Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме


Теріні жарақаттап әсер етуші ҚЗ



бет7/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
2. Теріні жарақаттап әсер етуші ҚЗ.
Жасырын әрекет ету кезеңі – 2 сағаттан тәулікке дейін ауа температурасы мен ылғалдылығына, дене құрылымы мен ылғалдылығына байланысты болады. Одан соң дене қышып, күйіп, қызыл дақтар пайда болады. Тері тартылып, құрғап кетеді. ҚЗ қатты мөлшерлері кезінде ісік пайда болып, ісіктің жан-жағында 16-30 сағат бойына иприттік әсерінен соң, тері көп жерден күлдіреп кетеді. Одан соң оның бәрі бір жерге жиналып, үлкен сары су жиналган ісік пайда болады. Бұл ісіктер жарылып, теріде иприттік жаралар пайда болады, олар 1-2 ай немесе одан да ұзақ уақыт бойына жазылады. Екінші инфекциялан соң терінің бөліктерінде іріңді жаралар пайда болады.
Егер зақымдалған бөліктердің жалпы көлемі 20 см3 аз болса, адам өлімінің қаупі төнбейді.
Көзге зақым келген соң 30 минуттан соң дене қызып, тері қыишиды, ауырады; 4-8 сағаттан соң көздің үсті ісіп, көз жасаурап, жарыққа қарай алмайды, конъюнктивиттік қызару пайда болады. Бұл құбылыс бір айға дейін созылады. Одан әрі кірпіктер бір-біріне жабысып, олар жабысқақ іріңмен жабысып қалады. Адамның көру қабілеті нашарлауы да мүмкін.
Зақымдалған азық-түлік немесе су арқылы организмге түскен соң 15-20 минуттан кейін асқазанда қатты аурулар туындайды. Бұл түкірік бөліну және құсумен ілеседі. Адамның қан аралас іші өтіп, қатты шөлдейді. Тері бозғылт тартып, адамның есінен тануы мүмкін. Организмнің жалпылай улануынан соң шамамен 2 тәуліктен соң адам өледі.
3. Жалпылай улау қасиетиндегі ҚЗ.
Синильдік қышқылмен және хлорцианмен уланудың алғашқы белгілері- тамақ қышып, ауызда темір дәмі пайда болады. Бас айналып, ауырады, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады,. Орташа деңгейде уланған кезде, шырышты қабық пен бет терісінде қатты қызыл түс пайда болып, жүрек айнып, құсады, тынысы жиілейді, кеуде қуысы қысылып, ауру туындайды. Адамда жалпылама әлсіздік күшейіп, ақыл- есі әлсіреп, адам құлайды. Жүрек қағысы әлсіреп, пульс азаяды, көз қарашықтары ұлғаяды.
Қатты уланулар кезінде адам есінен мүлдем айырылып, жүрек аритмиясы, еріктен тыс дефекация пайда болады. Одан соң паралич туындап, тыныс тоқтайды.
0,42-0,5 мг/л концентрациясы кезінде адам құлап, есінен танады, бірнеше минут өткен соң қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет