Жаңа сабақты түсіндіру
Қандай соғыс болмасын халықтың жағдайын, елдің тұрмыс тіршілігін қиындатып, ушықтырып жібеоеді. Сондай-ақ санитарлық жағдайда күрт нашарлап кетеді. Әртүрлі індет ошақтары ашылып, жан-жаққа тарауы мүмкін. Оған тарихта болған әртүрлі соғыстар куә. Көптеген індеттердің тарауына себепкер болған. Соның ішінде, бактериологиялық қару қолданған жағдайда тұрғындардың арасында тікелей, жаппай жұқпалы аурулар, үлкен індетке айналады.
Сондықтан, АҚМҚ-нің негізгі міндеті тұрғындардың арасында жұқпалы аурулардың жаппай тарауына мүмкіндік бермей, оның алдын алу, індетке қарсы шараларды жүргізу болып табылады.
Соғыс жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйдің нашарлауына м ына төмендегі жағдайлар әсер етеді:
тұрғындардың бір жерге шоғырлануы, тамақтанудың нашарлауы, монша, басқа да жуыну-шайыну орындарының бұзылуы;
су құбырларының, қалдық-шайынды су тасымалдау құбырларының жарылуы, ауыз судың ластануы, су тапшылығы;
емдеу мекемелерінің індетке қарсы күресу мекемелерінің бұзылуы, істен шығуы;
тұрғындардың арасында жаппай індеттердің таралуы, адамдардың өлімге ұшырауы, зақым шегуі;
жан-жануарлардың арасында шығынның көп болуы, жұқпалы аурулардың атрауы;
азық-түлік, ауыз су, киім кешектердің радиоактивті, улы, бастериологиялық заттармен зарарсыздануы;
ионды сәленің, улы заттың, жұқпалы аурудың әсерлерінің арқасында адамдардың иммунитеті нашарлауы, әлсіреуі мүмкін.
Осындай санитарлық жағдайдың күрт нашарлауы, басқа да келеңсіз жағдайлар АҚМҚ-нің жалпы жұмыс көлемін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |