Төнкер А. 1, Болат А


Образ произведений Джека Лондона в казакском языке



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.12.2023
өлшемі1,05 Mb.
#141027
1   2   3   4   5   6
Образ произведений Джека Лондона в казакском языке
В данной статье рассматриваются вопросы перевода произведений Джека Лондона 
на казахский язык. Авторы анализируют варианты переводов, предложенные казахскими 
переводчиками, и показывает переводческую эквивалентность в тексте. Так же авторы выделяют 
особенности в произведении и сопоставляют и оценивают смысловую точность перевода.
Ключевые слова:
перевод, переводческая эквивалентность, целевой текст, свободный 
перевод, дух работы.
Кіріспе
Америка жазушысы Джек Лондон шығарма-
ларының ішіндегі таңдамалы туындыларының 
барлығы дерлік қазақ тіліне кеңінен аударылып 
жеткен. Жалпы айтқанда Джек Лондон қарымды 
қаламгер ретінде америка әдебиетінен ғана емес 
әлем әдебиетінен өз орнын ойып турып алған 
жазушы. Олай дейтінімізі Максим Горькийдің 
Джек Лондонды «Америка халқының рухани 
атасы» – деп берілген әділ бағасы (Сырымова, 
2015:208) айқын куә! Сонымен қатар «Теңіз 
көкжалы», «Мартин иден», «Меңіреу мұнар», 
«Мың дожна», «Күндік тұрақ», «Мексикалық» 
тағы басқа әңгімелері әлемнің көптеген тілдеріне 
аударылып, дүние жүзі оқырмандарынан жоғары 


Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
276
Джек Лондон шығармаларының қазақ тіліндегі көріністері
бағасына ие болған. Ол өмірден ерте өткен 
қаламгер. Деседе артына қалдырған туындыла
-
ры оның есімін әлі күнге дейін өлтірген емес. 
Жазушы көзі тірісінде оның 44 еңбегі жарыққа 
шыққан. Олар: романдар, повестер, мақалалар, 
әңгімелер, пьесалар және репортаждар. Ал кейін 
алты жинағы дүние салғаннан кейін жарық 
көрген. Жалпы айтқанда Лондонның қысқа 
ғұмырында елуге жуық шығармалары жарық 
көрген (Жұмаш, 2016: 389). 
Көптеген ұлы тұлғалардың өткен өмір бая
-
нына көз тастасақ, барлығы дерлік өмірдің мұң-
мұқтажын көріп, қиындығы мен ашаршылығын 
бастан кешіргендігін көптеп кездестіреміз. Әрине 
шынай өмір белестерден, қиындықтардан тұрмақ. 
Өмір тауқыметі өз шәкірттерін өзі шыңдаса ке
-
рек. Кішкентай Джек те сол белестен шыңдалып 
шыққан. «Табиғатында үлкен дарын иесі, 
көкірегіндегі ашу ызаны сыртқа шығаруға құлаш 
ұрды. Дүниедегі зұлымдық, әділетсіздік, алдау 
мен арбау – Джектің алғаш рет қалам серпуіне 
түрткі болды» (Жұмаш, 2016: 390). Джек Лондон
-
ды қазақ тілінде сөй лет кен аудармашыларға келер 
болсақ, көрнекті қайрат кер, ұлы жазушы Мұхтар 
Ауезов «Қасқыр», Ж. Аймауытов «Теңіздей теле
-
гей» туындыларын аударса, Абайдың шәкірттері 
Т. Абайұлы «Баланың ерлігі», «Күштілердің 
күші», С. Нұғы мен «Өмірге құштарлық», «Кіш 
туралы аңыз», Әшімхан Дидахметұлы «Теңіз 
қорқауы» романы, «Тектік сарын» повесін, 7 
әңгімесін, Б. Ома ров «Меңіреу мұнар», С. Оспанов 
«Кіш туралы әңгіме» -аударылған. Жазушының 
туындыларының көбісі орыс тіліндегі тәржіма 
нұсқасынан аударылған деген дерек басым. 
Солардың ішінде С. Нұғыман аудармасы тікелей 
ағылшын тілінен аударылған деп атап көрсеткен 
(Омаров, 2015: 238).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет