6. Психогендік әсер ететін ҚЗ.
ВZ (би-зет) заты организмге ингаляциялық, пероральдық, венозно-артериалдық жолмен түседі. Өлімге душар ететін жағдай көбіне кездеспейді, бұл жағдай тек кәрі адамдарда және балалар мен тыныс жолдары ауыратындарда болуы мүмкін.
Улану белгілері көз қарашықтарының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, ауыз қуысының құрғауы, бұлшық еттердің әлсіреуі сияқты белгілермен байқалады. 30-60 минуттан соң көру, есте сақтау қабілеті нашарлап, сыртқа тітіркендіргіштерге әсер ету рефлексі нашарлайды. Уланған адам тірек қабылетін жоғалтады, психомоторлық ауытқулар байқалады, бұл құбылыстан соң галлюцинация болады. Қоршаған ортамен байланыс жоғалып, уланған адам шынайылықты ажырата алмайды. Негативизм туындайды: уланған адам жағдайға тиісті әрекеттерге қарсы әрекеттер жасайды. бұл кездерде оның ашуланшақ күйге енуі де мүмкін. Ақыл-естің бұзылу салдарынан ессіздіктің болуы немесе есте сақтау қабылеті жоғалуы ықтимал. Уланудың кей белгілері 5 тәулікке дейін сақталуы мүмкін.
LSД – оның әсері асқазанға аэрозолдар тыныс алудан соң түскеннен кейін, денедегі жара арқылы, тері астына енуден кейін туындайды. LSД уланудың үш кезеңі бар:
1) бастапқы; 2)психоз кезеңі және 3) соңғы кезең.
Бастапқы кезеңде ең алдымен жағымсыз түсініксіз әсерлер пайда болады. LSД организмге түскеннен соң 15-20 минуттан соң шаршау, қысылу, мазасыздану, бас айналу, бас ауру, жүрек тұсының ауруы, қолдың басы салқындап, дірілдеуі мүмкін. Бір мезгілде әртіүрлі вегатативтік ауытқулар: терінің қызаруы, бозғалттануы, тершеңдік, жас пен сілекей бөлінудің күшеюі, жүрек айну құбылыстары байқалады. Көз қарашығы ұлғайып, тіл күрмеледі, пульс жиілейді, тыныс сирейді, қозғалыс үйлесімділігі жоғалады, бастапқы кезеңнің ұзақтығы 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Психоз кезеңіндегі психикалық ауытқулар әр түрлі басталады: кейбіреулерінде мазасыздық, депрессия, басқаларында бос себепсіз күлкіге ұласатын эйфория байқалады. Уланған адам сылбыр немесе шамадан тыс белсенділік күйге түседі. Қоршаған орта шынайлығын жоғалтады. Көру, есту, сезіну шынайылығын жоғалтады. Синестезия (қабылдаудың алжасуы – дыбысты, түсті, иісті, музыка дыбысын есту). Психоз кезеңінде біреу ізіне түсіп, аңдып жүргендей сезім пайда болады, қоршаған ортаға жаугершілік сезімдері туындайды, бұл құбылыс 5-8 сағатқа созылуы мүмкін. Қатты уланулар кезінде ақыл-ес жоғалады, сол себепті уланушылар өз сезімдерін суреттеп бере алады.
Қорытынды кезеңде соматикалық және вегатативтік ауытқулар болады, бұл 16-18 сағатқа, кейде 1,5-2 тәулікке созылады. LSД кумулятивтік әсер байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |