Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «физика» 8-сынып


ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ



бет2/8
Дата13.03.2023
өлшемі462,23 Kb.
#73567
1   2   3   4   5   6   7   8

ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ





Ойлау дағдыларыны
ң деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар
түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • бастапқы физикалық ұғымдарды;

  • сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Қолдану

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/ немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды
пайдалану




  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

ұсынылады.

Жоғары

Талдау:

Деңгейді тексеру

деңгей

- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

үшін Қысқа жауапты

дағдылары

- графиктік және кестелік нысанда берілген

(ҚЖ) қажет ететін

(талдау,

ақпаратты.

тапсырмаларды

жинақтау,

Жинақтау:

және/немесе Толық

бағалау)

- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама,

жауапты (ТЖ) қажет




таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған

ететін тапсырмаларды




және өңделген деректерді, ақпараттарды,

пайдалану




- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға

ұсынылады.




арналған ғылыми модельдерді және







дәлелдемелерді,







- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.







Бағалау:







- жасалған эксперименттің нәтижелерін.




  1. ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ





Тоқс ан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей
дағдылары

Ұсынылған

Ұсынылған

Ұсынылған

I

56 %

20 %

24 %

II

32 %

52 %

16 %

III

20 %

60 %

20 %

IV

24 %

56 %

20 %

Барл
ығы

33 %

47 %

20 %



  1. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет