Жоспарға сәйкес ПУФ бойынша іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
Жабдықтардың, өнімдердің, энергия көздерінің жарылыс қаупін азайту және өндірістік аварияларға жол бермеу бойынша іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;
Аварияларды жою, үйінділерді талдау және адамдарды құтқару бойынша іс-шараларды жүргізуге дайын болу.
Қаланың, облыстың және көрші ШО медициналық қызметтері арасында байланыс орнату;
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау бойынша іс-шараларды жүргізу;
Зақымданғандарды санитарлық өңдеу, жұмысшылар мен қызметкерлерге, олардың жанұя мүшелеріне медициналық көмек көрсету, орналастыру және эвакуациялау орындарына жеткізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жүктеледі.
Материалдық-техникалық жабдықтау қызметінің бастығына:
Ықтимал жағдайарда материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен заттардың болуын нақтылау;