Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
278
Джек Лондон шығармаларының қазақ тіліндегі көріністері
сөз саптауы да өте оралымды екенін байқауға
болады.
Мысалы:
– «Well, Cooky?» he began, with a suaveness
that was cold and of the temper of steel.
– О, сүйікті кок? – деді ол еркелеткен болып,
бірақ даусы ызғарлы да зілді естілді
– «Yes, sir,» the cook eagerly interpolated,
with appeasing and apologetic servility.
– Иә, менмін, сэр! – деп, кок жарамсақтана
қалды.
– «Don’t you think you’ve stretched that neck
of yours just about enough?
–
Сен болсаң, айтшы, абайсызда мойнымды
үзіп алам деп қорықпайсың ба сен?
Аударма мәтіні орыс тілінен сатылы аударма
жасалынған себепті сол мәтіннің ықпалы көбірек
басым. Едәуір қысқартылып, жинақталып ау-
дарылған. Бірақ мағыналық тұрғыдан еш қан дай
алшақтық пен асыра сілтеушілік байқалынбайды.
Оған негіз ретінде мәтінді қайта бер рет аударма
жасап көрсек.
– «Yes, sir,» the cook eagerly interpolated, with
appeasing and apologetic servility» – Түпнұсқа
тілінен тікелей аударғанда:
– «Иә Сэр! – деп Кок әлсіз әрі бейкүнә бей
-
немен жарамсақтана қалды» – деп аударылған
болар еді.
Келесі жолында: «Don’t you think you’ve
stretched that neck of yours just about enough?
– «Созылған мойның өзіне артық болып жүр
деп ойламайсың ба?» – делінген. Бірақ автор
стилін беруде жоғарыдағы Ә. Дидахмет аударма
нұсқасы әлде қайда шығарма желісі мен ондағы
кейіпкерлердің бітіи болмысын аша білген
деп айтуға болады. Түпнұсқа болмысы жақсы
сақталған.
Қорыта айтқанда «Теңіз қорқауы»
романы
адам бойындағы жақсы ен жаман қасиеттерді
және оған әсер ететін факторларды көрсеткен.
Джек Лондон мейлі адамды, мейлі итті,
қасқырды сипаттаса да ең бірінші планға рух
-
ты шығарады. Жоғары да атап айтқандай Джек
Лондон шығармалар желісінің бірі болып та
-
былатын мақұлық иелерінің бірі – ит. Осы жеті
қазынаның бірі болып саналатын ит образын
«Тектік сарын» – деп аталатын повесінде ерек
-
ше ашып көрсеткен.
Повесте басты кейіпкер
адам емес, адамға адал қызмет атқаратын
Бекс есімді ит. Шығарма желісінде бекзаттық
күйден айырылып, «аюға намаз үйреткен таяқ»-
дегендей салтанат құрған бөтен ортада, қолдан
қолға сатылып, ауыр тұрмысқа тап болып,
ортаға бейімделуі, өзін өзі табуы, үйірін табуы,
тағылануы сынды Бектің жағдайы суреттеледі
[london.sonoma.edu]. Повест ағылшын тілінде
«Call of the Wild» – деп аталады. Тақырыбы ке
-
лер болсақ сөзбе сөз аударғанда «Жабайдың
үні» деген мағынаға саяды. Бірақ аудармашы
толықтай шығарма негізіне бейімдеген. Аудар
-
машы тақырыбын «Тектік сарын» –
деп беруі
де шығарма желісі мен автор стилін беруге аса
мән бергендігін байқауға болады. «Сарын» қазақ
тілінде «әуен», «ырғақ», «үн», «қисын» деген
баламалары туынды тіліндегі «call» – сөзімен
эквивалентті болып келеді.
Ал «wild» – әдетте «жабайы», «дала», «адам
қолы тиіп бүлінбеген, жаратылыс күйіндегі
ұғымды біілдіреді. «Wild» – сөзінің баламас
ретінде аудармашы «тектік» -деп әдеби тілде
толыққанды, көркемдік бояуы анық, қазақ
мәдениеті мен дүние танымына жақын етіп бере
білген деп айтуға болады. Қазақ тіліне Мәдениет
министірлігінің «Мемлекеттік
тіл немесе басқа
да тілдерін дамыту бағдарламасы» аясында 2011
жылы Астана қаласында «Аударма» баспасынан
Д. Әшімханұлының орыс тілінен жасалынған са
-
тылы аударма арқылы келіп жетті.
Вэк Колифорнияның Санта клара жаға-
лауында бақташы ит және қарауылшы еді. Онда
оның өмірі өзіне жайлы, бейбіт күндерде бейғам
өмір сүретін.
Канаданың Клондике ауданында алтын
табылуына байланысты күші мығым, жақсы
иттерді шегуге сұраныс түсіп, шана сүйреуге,
жүк тасымалдауға пайдалана бастады. Вэкта
ол топқа барымталанып ит сатушылар қолына
түседі. Оны таяқпен ұрып соғып солтүстік Клон
-
дикеге әкетеді. Вэк өзін және маңайындағы
иттерді соншалықты ұрып соғып азаппен қинап
жатқан өмірін кейде түсіне
алмай таңданумен,
тіптен иттердің өлі денесін көргенде ашыныпта
үлгерді.
Ол зорлықпен келген жаңа өміріне үйлесе
алмады, үйлесуге де келмейтін тірлік еді.
Қатыгездік пен азапты өмірдің бір қыры бейне
-
лене келе, еркіндік ұғымы тек адамға ғана тән
емес жалпы жаратылыстың барлығына ортақ
екендігініңде бір қыры бейнеленеді. Ендеше ау
-
дарма мәтініне аздап тоқтала кетелік.
– No lazy, sun-kissed life was this, with nothing
to do but loaf and be bored.
– Оңтүстік түкпіріндегі не істерін білмей
зерігетін мамыражай, марғау тірлігі көзден бұл-
бұл ұшты.
Түснұсқада «көзден бұл бұл ұшты» деген
сөз жоқ. Бірақ қазақ тіліндегі мағынасы «жоқ
болды, ғайып болды» деген ұғымды білдіретіні
баршамызға аян. – Түпнұсқадағы «No» cөзінің