Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет22/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

34. Мышьяктың токсикологиясы.
мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның
тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (OH, NH2,CH3,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метил радикалы (СН3) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.) түсу ерекшеліктеріне де байланысты.

35. Микотоксикоздар. 
Микотоксикоздар дегеніміз - жануарлар ағзасына микоз тәріздес
уытты заттардың (саңырауқұлақтар) енуі нәтижесінде пайда болатын ауылшаруашылық малының аурулары. Оларға: аспергилло-, дендрохио-, стахиоботрио- және фузариотоксикоздар жатады.
Аспергиллотоксикоздар – аспергиллюс туысына жататын (20-астам) уытты саңырауқұлақ әсерінен пайда болатын аурулар. Олар ылғалдылығы 18 ден 35 градус аралығындағы жемдерде пайда болып, афлотоксин деп аталатын уытты зат бөліп шығарады. Афлотоксиндер суда және органикалық ертінділерде жақсы ериді. Судағы ерітінділері жоғары температураға төзімсіз, күн сәулесіне төзімді. Қышқылдар мен сілтілердің әсерінен белсенділігін жояды.
Токсикологиясы. Малдың организміне ене отырып афлотоксиндер бауырдың функционалдық қызметін бүлдіреді, кейбір ферменттердің белсенділігін төмендетеді, РНК-ның метаболизмін өзгертеді, белоктардың синтезін бұзады, мүшелерді майлы және белоктық дистрофияға ұшыратады, гепатоцидтерді өліеттедіреді, канцерогенді, тератогенді және мутагенді әсер етеді.
Клиникасы. Көбінесе жылқы, шошқа және құстар уланады. Мүйізді ірі қара арасында сирек кездеседі. Алғашқы белгілері 1-3 күннен кейін байқала бастайды. Улану жіті, жітілеу және созылмалы түрде кездеседі.
Жылқыларда жүйке жүйесі зақымданып, аздаған қозу пайда болып, ол тежелу сатысына алмасады. Жем-шөптен қалады, шөлдейді. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары қызарады, ішектің перистальтикасы күшейеді, нәжіс қан және кілегейлі заттармен араласады. Температура төмендейді, тамыр соғуы және тыныс алу жиілейді, мал жатаған келеді, бұлшық еттері тартылады.
Ірі қарада алғашқы белгілер 4-6 күннен кейін пайда болады. Көз қарашығы үлкейеді, бұлшық еттері тартылады, құлақтарының ұштары,
аяқтарында, бас терілерінде өліеттенулер көрінеді, жалпы әлсірейді, кілегейлі қабықтар сарғаяды, тәбеті төмендейді, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, тремор, асқорыту және жүйке жүйесі жұмысы нашарлайды. Буаз мал іш тастайды, бұзауларда іші өтеді, тамыр соғуы және тыныс алу жиілейді.
Қойларда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, саливация, несеп бөлу жиілейді, гипотония, атония және тимпания қалыптасады, қарын ісінеді.
Шошқаларда: Жалпы қозу, атаксия, тремор, іш өту, парез секілді белгілермен қатар, ас қорыту жолының функциясы бүлінеді, құсады, салданады, тілі, қызыл иегі, желінінің, құлағының ұштары, аяқтарының, бас терісінің кейбір бөліктері өліеттенеді.
Құстарда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, айдары мен сырғалығы көгереді, іріңді некрозды ошақтар пайда болады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Кілегейлі қабықтар катаральді түрде қабынады, асқазан мен кейбір ішектердің кілегейлі қабықтары өліеттенеді. Бауыр үлкейеді, жүректе қан ұйюлар байқалады, өкпесі қызарған әрі ісінген. Миы қанға толы, паренхимотозды мүшелерде дистрофиялық өзгерістер білінеді. Бронхтар мен бронхиолалар көбіктенген, қан аралас сұйықтыққа толы.
Емдеу және алдын алу шаралары. Рационнан аспергилл штамдарымен зақымданған азықты алып алып тастау керек. Адсорбенттер, құстырғыштар, іш өткізгіштер береді. Сіресуге қарсы тері астына 2-10,0 мл, 30 пайызды магний сульфатын, глюкоза егуге болады. Дәндердің тазалығын анықтау үшін натрий хлоридімен талдау жүргізеді. 4 кг натрий хлоридін алып, оны 10 л суға ерітеді. Алынған дәндерді осы дайындалған ерітіндіге салады. Егер де қастауыш мүйізшелері бар болса, онда олар судың бетіне шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет