Сыныбы 4 «п»
Оқушының аты-жөні ____________________________________________________
ІІ нұсқа 1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларлы орында.
Аспаптардың қашып кетуінің себебі неде деп ойлайсың? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтінге өз ойыңнан жаңа кейіпкерлер немесе жағдаяттар қосып, мазмұнын толықтырып айт. Әңгімелеу барысында мақал - мәтелдер/нақыл сөздерді қолдан. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма.Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды аңға, адал құстарға салу үшін үйрететін бапкер адам. Ол қыран құстарды тор құрып ұстап алады немесе балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Одан кейін құсты ұшырып, қайыруы жеткен соң, семіртіп түлетеді. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келтіру үшін оны «ақ жеммен» асырап, бос керілген арқанға қонақтатып ұйқысын алып, қайта арытады.
Құсбегілердің аса жоғары бағалайтын құсы – бүркіт. Аққу мен бүркіт қасиетті, киелі құстар болып есептеледі. Бұл екеуі екі жұмыртқадан артық жұмыртқаламайды.
Құсбегілер бүркіт балапанын алу үшін неше түрлі қиындықты бастан кешіреді. Олар үшін әсіресе тау бүркіті бағалырақ. Өйткені олар алғыр, өжет, қырағы болады. Қоян, борсық, түлкі, қарсақ сияқты ұсақ аңдарды оңай, тез алады. Ең алғыр, өжет, қырағы тау бүркіттері аталады. Құсбегілердің айтуынша, бүркіт ірі аңдарға түсіп, тоқтауға шамасы келмей бара жатса, бір аяғын аңға, екінші аяғын кез келген затқа не ағашқа қадайды екен.
Құсбегі деген кім? Дұрыс жауапты белгіле
Аңшы
Құсты үйрететін бапкер
Малшы
Құсбелгінің аса жоғары бағалайтын құсы?
аққу
қырғи
бүркіт
қаршыға
Мәтіннен қасиетті құстар туралы айтылған сөйлемді қоршап сыз.