Топография ірі масштабта карта жасау мақсатында жергілікті жерді географиялық және геометриялық зерттеу әдістерін дамытатын ғылым



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі456,66 Kb.
#118509
1   2
Байланысты:
топография реферат

<< Пейртингер >> жол картасы.

Топография мен геодезияның келесі даму кезеңі Еуропада XVI – XVIII ғасырларда ірі мемлекеттер пайда болумен және шаруашылық пен сауданың дамуына байланысты. Осыған орай территориялардың толықтырылған түрдегі карталары жасалынды. Бұл түсірістер қарапайым аспаптармен жасалынған – компас, жіп немесе өлшеуіш-дөңгелек. Ара қашықтар мен бұрылыстардың бұрыштары тек ғана жолдармен жүргізілген, ал жергілікті жерді қоршаған объектілер көз мөлшерімен түсірілген.


XVII ғасыр геодезия үшін өте маңызды болды. Себебі, 1609 жылы италияндық астроном Г.Галилей геодезиялық бұрыш өлшеу және ара қашықтықты өлшеу аспаптардың негізгі бөлігін – астрономиялық көру дүрбісін ойлап тапты. 1616 жылы голландық Снеллиус өзі ойлап тапқан триангуляция тәсілімен алғашқы градустық өлшеулерді жүргізді.
XV – XVIII ғасырларда топография мен геодезияға аса маңызды көптеген картографиялық жұмыстар жүргізілген. Жер бетінің ұсақ масштабты карталары, глобустар, атластары жасалынған. Жердің пішіні шар тәріздес екендігі дәлелденді. 1740 жылы Ц.Кассини Франция территориясы үшін триангуляцияның тіреу пунктер желісін жасау жұмыстарын бастады. Жасалынған желісі негізінде Францияның бүкіл территориясына 1:86400 масштабтағы мензулалық түсіріс жүргізіліп 1789 жылы аяқталды. Бұл түсіріс негізінде 1815 жылы топографиялық карталары жарық көрді.
Триангуляция барысында аумақ бойынша үшбұрыштар қатарын жүргізеді, олардың жергілікті жерде бекітіліген шыңдары, геодезиялық желісінің нүктелері болып табылады. Триангуляцияны пайдалану топографиялық карталардың дәлдігін көтерді. Мұндай тәжірибе барлық еуропалық елдер бойынша тарады. Мұндай карталар алғаш рет әскери мақсатта пайдаланылды. Осындай карталардың қажеттілігі көптеген еуропалық елдерде мемлекеттік картографиялы-геодезиялық мекемелердің пайда болуына алып келді. Осының салдарынан еуропалық мемлекеттерде топографиялық карталар шыға бастады. Бұл карталарда жер бедері пішіні штрих тәсілімен көрсетілген, яғни жер бедерінің элементтері толық көрсетілмеген, әсіресе беткейлердің еңкістігі, жер бетінің абсолюттік биіктіктері. Бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысында жер бедері пішіндері изогипс немесе горизонталдар арқылы көрсетумен шешілген.



Топография және геодезия ғылымдарының Ресейдегі дамуы Қазақстан үшін аса маңызды болды. Ресейдегі топография мен геодезияның дамуы XVII ғасырда «Мәскеу мемлекетінің Үлкен сызбасы» деген еңбектен басталады десек қателеспейміз. Осы ғасырда орыс патшаларының шығыс жерлерді басып алу саясаты, территориялық карталардың дамуына алып келеді. 1667 жылы Тобыл әкімі П.Годунов Сібір картасын жасап шығады. 1701 жылы Семен Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» атты 23 картадан тұратын алғашқы орыс географиялық атласы шығады. Бұл карталардың маңыздылығы олардың масштабында. Басым бөлігі ірі масштабты, қазіргі топографиялық карталардың масштабына сәйкес келеді (1:200 000-тан 1:400 000 дейін). 1701 жылы І Петрдің бұйрығымен Мәскеу қаласында алғашқы математикалық-навигациялық мектеп ашылады. Бұл мектепте геодезисттерді дайындаған. 1715 жылы сол кездегі Ресей империясының батыс облыстарында топографиялық түсіру жұмыстары басталады. Нәтижесінде 1:21000-нан бастап 1:84000 масштабқа дейінгі топографиялық карталар жарық көрді. Топография мен геодезия ғылымдары даму үшін аса маңызды болған Географиялық департамент 1739 жылы ашылған. Соның нәтижесінде геодезия бойынша алғашқы С.К.Котельниковтың «Жас геодет немесе геодезияның алғашқы негіздері» деген геодезия бойынша оқулығы жарық көрді.


1779 жылы Мәскеу қаласында Межа мектебі, жер өлшеуіш мамандарды дайындайтын оқу орны ашылды.
1797 жылы карталар Депосы ашылады, кейін 1812 жылы Әскери-топографиялық депо деп аталады, 1822 жылдан бастап әскери топографтар корпусына айналады.
1845 жылы А.П. Болотов «Геодезияның жоғары және алғашқы курсы» деген оқулық жариялайды.
Кеңес үкіметі кезінде топография мен геодезия дамудың жаңа кезеңі басталады. Ол 1919 жылы 15 наурызда «Геодезия мен картографияның бас басқармасы» құру туралы декретке В.И. Лениннің қол қоюынан басталады. Басқарманың алғашқы шараларының бірі бұрынғы орыс өлшемдерде берілген картографиялық материалдарды халықаралық метрикалық жүйеге келтіру болды. 1923 жылы барлық топографиялық карталар үшін метрмен көрсететін масштабтар бекітілді. Осы жылдары
топографиялық түсіру жұмыстары негізіне аэрофототопографиялық түсіру әдістері енгізілді.
1920-шы жылдары Ф.Н.Красовский мемлекеттік геодезиялық желісін дамыту бағдарламасын жасап шықты.
1945 жылы масштабы 1:1000000 мемлекеттік топографиялық карта жасау жұмыстары аяқталды. Ал 1950-шы жылдарының ортасында КСРО территориясының 1:100000 масштабтағы топографиялық карталары жасалынған.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жаңа геодезиялық инструменттер, аэрофототопографиялық әдістердің қарқынды дамуы КСРО территориясының басым бөлігіне 1:25000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді.
1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдар жасалды.
Қазақстандағы топография мен геодезияның, сонымен қатар картографияның дамуы 1945 жылы Қазақ аэрогеодезиялық мекемесі және Семей қаласындағы топографиялық техникумның пайда болуынан басталады. Қазақ аэрогеодезиясы 50-шы жалдарға дейін Қазақстан территориясына масштабы 1:100000 топографиялық карталарын жасап шықты. Кейін 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық карталарын жасау жұмыстарын жалғастырды.
Жаңа технологиялар, ғарыштық түсірістің дамуы топография мен геодезия ғылымдарын жоғарғы деңгейге көтерді. Бүгінгі таңда ғарыштан түсіру, GPS арқылы кез келген нүктенің географиялық координаттарын, биіктіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Электрондық геодезиялық iинструменттер пайда болған соң топографиялық және геодезиялық түсірістердің дәлдігі аса маңызды өсті.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстандағы мекемелер негізінде Қазақстанның геодезия және картографияның бас басқармасы ұйымдастырылды, кейін бұл басқарма Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігіне өтті. Жаңа карталарды шығару міндеті «Картография» деген мемлекеттік мекемеге, ал 2002 жылы маусым айының 6 жұлдызынан «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына» өтті. 2002 жылы 3 шілдеде «Геодезия және картография туралы» деген заң қабылданды. Осы жылдан бастап Қазақ ұлттық университетінің география факультетінде инженер-картограф мамандарын дайындап бастады.

Қорытынды


Қазіргі уақытта геодезия мен топография ғылымы өте жақсы дамыған десекте болады.


i


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет