Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


 Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер



бет23/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
36. Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер.
Сарбасқурай (Гулявник немесе Софьи, Sisymbrium Sophia) Ботаникалық сипаттамасы. Сарбасқурайдың жергілікті атауы:
шырша, кудрявец, червячник.
Сарбасқурай - биіктігі 40-тан 75 см дейін жететін, сабағы бұтақтанған,
үлпілдек-сарғыш, шөптесін өсімдік. Жапырақтары екі және үш рет қанат тәрізді тармақталған, майда сызықты бөліктерден тұрады. Гүлдері ұсақ, сұрғылт-сарғыш түсті. Тұқымы қабықты дән, ұрығы өте майда, ұзынша болып келген жұмыр, пішіні көбінесе бидай дәнін еске салады, түсі жирен.
Сарбасқурай –барлық жерлерде өсетін арамшөп. Оның түрі өте көп. Көбінесе күздік егістіктерде, жол жиегінде, арамшөпті жерлерде кездеседі. Сыртқы орта әсерлеріне өте төзімді өсімдік. Көп мөлшерде ұрық салып, жаздың барлық уақытында гүлдейді. Тұқымы арқылы көбейеді.
Сарымсақты сарбасқурай (Sisymbrium alliaria) - көлеңкелі, арамшөпті жерлерде өсетін, екіжылдық өсімдік. Барлық жерлерде кездеседі. Жапырақтарынан сарымсақтың иісі қатты шығып тұрады.
Оқжапырақты сарбасқурай (sisymbrium toxo phyllum) –ТМД-ның оңтүстік және оңтүстік –батыс аймақтарында кездесетін, көпжылдық өсімдік. Сортаң, көлеңкелі жерлерде өседі.
Токсикологиясы. Сарбасқурайдың барлық түрлері улы немесе зиянды болып саналады. Сарымсақты сарбасқурай сүттің дәмін бұзатын өсімдік ретінде танылады. Ал оқжапырақты сарбасқурай өте кең зерттелген. Жылқылардың бұл өсімдіктен улануын М.А. Гусынин зерттеген. Сарбасқурайдың улы бастамасы туралы мәліметтер нақты емес. Тек қана олардың ұрықтары, пішені улы болып келетіндігі ғана белгілі.
Ауылшаруашылық малдарының сарбасқурайға сезімталдығы туралы мәліметтер де өте аз. Тек 1937жылы жылқылардың жаппай улануын зерттеген М.А. Гусинин, жылқылардың аталған өсімдікке айтарлықтай сезімтал екендігін айтады. Ал басқа жануарлардың бұл өсімдіктен улануы әлі белгісіз.
Клиниқалық белгілері. Жылқылардың сарбасқурайдан улануы жіті түрде өтеді және алғашқы белгілері шөппен азықтандырғаннан кейінгі 4-5 сағаттан соң бліне бастайды. Уланудың негізгі белгілері: тынышсыздану (бүйіріне, қарнына қарай беру, аяқтарының шалынысуы), сілекейдің көп бөлінуі, нәжісі алғашында ылғалды, кейін жартылай сұйықтануы, жалпы жағдайының күйзелуі, иық, арқа, бас бұлшықеттерінің тартылуы секілді белгілер көрінеді.
Сондай-ақ қимыл-қозғалысының бұзылғандығы анық байқалады. Жылқы бір орнынан, әсіресе артқа қарай қиын қозғалады, аяқтарын жай бүгіп, қиналып жүреді, қадам басуы қысқарады, денесінің артқы бөлігі бір жағына қарай қисайады, буындары сықырлайды. Табанын тексергенде кезде кейде ауырсынады. Барлық осындай қимыл - қозғалыстарының бұзылуы тұяқтың ревматикалық қабынулары кезіндегіндей клиниқалық көрініс
береді. Одан ары қарай (басталғаннан кейінгі 4-5 сағатта) тыныс алуы қатты бұзылады, ол жиіліп (минутына 80-ге дейін) құрсақтық дем алу түрінде білінеді. Демігудін пайда болыуна байланысты дене температурасы 39,5- 40,5oС-ге дейін көтеріледі, танау тесігі қатты кеңейіп, кілегейлі қабығы көкшіл түстеніп кетеді. Тамыр соғысы төмендеп (минутына 60-70-дейін) , тыныс алу ырғағы азаяды.
Сонымен қатар, жиі есінейді, астынғы еріні салбырайды, кісіней береді, зәрі аз бөлінеді, дене қызуы жоғарылайды.
Ауыр түрдегі улану 5-7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жануарлар жатып қалады, ал температурасы жоғары күйінде сақталады. Жеңіл түрде уланған мал 2-3 күнде жазылып кетеді (И.А. Гусинин).
Балау. Бұл уланудың тұяқтың ревматиқалық қабынуы кезіндегі белгілермен сәйкес келетіндігін міндетті түрде ескеру қажет.
Емі. Симптоматикалық.
Алдын алу шаралары. Сарбасқураймен 1%-дан аса ластанған пішенді азық рационынан алып тастау, тұқымы піскеннен кейін малдың өсімдікті тамырымен қоса жеп қоюын болдырмау сияқты шараларды ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет