Тобы: фк2б тақырыбы



бет1/8
Дата15.11.2023
өлшемі39,89 Kb.
#123000
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5093577150856 22.05.2020 ФК2Б Педагогика


Күні: 22.05.2020
Пәні: ПЕДАГОГИКА
ТОБЫ: ФК2Б
ТАҚЫРЫБЫ: Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану
Жоспары:



  1. Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану.

  2. Блум таксономиясы: оқу мақсатының деңгейлері; оқушының іс-әрекеті; мұғалімнің іс-әрекеті; оқушыға берілетін нұсқаулар.

1.Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозғалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады. Мотив организм белсенділігінің мүмкіндігі мен бағытын айқындайтын ішкі шиеленіс күйі ретінде анықталады. Білім берудің тиімділігі оқыту процесінде осындай ішкі шиеленістің көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан да дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға белгілі бір оқу жұмысының оқытуда оң мотивтердің көрінуіне ықпал етуі тұрғысынан ерекше мән беріледі.Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады.Оқу мотивациясын екі үлкен категорияға бөлуге болады: Оның біріншісі – оқу әрекетінің мазмұнымен және оны орындау процесімен байланысты болса, ал екіншісі – адамдардың қоршаған ортамен кең көлемдегі қатынасымен байланысты. Алғашқысына танымдық қызығушылық, зияткерлік белсенділікке ұмтылушылық және жаңа шеберлікті, дағды мен білімді меңгеру жатады
Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалымен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызға бейнелеуін түйсік деп атайды.
Білімді жан–жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау –бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың біліім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Түсіну– бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылды, дәлелденіледі және бекітіледі.Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп – білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымның қалыптасуы –өте күрделі процесс, ол – оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау – талдау /анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.Оқушыларға ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдаyуға үйретеді.Абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.
Білімді бекіту.Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше.Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс–тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.Бекітудің бұдан да басқа әдіс–тәсілдері бар. Өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет