Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
276
Джек Лондон шығармаларының қазақ тіліндегі көріністері
бағасына ие болған. Ол өмірден ерте өткен
қаламгер. Деседе
артына қалдырған туындыла
-
ры оның есімін әлі күнге дейін өлтірген емес.
Жазушы көзі тірісінде оның 44 еңбегі жарыққа
шыққан. Олар: романдар, повестер, мақалалар,
әңгімелер, пьесалар және репортаждар. Ал кейін
алты жинағы дүние
салғаннан кейін жарық
көрген. Жалпы айтқанда Лондонның қысқа
ғұмырында елуге жуық шығармалары жарық
көрген (Жұмаш, 2016: 389).
Көптеген ұлы тұлғалардың өткен өмір бая
-
нына көз тастасақ, барлығы дерлік өмірдің мұң-
мұқтажын көріп,
қиындығы мен ашаршылығын
бастан кешіргендігін көптеп кездестіреміз. Әрине
шынай өмір белестерден, қиындықтардан тұрмақ.
Өмір тауқыметі өз шәкірттерін өзі шыңдаса ке
-
рек. Кішкентай Джек те сол белестен шыңдалып
шыққан. «Табиғатында үлкен дарын иесі,
көкірегіндегі ашу ызаны сыртқа шығаруға құлаш
ұрды. Дүниедегі зұлымдық,
әділетсіздік, алдау
мен арбау – Джектің алғаш рет қалам серпуіне
түрткі болды» (Жұмаш, 2016: 390). Джек Лондон
-
ды қазақ тілінде сөй лет кен аудармашыларға келер
болсақ, көрнекті қайрат кер, ұлы жазушы Мұхтар
Ауезов «Қасқыр», Ж. Аймауытов «Теңіздей теле
-
гей» туындыларын аударса, Абайдың шәкірттері
Т. Абайұлы «Баланың ерлігі», «Күштілердің
күші», С. Нұғы мен «Өмірге құштарлық», «Кіш
туралы аңыз», Әшімхан Дидахметұлы «Теңіз
қорқауы» романы, «Тектік сарын» повесін, 7
әңгімесін, Б. Ома ров «Меңіреу мұнар», С. Оспанов
«Кіш туралы әңгіме» -аударылған. Жазушының
туындыларының көбісі
орыс тіліндегі тәржіма
нұсқасынан аударылған деген дерек басым.
Солардың ішінде С. Нұғыман аудармасы тікелей
ағылшын тілінен аударылған деп атап көрсеткен
(Омаров, 2015: 238).
Достарыңызбен бөлісу: