Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет10/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
7. Нейроәсер етуші ҚЗ.
Токсиндердің ботулиникалық әсері нервтік-бұлшық белсенділігінің бұзылуы салдарынан паралитикалық белгілер байқалады.
Ботулотоксиндермен азық-түлік арқылы улану кезінде жасырын әсер ету кезеңі болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы дозаның шамасына қарай токсиндермен уланған кезде бірнеше сағатқа, уланған азық-түлік қолданған жағдайда 2-3 тәулікке дейін созылады.
Улану белгілері: әлсіздік белгісі, шаршау, жүрек айну, содан соң құсады. 3-4 сағаттан соң – бас айналу, көз қарашығы ұлғаяды да, сыртқы тітіркендіргіштер әсер етпейді. Уланған адам жан-жағын тұмандағыдай көреді, көз алдындағы зат қосарланып кеткен сезім пайда болады. Олан кейінгі сезімдер түкірік және тер бөліну қызметтерінің тежелуімен жалғасады. Тері құрғақтанып кетеді, ауыз қуысы құрғап, шөлдейді, асқазан қатты ауырады. Тамақ пен су жұту қиындайды: жұту бұлшық етінің параличі туындайды. Сөйлеуі түсініксізденеді. Дауыс әлсірейді. Кей жағдайда тыныс алу қиындап, діріл пайда болады. Өмірмен үйлеспейтін мөлшер алған жағдайда тыныс алу бұлшық еттерінің және жүрек бұлшық еттерінің параличі салдарынан бірнеше тәуліктен соң адам өледі.
Стафилококтік энтеротоксин организмге тыныс алу мүшелері, асқазан-ішек жолдары және жарақат алған дене арқылы түседі.
РG улану белгілері азық-түлікпен улану белгілеріне ұқсас. Кенеттен басталып, жасырын әсер ету кезеңі аса жылдамдықпен (30 минуттан 6 сағатқа дейін) жүреді.
Бастапқы белгілері – түкіріктің қатты бөлінуі, жүрек айну және құсу. Одан соң іш қатты бүріп аурып, үздіксіз қан бөлініп іш өтеді. Бұл белгілер әлсіздікпен ұласады, қан қысымы көтеріледі, дене қызуы түсіп кетеді, ОНЖ қызметі әлсірейді де 24 сағаттан соң басылады.
Бұндай улану кезінде адамның өлімге душар болу жағдайы сирек кездеседі, қатты науқаспен ауыратын, әлсізденген адамдарда, қатты мөлшерде уланған жағдайда болуы мүмкін.
ҚЗ организмге енуінің негізгі жолдары:
1.Ингаляциялық жолмен (лат. inhalatym – тыныс алу).
2. Резорбтивтік (лат. resorbio - жұту).
3. Пероральдық (лат. peroralis – через рот).
4. Жарақат алу жағдайында улану.
ҚЗ денеге тиген жағдайда ҚЗ дене арқылы теріден қанға өиткен жағдайдан басқа кездерде денеге улы заттың тиген жері тітіркеніп, қызарып кетеді, күлбіреп, ойық жаралар пайда болады, бұл құбылыстар кейде қатты аурулармен жалғасады. Кейбір ҚЗ организмге жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді, әсіресе көздің қабығы мен тыныс алу мүшелерінің шырышты қабықшасы тітіркенеді.
ҚЗ қолданылу уақытындағы жағдайы әскери жағдай деп аталалады. Қаты және сұйық күйдегі ҚЗ бытыраңқылық күйіне байланысты болды.
ҚЗ әскери жағдайының күйлері мынадай болды:
1. Бу құрушы - ҚЗ атмосферада бу және газ түрінде болды;
2 Аэрозольдық - қатты және сұйық ҚЗ түрлі өлшемдегі: 10мкм дейінгі ұсақ бөлшектер түрінде (тұман, түтін) ұшып жүреді, 10 мкм диаметрлі ірі бөлшектер;
3. сұйық тамшы күйіндегі ҚЗ
ҚЗ әсеріне ұшыраған аумақтағы адамдар, жануарлар, құрылыстар мен өсімдіктер және т.б. химиялық зақымдану ошағы деп аталады. Оларды шартты түрде екі түрге бөледі:
- жердің беткі қабатының тікелей зақымдану аумағы химиялық қару қолданылған орындарда құрылады. Химиялық қарудың жарылған кезде ҚЗ буы мен аэрозольдар құрылады, олар зақымдалған ауаның алғашқы бұлтын құрады;
- ҚЗ буы мен аэрозольдары жел бағытына қарай таралады. Зақымдалған ауаның бірінші бұлты басқа аумақтарға қарай қозғалады. Тікелей зақымдалу аумағында сұйық тамшыдағы ҚЗ булана отырып зақымдалған ауаның екінші бұлтын құрады.
Зақымдалған ауаның таралу аумағы тікелей зақымдалу аумағынан көп есе артық болады.
Химиялық зақымдану ошағының өлшемі мен тұрақтылығы ҚЗ қолданылу мөлшері мен тәсіліне, метеорологиялық жағдайларға, ауа температурасына, жергілікті релефке, жыл мезгілі мен тәуліктің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Химиялық зақымдану ошағы концентрация, зақымдалу тығыздығы және оның сақталу төзімділігіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет