Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану



бет24/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

37. Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану. 
Құрамында қыша майы бар егістік қышасын және басқа да қыша туыстас өсімдіктерді гүлдеу уақытында және гүлденгеннен кейін жеу, жануарларда жіті улануды тудырады. Ал созылмалы уланулар байқалмаған.
Ірі қара мал. Шаршы гүлдері тұқымдастығына жататын өсімдіктерді тәуліктік азыққа көп мөлшерде ( 40- 50кг ) қолданған кезде, ірі қара малында өзіне тән улану белгілері байқалған. Азықтандыруды бастағаннан кейін 2-3 аптадан соң, ол гемоглобинуриялы анемия түрінде біліне бастайды. Эритроциттер мөлшері 6- 7 ден 1,5- 8 млн-ға дейін азаяды. Жануарлардың арықтап, сүті азаяды, тәлтіректеп жүреді, мес қарынның кебуі, тыныс алудың қиындауы, сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі, жіті жағдайларда - күйіс қайырудың тоқтауы, жануарлар жалпы күйзеліс жағдайында болуы, өте ауыр, қиындықпен қозғалуы, көп жату секілді белгілер байқалады. Балауса
шөпті көп мөлшерде жеген кезде жануарларда өкпесінің ісінуі мүмкін, мұндай құбылыс кезінде оларды союға мәжбүр болады.
Өкпедегі қабыну процестері сияқты, жүрек-қан тамырлар жүйесінде де өзгерістер байқалады. Дене температурасы көтеріледі. Мұрын және ауыз қуыстарынан сарғыш түсті көбікті сұйықтық бөлінеді.
Кейде күйіс қайыратын жануарларда қышамен азықтандыру кезінде, ас қорыту жолдарының қызметі бұзылады.
Жүйке жүйелерінің зақымдану белгілері ретінде соқырлықты және қатты қозуды байқауға болады. Зәрінде көбік пайда болып, құрамынан қанды көруге болады. Ағзада қанның азаюы жануарларды өлімге ұшыратуы мүмкін. Бұл өсімдікпен малдарды жиі азықтандыру кілегейлі қабықтарды сарғайтып, фотосенсибилизация белгілерін көрсетуі мүмкін. Бұл аурудың патогенезі әлі анықталмаған.
Ауру азықта фосфордың жетіспеуіне байланысты деген көзқарастар бар.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ірі қара және жылқыларды сойып зерттеу кезінде, біріншіден мұрын қуыстарынан көп мөлшерде ақшыл сарғыш түсті көбікті сүйықтықтықты көруге болады. Асқазанның, ішектердің кілегейлі қабықтары гиперемияға үшыраған. Бауыры ұлғайып, өліеттену ошақтары пайда болған.
Құрсақ қуысында қышаның иісі бар, ақшыл түсті сүйық кездеседі. Бүйректерінде, қуығында қара түсті зәр қақтары тұрып қалады. Мүрын қуысы, трахея және бронхтарға көбікті сүйық толып, өкпенің көлемі үлғайып, шеттері доғалданып кетеді.
Жүрек бұлшықеті солғын тартып, оң жақ жүрекше ұлғаяды және қабырғалары жүқарып кетеді. Эндокард астындағы қарыншаларға қан толып, қаны нашар ұйығыш, гемолизденгіш келеді. Венозды іркілдек анық байқалады.
Ірі қара малда ішек- қарын жолдарында қабыну процесінің белгілері анық байқалады. Қандағы гемолиз және өкпедегі өзгерістер әлсіз көрінеді.
Балау. Қышамен және басқада осы топтағы өсімдіктермен жануарлардың улануының диогностикасы клиникалық белгілеріне байланысты. Алайда улануды тудыратын өсімдіктің түрін анықтау үшін міндетті түрде азықты ботаникалық зерттейді, өйткені уланудың клиникалық белгілері шаршы гүлдер тұқымдасына жататын кез- келген өсімдікпен сәйкес келеді. Балау кезінде ірі және ұсақ малдардың улануы кезіндегі іш өтулер, дене температурасының көтерілуі және қозулар ескеріледі. Сонымен қатар, оларда анемия және гемоглобинурия анық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет