Тобы: Тф-201 Қабылдаған: Алдажуманов Ж. К



бет2/3
Дата03.04.2023
өлшемі361,3 Kb.
#78794
1   2   3

Атом энергиясының дамуы


Біздің елімізде негізгі энергия көзі ретіндегі ресурстар көмір, мұнай, газ болып саналады. көріп отырғанымыздай бұл ресурстар сарқылатын, орнына қайтып келмейтін ресурстар болып табылады. Сондықтан энергияның басқа көздерін, яғни жаңартылған энергия көздерін игеруді ойластыру керек. Жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең тиімдісі – атом энергиясы. Атом энергиясын алу үшін уран қолданылады және бізге арзан және көп энергия береді. Себебі, 1 кг байытылған уранның беретін энергиясы 100 тонна жоғары сапалы көмірдің беретін энергиясымен бірдей. Уранды пайдалану арқылы өндірілген энергия жер бетіндегі 75-80% адамзатты қамтамасыз ете алады. Ал, бізде уранның мол қоры бар. Сонымен қатар, мұнай, газ, көмірден энергия алғанда ауаға улы заттар тарайды (парниковый эффект) , ал атом энергиясын өндіргенде ауа ластанбайды. Біздің «жасыл экономикаға» көшуімізге байланысты, бұл жағымды жағдай, сол себепті, атом энергиясын игеру керек. Мысалы, жаңартылған энергия көздерінің ішінде елімізде жел энергиясының қуаты 1500кВт, ал күн энергиясының қуаты 504 кВт қана. Жалпы, Қазақстан бойынша барланған уран қоры 817 мың. тоннаны құрайды. Уран қоры бар 6 аудан, барлығы 53 кен орны бар. 

Күшті жақ
Уран қоры бойынша 2 орын (817 мың тонна)
Жерасты сілтісіздендіру әдісі арқылы өндіруге болатын әлемдік уранның 85%-ы Қазақстанда
Отын ұнтағы мен таблеткасын шығаратын үлкен зауыт (Өскемен металлургия зауыты)
Қытай және Ресей сияқты экономикасы дамыған мемлекеттермен көршілес орналасқан

Әлсіз жақ
Қазақстанда АЭС жоқ
Уранды байытатын технологияның болмауы (Ресейдің Ангарск, Новоуральск қалаларында Ресей мен Қазақстан бірігіп уран байытып жатыр)
Уран өндірісіне шетелдік инвестициялардың уран қорындағы үлесі 58%, ал Қазақстанға 42%-ы тиесілі, ал өндірістің тек 50%-ы ғана Қазақстанға тиесілі.

Мүмкіндіктер
Әлемдік «ядролық ренессанс» болатын болса, болашағы бар ядролық отын өндіріп, АЭС салу
Вертикальды біріктірілген компаниялар бәсекелстікке өте қабілетті болуы
Атом энергетикасында берік орынды иелену

Қауіптер
Әлемдік «ядролық ренессанс» болмаса, онда вертикальды біріктірілген компаниялардың түсімі мен таза пайдасының азаю мүмкіндігі
Ядролық отын циклінде технология жағынан жоба бойынша серіктестерге тәуелділік
Артық әртараптандыру қаупі

 Біздің ел үшін атом энергиясы саласына SWOT талдау.
Атом электр станциясы Балқашта салынуы мүмкін
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің сөзіне қарағанда, Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін, кем дегенде 10 жыл уақыт керек. "Біздіңше, ол 2025 жылға қарай болады", - дейді вице-министр.
Бүгінгі жағдаймен дүниежүзінде 440 жуық атом электр станциясы жұмыс істейді. Олардың бәрі де әлемнің 30 елінде шоғырланған. 103 АЭС АҚШ-та, 59 -ы Францияда, 55-і - Жапонияда және 31-і Ресейде орналасқан. Қазір тағы да 30 реактор салынуда. Олардың басым бөлігі дамушы елдерде. Атом электр станцияларының үлесіне әлемде өндірілетін электр қуатының 16% тиеді. Жекелеген елдерде бұл көрсеткіштер айрықша айырмашылықта: Францияда ядролық электр станцияларының үлесіне елде тұтынылатын барлық электро қуатының 78%, ал Қытайда - бар-жоғы 2% тиеді. Алайда, кейінгі уақытта энергетикалық тәуелділіктің күрт өсуіне байланысты Азия елдері жаңа қуат көздерін, соның ішінде жаңа АЭС салу мүмкіндіктерін қарастыруда. Халықаралық атом энергиясы агенттігі өкілінің мәлімдеуінше, атом энергиясы - әлемдегі барлық елдердің таңдауы емес, бірақ, осы жолға жаңадан түскен елдер ядролық жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына, ал ядролық материалдардың сенімді сақталуына қол жеткізуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет