Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Қандай жағдайда потологиялық материялдарды химикотоксикологиялық талдауға жібереді



бет36/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

60. Қандай жағдайда потологиялық материялдарды химикотоксикологиялық талдауға жібереді.
61. Жануарлар фосфорорганикалық пестицидтерден уланғанда химикотоксикологиялық талдауға нені жібереді.?
Фосфорорганикалық қосылысты пестицидтермен (ФОҚП) улан
ФОҚП инсектофунгицидтер ретінде мақта, дән, жеміс ағаштарының, шөптердің т.б. зиянкестеріне қарсы қолданады. Бұл қосылыстар қоршаған ортада, өсімдіктерде, топырақ пен суда тұрақсыз, 1 айдың ішінде ыдырап бөлінеді және азық - түлік өнімдерін термикалық өңдеуде, яғни жоғарғы температурада жойылады. ФОҚП тері арқылы оңай кіреді, сонымен қатар ингаляциялық жол арқылы енеді. Химиялық құрылымы бойынша бұл қосылыстар фосфорлы, тио- және дитиофосфорлы, фосфан қышқылының эфирлері: байтекс, битифос, карбофос, метафос, хлорофос болып табылады. Патогенезі. Бұл топтың қосылыстары политропты әсер етіп, көбінесе орталық нерв жүйесі мен паренхиматозлы ағзаларды (бауыр, бүйрек, көкбауыр, жүрек, өкпе) зақымдайды. ФОҚП холинэстеразаларға ферментін тежеп, нерв жүйесінің медиаторы ацетилхолинді жинайды, бұл нерв жасушалары мен ганглионарлы синапс арқылы нерв қозуының берілуін, тіндік тыныс алуын бұзады, осының нәтижесінде улану көріністері байқалады. ФОҚ - мен уланудың негізгі симптомдары ацетилхолиннің орталыққа әсері мен мускарин тәрізді парасимпатикалық әсеріне (құсу, лоқсу, іштің өтуі, кеуденің қысылуы, тершеңдік, брадикардия, көз қарашығының тарылуы, ішек, қуық, бронхтардың бұлшықеттерінің жиырылуы, көз, сілекей, бронх бездері секрециясының белсенділігі) байлансыты. Осымен қатар ФОҚ-дың никотин тәрізді әсерінің болуы тән: постганглионарлы талшықта импульстің берілуі бұзылады, осыдан көз, тіл, мойын, бет бұлшықеттерінің тартылуы - дірілдеуі және жалпы дененің гиперкинезиялары байқалады. Ацетилхолиннің орталыққа әсері ми қыртысына, сопақша миға токсикалық әсерімен сипатталады (бастың ауыруы, ұйқысының бұзылуы, қозу, психикасының бұзылуы, есін білмей тоникалы - клоникалық құрысулар, салданулар, сопақша мидағы өмірге қажетті орталықтардың тежелуі).
Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу
Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады. Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ.
Тексеруге жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, ұсақ жануарларды (мысық, қоян, құстар, теңіз шошқасы) соймай-ақ, тұтас күйінде жіберуге болады. Ал үлкен малдардың мүшелерінің (бауыр,көк бауыр,өкпе және ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысынан 250-500г сынама алынады, жүрек және бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай, ал ми мен жұлыннан бірнеше кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су қалдықтарында да улы затқа деген күдік болса, әрқайсысынан 1 кг сынама алып, тексеруге жібереді. Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кг немесе г), түсі, иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер жазылуы тиіс.
Зертханаға түскен зерзаттар 3 топқа бөлінеді: 1-бөлік-тексеруге қолданылады. 2-бөлік-қосымша ретінде.
3-бөлік-мөрленіп, сақтауға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет