Тобы: фк2б тақырыбы


Білім мен дағдыны практикада қолдану



бет2/8
Дата15.11.2023
өлшемі39,89 Kb.
#123000
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5093577150856 22.05.2020 ФК2Б Педагогика

Білім мен дағдыны практикада қолдану
Білімді жан–жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші –білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі – жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.
Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.
Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол – оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке буындарының маңызы мен орнын білумен қатар, олардың бір–бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол – қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады
2.Таксономия (грек сөзі, taxis -орналастыру, түзу жол, тәртіп, nomos – заң) – болмыстағы ұйымдық жағынан күрделі, иерархиялық құрылымнан тұратын салаларды (органикалық дүние, география, геология, тіл, этнография нысандары) топтастыру және жүйелеу теориясы. «Таксономия» терминін өсімдіктерді топтастырған швейцария ботанигі О. Декандол ұсынған.
Америка педагогы және психологы Бенджамин Блум 1956 жылы білімдік салада бірінші рет таным жолын топтастыруға қадам жасады. «Оқу мақсаттарының таксономиясы» туралы «Стабильность и Изменение человеческих характеристик (Stability and Change in Human Characteristics) және Классификация образовательных целей(Taxonomy of Educational Objectives)» деген еңбегінде жазды. Осы тамаша жүйе педагогтардың жұмысын алгоритмдеуге көмектесті. Қазіргі оқыту практикасында оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын анықтау, өлшеу, бағалау негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Егер оқыту мақсаты білгізу, оны практикада қолдандыру болса, оқыту міндеттері «Мақсатқа қалай жылжу керек?» деген сұраққа жауап береді.Б. Блумның негізгі идеясы: мектептің маңызды міндеттерінің бірі - бала өмірде кездесетін проблеманы шешуге үйрету, алған білімдерін практикада проблемаларлы шешуге қолдандыру.Сонымен таксономияның басты принциптерінің бірі - оқушыларды проблеманы шешуге, оларды оқыту нәтижелерін бағалауға қатыстыру.
Б. Блум мен Д. Кратволь білімдік мақсатты үш салаға бөлді:
когнитивтік (бұл саладағы іскерлік, дағдылар білімге және сыни тұрғыдан ойлауға қатысты, пән мазмұнын меңгеруге қойылатын талаптар). Осы жерден алты деңгей бөлінеді. Оның мақсаты оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту. Осы мақсатқа жету үшін Блум оқу мақсаттарының негізгі категорияларын ұсынады. Олар
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде тек қана білімдік мақсатты қоюға үйрету мақсатымен қайта даярлау курстары мұғалімдерді дайындықтан өткізуде.
Психомоторлық (бұл саладағы іскерліктер құрал-жаблықтармен, құрал саймандармен жұмыс істеу қабілетін суреттейді, практикалық дағдылардың өзгерісі немесе дамуы, қозғалыс, жүйке – бұлшық іс – әрекеттерін дамыту). Аффективтік(бұл мақсат адами қатынастарымен, эмоция, сезімдермен байланысты).
Когнитивтік мақсаттың 6 түрі бар. Оның ішінде мақсаттар тағы да бөлінеді.
Егер интеллектінің әрбір түрін дамыту үшін сабақтың мақсаты білім және түсіну деп белгіленсе, онда сабақ мақсатына жетті деп есептеуге болмайды. Сондықтан Блум таксономиясында білім алушының интеллектісін танымның барлық деңгейіне қатыстыру қажеттігі дәлелденді. Мұндай интеллектіні Блум бірнеше топтарға бөледі. Олар: вербальдық-лингвистикалық интеллект, логикалық-математикалық интеллект т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет