Тобы: бб-41 Орындаған: Заманбек Айсулу Тексерген


Он көлеміндегі сандарды оқыту



бет12/20
Дата07.01.2022
өлшемі118,61 Kb.
#18510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Математика пәні курстық жұмыс

3.3. Он көлеміндегі сандарды оқыту
Бірінші 10 көлемінде басқа көрнекі құралдармен (тастар, кубиктер, үрықтар т.б ) бір дәрежеге қолданылады. Шыбықтар мен бумалар 20 көлеміндегі нөмірлеуді, ал содан кейін арифметикалық амалдарды , әсіресе, қосу мен азайтуды оқып үйренгенде пайдаланылатын тендесі жоқ негізгі қүрал болып саналады. Оқушылар 10 шыбықгы қосып бір байлап (бір бума жасап) жаңа санау бірліктері туралы - ондар туралы түсінік алады, ал әрқайсысында 10 шыбық бар 10 буманы қосып бір байлап 100 туралы түсінік алады. Дайындығы жақсы окушылар біраздан кейін оларды керек қыла қоймайды, ал дайындығы кем окушылар дерексіз түрде санауға көшу үшін жеткілікті түрде үғым жетілгенше бүлармен әсіресе, өздігінше жүмыстарда пайдалана беруі мүмкін.

Бұл құралдарды жасап алу әр баланың қолынан келеді. "Үзындықгары 10 см-ден шыбықгар жасап алыңдар", - деп балаларға шыбықтардың үзындығын көрсеткен пайдалы.

Мүның өзі балалардың өлшеу және сантиметрлік сызғышты пайдалану жөнінде бір жаттығу болып табылады.

Оқудың бұл сатысында көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар мына шарттарды қанағаттандырарлықтай болуы керек.



  1. көрнекі құралдар балаларды қызығарлықтай түрлі-түрлі
    болып келу керек.

  2. Мүғалімнің көрсететін көрнекі құралдары сияқты
    құралдар балалардың өздерінің қолдарында да жеткілікті
    болу керек.

  3. Дидактикалық материал ретінде айналадағы тұрмыстан
    балалар оңай тауып аларлықтай нәрселерді қолдану
    керек, мысалы жалаң бұршақ, емен тұқымы, шырша
    бүршігі, ұсақ тас және т.б.

  4. құралдар оңай қозғалғыш болу керек, кез-келген тәртіпте
    орналастыруға қолайлы болу керек.

Материалдар көрнекі және белсенді түрде түсіндіруге көмектесетін әдістің бірі оқылатын санды көрнекі түрде көрсету үшін алынған нәрселердің суретін салуға болады, мысалы 3 санын оқығанда жапырақгың, жалаудың, алманың суретін салу және бояу дәптермен жүмыста үсынылады.

Осындай жаттығулардың барысында мүмкіндігінше әрбір оқушының санау кезінде аталған санды ол санап жатқан нәрселерімен сәйкестендіре білетіндей етіп үйрету керек. Осы кезде балаларда көптеген нәрселерді (геометриялық фигураларды, кластағы заттарды) салыстыра білуге, сандары тең емес нәрселерді, сандары тең нәрселерге және керісінше түрлендіре білуге үйрету керек.

Мысалы, балалар дөңгелектердің үшбұрыштары санынан біреуі артық деп анықтады дейік. Мүғалім мынадай сұрақтар қояды:

Дөңгелектердің саны үшбұрыштардың санындай болу үшін не істеу керек? Үшбұрыштардың саны дөңгелектердің санындай болу үшін не істеу керек?



Балалар теңестіруде түрліше орындауға болатынын түсінулері керек.

Ал енді осы жерде, балалар әдебиетін жақсы меңгерген мүғалім, яғни әр түрлі жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар көмегімен оқыту барысында жақсы нәтижелерге ие болуы мүмкін.

Мысалы, кейбір математикалық ұғымдарды таныстыруда жүмбақ негіз етіп алынады:

Дәптеріңізді сәндетіп, Зор сан екен, байқаңыз. Мақұлдайсыз абыройменен

Әрине, бүл сан

(Бес).

Жүмбақгың жауабы табылғаннан кейін 5 саны үстінде жұмыс жүргізіледі. Мұғалім бұл санның сандық бейнесін көрсетуін,натурал сан қатарындағы 5 санының көршілес сандарын айтып беру, 5 саны қалай құралғанын және алдыңғы, кейінгі сандармен салыстырып түсіндіріп беруін сүрайды.



Тақырыпты оқып-үйренгенде мына сұрақтарға негізінен көңіл бөлінеді:

Әрбір жаңа санды шығарып алу. Бірінші ондықгың жаңа санын оқып-үйрену шамамен былай жүргізіледі: демонстрациялық және есептеу материалын, сондай-ақ оқулықтың иллюстрациясын пайдалана отырып, жаңа санды шығарып алу; берілген аралықта сонау берілген санды оның алдыңғы сандармен салыстыру (оқулықтың иллюстрациясы, санау және демонстрациялық материал пайдаланылады), цифрлармен таныстыру және цифрларды жазуға үйрету.

Қатардың көршілес жатқан сандары арасындағы қатынастарын анықтау, яғни санды салыстыруға үйрету. Сандарды салыстыру аддымен көрнекілікке сүйеніп, содан кейін санау процесі кезінде де жүргізіледі.

Мысалы: 4 пен 5 сандарын салыстыру, оқушыға бірден бастап санау ұсынылады; 1,2,3,4,5. «Алдымен қайсы санды атадың: 5 — ті ме, әлде 4 - ті ме? Демек, қайсы сан кем, қайсы сан артық?»

Балаларды 2 санды өздігінен салыстыруға және олар туралы толық айтып беруге үйрету қажет. Мысалы 5 және 6 сандарын салыстырғанда оқушылар былай айтады: «Санағанда 5 саны 6 — дан бүрын кездеседі, санауда 6 саны іле-шала айтылады. Бұл сандардың айырмашылығы бірге тең, 5-ті алу үшін 6-дан бірді шегеру керек».

Әрбір жаңа санның кұрамын құрастыру және мүмкіндігінше есте сақтау (1-ші бестіктің сандарын міндетті түрде есте сақгау). Санның құрамын игеруде мыналар карастырлады:

а) санды 2 қосылғыштан құрастыру;

б) санды 2 қосылғышка жіктеу. Мысалы, 6
тоқашты 2 тәрелкеге қалай бөліп салуға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет