Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет1/2
Дата20.12.2023
өлшемі22,09 Kb.
#141599
  1   2
Байланысты:
І тоқсан әд


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, мин

Балл

1-5

5.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;
5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;




Жауап нұсқалары-
нан бір дұрысын таңдау / жабық сұрақтар;

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



5

5

6-10

5.2.2.1. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
5.2.3.1. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;




Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар;



Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.



15

10

11

5.3.1.1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар;



Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.



25

5

Барлығы

45

20

Бекітемін________________
«№13 мектеп-гимназия» КММ
директоры С.Н.Сакабаева
«_____»____________2023 ж.

Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныптарға арналған 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары





5.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;
5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;




5.2.2.1. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
5.2.3.1. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;

5.3.1.1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау;

1. «Керқұла атты Кендебай» ертегінің қай түріне жатады?
А. Қиял-ғажайып ертегісі В. Тұрмыс-салт С. Хайуанаттар ертегісі Д. Шыншыл ертегі [1]
2. Кендебай аралдағы хан еліне кім болып барады?
А. Қонақ В. Қойшы С. Сиыршы Д. Хан [1]
3. «Қобыланды батыр» жырының негізгі тақырыбы
А. Адамгершілікті дәріптеу В. Достықты дәріптеу
С. Ел тәуелсіздігін қорғау Д. Көркемдікті насихаттау [1]
4. « - Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін анықтаңыз.
А. Баланың ата-анасымен қауышуы. В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Кендебайдың аралға баруы. Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы. [1]
5. Қобыланды Көктім Аймақтың қандай шартын орындайды?
А. Көктім Аймақпен күреседі. В. Қызыл ермен күреседі.
С. Қызыл Ерді өлтіреді. Д. Теңгені атып түсіреді. [1]
6. Аңыз дегеніміз не? Оның түрлерін ата.
___________________________________________________________________________________ [2]
7. Қобыланды батыр образы арқылы қандай қорытынды шығаруға болады? Ойыңызды
3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.
___________________________________________________________________________________ [2]

8. Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды


3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
___________________________________________________________________________________ [2]

9. Асан қайғы неге еліне шұрайлы қоныс іздеген? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
___________________________________________________________________________________ [2]

10. «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.


___________________________________________________________________________________ [2]

11. «Әркімнің өз туған жері – өзінің Жерұйығы» тақырыбынды өз көзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз. (60-70 сөз) [5]






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет