Тобы: фк2б тақырыбы
5093577150856 22.05.2020 ФК2Б Педагогика
Б. Блумның бірнеше оқыту тәсілдерінің авторы. Соның бірі - «Блум кубигі». Кубиктің шетіне мына сұрақтар жазылады: • «Неге», • «Түсіндір», • «Ата», • «Ұсын», • «Ойластыр», • «Бөліс» Мұғалім(немесе оқушы) кубикті лақтырады. Оқу материалына кубиктегі тапсырмаларға сай сұрақтар дайындалады. “Ата…” деген сұрақ репродукциялық деңгейге, білімді қарапайым есте түсіруге сәйкес келеді. “Неге?…” деген сөзден басталатын сұрақ процессуальдық білімге сәйкес келеді. Оқушы бұл жағдайда себеп -салдарлық байланысты табуға, белгілі бір зат, құбылысты суреттеуге тиісті. “Түсіндір…” деген сұраққа жауап беретін оқушы ұғымдар мен прициптерді жаңа ситуацияларда қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдайларда қолданады, әдіс немесе процедураларды дұрыс қолдануды демонстрациялайды. “Ұсыныңыз…”, “Ойлан…”, “Бөліс…” оқушының ойлау қызметін белсенділендіруге бағытталған. Ол факт мен салдар арасындағы байланысты табады, мәліметтердің маңызын бағалайды, алуан түрлі ғылым салаларынан қолданады, қорытындының бар ақпараттарға сәйкестігін тексереді. Аталған сұрақтардың ішіндегі күрделісі - себеп - салдарлық байланысты табуға бағытталған сұрақтарды тұжырымдау. Одан да күрделісі “Ұсын…”, “Ойластыр…”, деген сөзден басталатын сұрақ – тапсырмалар. Мұғалім сұрақ – тапсырмалар құрастырған оқушылардың еңбегін түрліше бағалайды. Cонымен білімді меңгерудің Блум пирамидасы бойынша – 3 төменгі деңгей белгіленген: білім, түсіну, қолдану. 3 жоғары деңгей: талдау, синтез, баға жүктеу/скачать 39,89 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |