Топтық оқыту- бұл оқушылардың тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті,оқу міндеттерін шешуде бірлескен оқу әрекеті.
Топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Инновациалық оқу орындарының пайда болуы, жеке мектептердің дамуы, тәжірибеге әртүрлі қосымша білім беруді енгізу, ауылдық шағын комплектілі мектептердегі білім беру процесін ұйымдастыру қазіргі уақытта шағын топтағы оқытуды өзекті етіп отыр(2-3-тен 10-15-ке дейінгі адамдар). Топтық оқытудың өнімділігі В.В. Гузеевтың пікірінше келесі факторлармен анықталады :
Инновациалық оқу орындарының пайда болуы, жеке мектептердің дамуы, тәжірибеге әртүрлі қосымша білім беруді енгізу, ауылдық шағын комплектілі мектептердегі білім беру процесін ұйымдастыру қазіргі уақытта шағын топтағы оқытуды өзекті етіп отыр(2-3-тен 10-15-ке дейінгі адамдар). Топтық оқытудың өнімділігі В.В. Гузеевтың пікірінше келесі факторлармен анықталады :
1 ) қазіргі міндеттердің кӛпшілігін тиімді шешу үшін бірнеше адамдардың күш жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан мектеп түлегі топта нәтижелі жұмыс жасауды үйренуі тиіс;
2 ) мектептің негізгі контингентінің-жасӛспірімдердің- жетекші іс-әрекеті тұлғалық қарым-қатынас болып табылады, ал ол нәтижелі қарым-қатынасқа топ тиімді жүзеге асырылады;
3 ) топта өзара әрекеттесуге қатысушылардың аз саны оқушы тұлғасының өзін-өзі кӛрсетуіне барынша қолайлы жағдай жасайды;
4 ) топтық жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, мектептік білім беруде жеке және бір уақытта ұжымдық рухын күшейтеді, оқушылар арасында сапалы ынтымақтастық туындайды;
5 ) топ оқушыларға еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігін береді, бұл оқушылардың оқу үрдісіне бел
Топта болатын жұмыстың пікірлесу әдістерін қарасты- райық. Әдебиет көздерінде топтық пікірлесудің үш түрі берілген
Топта болатын жұмыстың пікірлесу әдістерін қарасты- райық. Әдебиет көздерінде топтық пікірлесудің үш түрі берілген
1 ) мәжіліс;
2 ) «брейнсторминг»немесе «миға шабуыл» (А.Осборн ұсынылған әдіс; шағын топты екі бӛлу қарастырылады- «идея генераторлары» мен «сыншылар»; алғашқыда бірінші топ әртүрлі идеяларды ұсынады, кейін екінші топ оларға талдау мен фильтрация жүргізеді, нәтижесінде тұжырымды дәлдікпен топтық шешім қалыптасыды);
3 ) әртүрліні біріктіру немесе синектика әдісі (У.Гордонмен құрастырылған; шағын топтан 5-7 адамды бӛліп, оларды пікірта- ластың басшысы ретінде ұсынады және олар талқыланатын мәселе бойынша пікірлерді ұсынады; айтылған кӛзқарастар бойынша шеттік, полюстік екіжақты талқылаудан соң топтық шешім қабылданады).
Топтық оқыту арқылы оқушылардың танымдық белснділігін қалыптастырудың үлгісі
Қорыта айтқанда топтық оқыту мыналарды жүзеге асыра алады:
Қорыта айтқанда топтық оқыту мыналарды жүзеге асыра алады:
1. Топтық оқыту білімді және іскерлікті меңгеруге пәрменді әсер етеді, себебі оқушылардың белсенді танымды қатынастары ақпарат алмасуға және білімді иеленуге ұмтылдыртады.
2. Топтық оқытудың дамытушылық ролі бар, яғни ойлаудың дебестігін, қызығушылықтарды және ынтасын дамытады.
Топтық оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың мазмұны
Топтық оқыту танымдық белсенділікті қалыптастыруда үш кезеңге бөліп жүргізілді
Бірінші кезең: - танымдық тапсырмаларды мұғалімдердің белгілеуі; - жұмыстың бірізділігінің нұсқасы; - дидактикалық материалдарды тарату
Екінші кезең: - алынған тапсырмалармен танысқан соң топ жұмысын жоспарлау; - топ ішінде алынған тапсырмаларды бӛлікке бӛлу; - әрбір оқушылар ӛзіндік тапсырмаларды жеке орындау; - жұмыс нәтижесін жеке талқылау; - берілген тапсырмалардың нәтижесін жалпы қорытындылау
Үшінші кезең: - топтың хабарламасы; - топтың жұмысына сараптама; - қойылған міндеттерді орындау туралы қорытындылар; - берілген міндеттердің нәтижелілігі. Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесін пайдалану әдістемесін келесі параграфта қарастырамыз.