оларға қолданылатын объекті ретінде кездеседі. Сан өте ежелгі ұғымдардыңбірі. Әр түрлі халықтарда жазудың пайда болуымен қатар санаудың да белгілібір жүйелері пайда болған. Санаудың ондық жүйесіндегі сандарды жазу үшін таңба (цифр) қолданылады.Осы цифрдың әрқайсысының өз атаулары бар және олар бір таңбалы теріс емес, бүтін он санының атауларына сәйкес келеді. «Цифр» ұғымы сандарды жазутаңбасы ретінде енгізіледі. «Сан» мен «цифр» ұғымы әр түрлі ұғымдар. «Разряд», «Класс», «Разрядтар мен кластар, бірліктер», «Разрядтык сан» түсініктері біртіндеп енгізіледі және дами береді, бірте-бірте разрядтар менкластар, олардың атауы, оған байланысты сандардың атауы, жазылуы, оқылуы,олардың ондық құрамы қарастырылады. Бастауыш мектептерде сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрету дайындық деп аталатын кезеңдегі оқушылардың игерген белгілі бір деңгейдегі білім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттардың оннан аспайтын тобындағы заттарды реттік және есептік сандардың көмегімен санау, соның нәтижесінде «Берілген топта неше сан бар?» «Әр зат санағанда нешінші?» екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын салыстыру. Онда алдыменоқушылардың мектепке дейінгі тәрбиесінде (жанұяда, балабақшада) алған әралуан мағлұматтарын жинақтау, толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Сондықтан алғашқы күннен бастап-ақ әр оқушының математикалықдайындығының нақты деңгейін дәл анықтап алуға ерекше көңіл бөлуге туракеледі. Өкінішке орай, тәжірибеде, көбінесе мұғалім балалардың білім деңгейін тиянақты анықтап алмай, сондай-ақ оқушылардың қарапайым болсын білімбіліктерінің болуы мүмкін екендігін ескермей, нақты мүмкіндіктер және жағдайлармен санаспай, математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда үстірттікке жол беру жиі кездеседі. Тіпті, кейде оқушыларға белгілі мәселелерді тәптіштей қарастырып, олардың қызығушылығын тежейді, сондай-аң ешқандай дайындықсыз, күрделі мәселені оқытуға әзірлік жасамай, балаларға қосымша жүктеме де туғызып алады. Ал мектепке келген әр баланың математикалық дайындық деңгейін тексеріп, біліп алған мұғалім, олардың әрқайсысымен жеке-дара қарым-қатынас жасай отырып, олардың бәрінің де жетілуіне және жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Өйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі дайындық кезеңі материалының мазмұнын және сәйкес іс-әрекетінің түрін, оны ұйымдастырудың әдісін айқындауға көмектеседі. Осыған орай мұғалім қандай сұрақтарды жалпы сыныппен тиянақты талдау керектігін, ал қандай мәселелерді жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігін анықтайды. Сонда ғана оқу процесі әр оқушының өзіндік ерекшелігіне және дайындық деңгейіне сәйкес келіп, нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет