Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42

Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
География
1
Қазақстан  Орталық  Азияда  орналасқан.  Жер  көлемі  жағынан  мемлекет  әлемде  9-шы
орынды  (Франция,  Германия  және  Польшаның  біріктірілген  көлемінен  екі  есеге  жуық
үлкен)  алады,  солтүстікте  -  Ресей  Федерациясымен,  батыста  -  Каспий  теңізімен,
оңтүстік-шығыста  -  ҚХР-мен,  оңтүстікте  -  Қырғызстанмен  және  Өзбекстанмен,
оңтүстік-батыста Түріменстанмен шектеседі. 
Қазақстанның  климаты  шұғыл  континентті.  Жаз  мезгілінде  температура  орташа
30  °C-ден  жоғары  көтеріліп,  қыста  -30  °C-ге  дейін  төмендейді.  Мемлекет
территориясының  төрттен  үш  бөлігін,  барлық  батыс  бөлігі  мен  оңтүстіктің  басым  бөлігін 
қосқанда,  не  шөлейт  (12%),  не  шөл  (44%)  алып  жатыр.  Қалған  бөлігі  ормансыз,  солтүстік
пен  батыста  орманмен  араласқан  даладан  тұрады.  Қазақстанның  ең  биік  нүктесі  теңіз
деңгейінен  7  010  метр  биіктікте,  Қырғызстанмен  шекарадағы  Тянь-Шань  тау  тізбегінде
орналасқан  Хан  Тәңірі  тауы  болып  табылады.  Ал,  ең  төменгі  нүктесі  (теңіз  деңгейінен 
132  метр  төмен)  Маңғыстау  облысында  Қарагие  ойпаты,  шығыс  бөлігінде  Каспий  теңізі
болып табылады.
Мемлекеттің  ертеректе  өнеркәсіп  пен  өндіріс  қызметіне  байланысты  ядерлік
сынақтар  нәтижесінде  пайда  болған,  сондай-ақ,  жер  ресурстарының  нашарлауы,  шөлге 
айналу  және  су  тапшылығы  сияқты  айтарлықтай  экологиялық  мәселелермен  ісі  болып 
отыр.
Саяси құрылым 
Қазақстан  14  облысқа  бөлінген,  ары  қарай  аудандарға  бөлінеді.  Астана  мен  Алматы 
сияқты  қалалар  ешқандай  облыстың  біріне  жатпайды.  «Байқоңыр»
2
  ғарыш  айлағы
орналасқан  Байқоңыр  қаласы  Ресей  Федерациясына  2050  жылға  дейін  жалға  берілген 
және  арнайы  мәртебесі  бар.  Әр  облыстың  басшысы  Республика  Президенті
тағайындайтын  әкім  болады.  Аудандарды  облыс  әкімі  тағайындайтын  аудан  әкімдері 
басқарады.  1997  жылы  астана  мемлекеттің  ең  үлкен  қаласы  Алматыдан,  Ақмола 
облысының солтүстігіне қарай орналасқан Астана қаласына көшірілді. 
 Сурет 1.1 Қазақстан және облыстар 
Ескерту:  Бұл  жарияланым  және  онда  ұсынылған  кез-келген  географиялық  карталар  қандай  да  бір  аумақ 
болмасын  мәртебе  немесе  тәуелсіздік,  халықаралық  шекаралар  мен  бөлу  сызықтарын  анықтау,  сонымен  қатар,
қандай  да  бір  аумақтарға,  қалаларға  және  аймақтарға  байланысты  сұрақтарына  қатысты  қасақана  емес  сипатта  берілген.
Дереккөз: Bernard Tom, Wikimedia Commons
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 129
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Лукас Б., Г. Клакстон және Э.Спенсер (2012), [Шығармашылықтағы прогресс: Бағалаудың жаңа
   нысандарын әзірлеу], Background Paper for the OECD Conference “Educating for Innovative
   Societies”,  Centre  for  Real-World  Learning,  University  of  Winchester,  England.  (ағылшын
  тілінде).
ҚР БҒМ (2012а), 9-шы сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін 
  талдау (ОЖСБ-2012), Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, Астана
ҚР БҒМ (2012b), Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 5-ші және 9-шы сынып
    оқушыларының  үлгерімдерін  бағалау  туралы  мониторингтік  зерттеу  нәтижелері  (SPE),
   Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, Астана 2012
ҚР БҒМ (2012c), 9-шы сынып оқушыларының білім сапасына ықпал ететін факторлар, Ұлттық
   білім беру статистикасы және бағалау орталығы, Астана
ҚР БҒМ (2012d), Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін талдау (ЕНТ-2012), ҚР БҒМ Ұлттық 
  білім беру статистикасы және бағалау орталығы, Астана
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі - ҚРСА (2012), Қазақстан Республикасындағы
   күндізгі жалпы білім беретін мектептер, серия 14 (2), ҚРСА, Астана
Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің желісі - НЗМ (2012), «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
   Дербес  білім  беру  ұйымының  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критерийлі  бағалау
  жүйесін ендіру тұжырымдамасы, НЗМ, Астана
ЭЫДҰ (2013), [Анағұрлым тиімді оқыту үшін өзара әркеттесуі: Нәтижелерді сапалы талдау мен
   бағалауға  халықаралық  көзқарас],  OECD  Reviews  of  Evaluation  and  Assessment 
  in Education OECD Publishing, Paris (ағылшын тілінде). 
ЭЫДҰ (2012), [Канар аралдары үшін басшылық, Испания, PISA сабақтары, Білім берудегі мықты
   қайраткерлер мен табысты реформаторлар] OECD Publishing, Paris (ағылшын тілінде)
ЭЫДҰ  (2011),  [Оқытудың  үздік  жүйелері  және  білім  беру  саласындағы  табысты
  реформаторлар: АҚШ үшін PISA сабақтары] OECD Publishing, Paris (ағылшын тілінде)
ЭЫДҰ  (2010а),  [PISA  2009  нәтижелері:  Мектепті  не  табысты  етеді  -  ресурстар, 
  саясат және тәжірибе (IV Том)], OECD Publishing, Paris (ағылшын тілінде).
ЭЫДҰ  (2010b),  [PISA  2009  нәтижелері:  Білім  алушылар  не  біледі  және
   не істей алады (I Том)], OECD Publishing, Paris (ағылшын тілінде).
ЭЫДҰ (2008), [Білім қоғамы үшін жоғары білім беру (1  және  2  Том)],  OECD  Publishing, 
  Paris (ағылшын тілінде)
ЭЫДҰ (2007), Қазақстан Республикасында жоғары білім беру 2007, OECD Publishing, Paris
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
130 - 
МАЗМҰНЫ
1
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж. 18 наурыздағы № 125 бұйрығы.
2
 Зерттеудің іріктеуі репрезентативті емес болып табылады.
3
 http://www.oecd.org/pisa/pisainfocus/pisa%20in%20focus%20n26%20(eng)--FINAL.pdf
4
 «Акустика – бұл фонемалық түсінікті оқушылар арасында дамыту жолымен ағылшын тілінде
 оқылым  мен  жазылымға  үйрету  әдісі,  осы  дыбыстар  мен  дұрыс  жазу  үлгілері  арасындағы
 сәйкестікке оқыту үшін оларды көрсететін, яғни, фонемаларды есту, ұқсату және қулық жасау 
 қабілеттері.  Акустиканың  мақсаты  дыбыстандыру  жолымен  жаңа  жазба  сөздердің  мағынасын
 ашу немесе акустика терминологиясымен айтқанда, дыбыс пен дұрыс жазу үлгілерін араластыру
 бастауыш  оқырмандарға  себептесу  болып  табылады.  20  ғасырдың  басынан  бастап,  акустика
  ағылшын тілінде қарым-қатынас жасайтын барлық елдерде бастауыш білім беру жүйесінде және
  сауаттылыққа  оқытуда  кең  қолданылады.  Нақтырақ  айтатын  болсақ,  синтетикалық  акустика
  қазіргі  таңда  Ұлыбритания  мен  Австралияның  білім  беру  жүйелерінде  оқылымға  үйретудің 
 жалпы  қабылданған  әдісі  болып  табылады».  (http://en.wikipedia.org/wiki/Phonics).  Қосымша 
 ақпарат  үшін  http://www.education.gov.uk/schools/teachingandlearning/pedagogy/a00198207/faqs-
 year-1-phonics-screening-check қараңыз.
5
 2009 ж. PISA баяндамасына сәйкес Қазақстан мәнмәтінінде іріктеуге қамтылған оқушылардың 
 73,3%-ы  –  9-шы  сынып,  19,8%-ы  –  жоғары  сынып  оқушылары,  6,8%-ы  төменгі  сынып
 оқушылары болып табылады.
6
 Осы баяндаманы дайындаудың қорытынды кезеңінде ҚР БҒМ-нен алынған ақпаратқа сәйкес
  министрлік 2015 ж. бастап ҰБТ-ға өзгерістер енгізуді жоспарлауда, яғни, ҰБТ 2 бөлікті қамтитын 
 болады: мектепті аяқтаудағы тестілеу және ЖОО-на түсудегі тестілеу.
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 131
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ
4 «Мектептерді білікті мұғалімдермен және тиімді басқарумен қамтамасыз етуге 
бағытталған  тиімді  саясат»  Тарауы  Қазақстанның  педагогикалық  кадрларының 
сипаттамасын  қамтиды  –  олардың  білім  деңгейі,  жасы,  гендерлік  құрамы, 
еңбекақысын  төлеу  жағдайлары,  оның  үстіне,  басқа  жүйелермен  салыстырулар 
беріледі. Мұғалімдер біліктілігінің сапасын арттыру бойынша жақындағы шаралардың 
талдауы қамтылады және Қазақстанның балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз 
етуге  бағытталған  өзгерістер  болғанда,  әсіресе,  ауылдық  жерлерде  мемлекет 
кездесіп отырған кедергілері талқыланады. Ары қарай тарауда жұмысқа тұрғанға 
дейін және өзінің қызметі бойы олар өтетін мұғалімдердің дайындығына, сонымен 
қатар, анағұрлым қабілетті үміткерлердің жүйеге тартылуы бойынша шараларына 
сипаттама  беріледі  және  басқа  мемлекеттердің  табысты  бағдарламаларымен 
салыстырулар  беріледі.  Сондай-ақ,  мұнда  мектеп  директорларының  жұмыс 
жағдайы  қарастырылады,  Қазақстанның  білім  беру  жүйесінде  өзгерістерді 
жүзеге  асыруы  үшін  олардың  маңыздылығы  талқыланып  және  саясатты  әзірлеу 
процесіндегі мұғалімдердің ролі талданады. Тараудың соңында мектеп мұғалімдері 
мен басшылығына қатысты саясатты жақсарту бойынша ұсынымдар беріледі.
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
132 - 
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 
Білім  беру  жүйесінің  табысы  үшін  мұғалімдер  сапасының  маңыздылығы  туралы
сұрақтың  талқылануға  салынуы  мүмкін  емес.  Бұл  «білімнің  сапасы,  ең  алдымен, 
мұғалімдердің  жоғары  біліктілігімен  анықталатыны»  туралы  айтылған  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік
бағдарламасымен  расталады.  PISA  және  TIMSS  сияқты  оқушылардың  білімділік
жетістіктерін  бағалау  бойынша  халықаралық  зерттеу  бағдарламаларының  нәтижелері 
мектептердің  арасына  қарағанда,  мектептің  аясында,  әдетте,  көп  ерекшеленетін 
оқушылардың  үлгерімі  туралы  куәландырады  және  көптеген  халықаралық  зерттеулер 
мұғалімдермен  және  олармен  байланысты  факторлардың  оқытуға  әсер  ететін  анағұрлым
маңызды  мектепішілік  фактор  болып  табылатынын  көрсетіп  отыр  (мысалы,  Дарлинг-
Хэммонд,  2000;  Ривкин  және  т.б.,  2005;.  Рокофф,  2004;  Ширенс  және  т.б.,  1989;.  Ширенс,
1993;  Уиллмс,  2000).  Сондықтан  мұғалімдер  мектептер  үшін  анағұрлым  маңызды  қор 
болып  отыр  және  олар  білім  беру  жүйесін  жақсарту  бойынша  күш  салудың  нағыз 
орталығында болуы тиіс. 
Мектеп  басшылығы  сапалы  және  қолжетімді  білім  беру  мәселесінде  маңызды  роль 
ойнайды  (ЭЫДҰ/  Траст  арнайы  мектептері  мен  академиялары,  2008).  Мектеп
директорлары  оқыту,  саясат,  жергілікті  органдар  мен  қызығушы  тараптардың  арасын 
байланыстырушы  буын  болып  табылады.  Осы  бірегей  және  қиын  лауазымда  олар  білім 
беру  мен  оқыту  процесі  өтетін  оқыту  жағдайы  мен  психологиялық  ахуалға,  сонымен
қатар,  оқытудың  тиімділігіне  ықпал  ете  алады  (ЭЫДҰ/  Траст  арнайы  мектептері  мен
академиялары,  2008;  Ширенс  және  Боскер,  1997;  Теддли  және  Рейнолдс,  2000;  Таунсенд, 
2007).  Сонымен  қатар,  мектеп  директорлары  мектептер  қызмет  ететін  мектеп  пен 
ортаның  арасындағы  негізгі  келістірушілер  болып  табылады.  Олардың  мектептен  тыс 
қарым-қатынас  жасауға  және  мектепке  қажетті  қолдауды  тартуға,  тұрғындардың 
қажеттілігін  тиімді  қамтамасыз  ету  үшін  олардың  өзгерістермен  және  бейімделумен
байланысты  қысымға  жақсы  әсерін  тигізуге,  сонымен  қатар,  өздерінің  мектептерін,
жекелей 
алғанда, 
мұғалімдерді 
басқаруға, 
мүмкіндіктері 
бар
(Прайсуотерхаускуперс, 2007; ЭЫДҰ/ Траст арнайы мектептері мен академиялары, 2008).
Осы  тарауда  Қазақстан  мектептерінің  мұғалімдері  мен  директорларына  қатысты
ұлттық  саясат  талданады,  тиісті  реформалардың  мақсаттары  қарастырылады,  мемлекеттік 
саясат  пен  жүргізілген  реформалардың  түрлі  аспектілері  туралы  бар  деректер  мен 
ақпараттар,  сонымен  қатар,  олардың  халықаралық  тәжірибемен  байланыстағы  бағалауы 
ұсынылады және талданады.
Білікті педагогтармен қамтамасыз ету бойынша тиісті саясат
Қазақстанда  орын  алып  отырған  мұғалімдерге  қатысты  саясатпен  байланысты
проблемалардың  көпшілігі  тек  Қазақстанға  ғана  тән  емес.  Мысалы,  осы  тарауда  толық
талданатындай,  Қазақстанның  белгілі  аймақтарында  (әсіресе,  ауылдық  жерлерде)  және 
белгілі  пәндер  бойынша  (әсіресе,  математикадан)  білікті  мұғалімдер  жетіспейді.  Сондай-
ақ,  бірқатар  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде  де  мұғалімдердің  жетіспеуі  сезіледі  (ЭЫДҰ,  2005; 
Шлейхер,  2012).  Қазақстанда  мұғалім  мамандығы  төмен  мәртебелік  пен  беделсіздіктен 
табыссыз  кезеңдерді  өткеруде.  ЭЫДҰ  көптеген  мемлекеттерінде  мұғалімдер  толық 
бағаланбау  сезімі  туралы  хабарлайды;  ұқсас  проблемалар  мұғалім  мамандығының
имиджі  мен  мәртебесіне  қатысты  да  бар  (ЭЫДҰ,  2005).  Қазақстандағы  мұғалімдердің
салыстырмалы  айлық  жалақысы  төмен  болып  табылады.  Мектептердің  арасында
мұғалімдердің  теңсіз  бөлінуі  бар,  яғни,  жоғары  білікті  мұғалімдер  табысты  емес 
мектептерде  аз  кездеседі  және  қосымша  қор  мен  қолдау  болатын  дарынды  балаларға 
арналған мектептерде жиі қызмет етеді.
132
 - 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
          БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 133
Осы  мәселелердің  шешімі  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың
2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  басты  басымдықтарының
қатарына  енеді  және  осы  бағыттағы  реформалар  жүзеге  асырылуда.  Басқа  мемлекеттер
осыған  ұқсас  мәселелерді  шешкендіктен,  түрлі  мәнмәтінде  және  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде 
жүзеге  асырылғандарын  және  сапалы  педагогикалық  қорларды  қалыптасытуда  өзінің 
тиімділігін көрсеткен көптегендерін стратегиядан білуге болады.
Қазіргі  және  болашақтағы  мұғалімдерге  қатысты  саясаттың  реформалары
фактілермен  нақтылау  үшін  қазақстандық  мұғалімдер  мен  олардың  жұмыстары  туралы 
бар  деректерге  сүйену  қажет.  Осы  тараудың  келесі  бөлімдерінде  бар  деректерді 
пайдаланып,  Қазақстанның  орта  мектептеріндегі  мұғалімдердің  ағымдағы  мінездемесіне
кейін  халықаралық  мәнмәтінде  мүмкіндігінше  талданатын  шолу  келтіріледі. 
Мұғалімдерге  арналған  тараудың  соңғы  бөлімінде  тиімді  мұғалімдерді  тарту,  дамыту
және  ұстап  қалу  саясаты  талданады.  Негізгі  тақырыптар  келесі  тізімді:  педагогикалық
кадрларды  бастапқы  дайындау  және  біліктілік  талаптарын,  лауазымға  кіріспе  процесін
және  тәлімгерлікті,  біліктілікті  арттыруды,  кәсіби  дербестік  пен  шешім  қабылдаудағы
мұғалімнің  үлесін,  айлық  жалақының  сызбасы  мен  осы  мамандықтың  мәртебесін
қамтиды.  Осы  бөлімде  мемлекеттегі  ағымдық  және  жоспарланған  реформалар,  сонымен 
қатар,  басқа  білім  жүйелеріндегі  тиісті  тәжірибелердің  мысалдары  сипатталады.
Қазақстан мектептері мұғалімдерінің ағымдық бейіні 
Қазақстандағы  мұғалімдердің  саны  соңғы  бірнеше  жыл  бойы  мүлтіксіз  өсуде.
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  деректері  бойынша  2011
жылы  жалпы  білім  беретін  мектептерде  қызмет  еткен  286  370  мұғалім  болды,  бұл
алдындағы жылмен салыстырғанда 10 715 мұғалімге көп. Осы бөлімде Қазақстандағы бар
педагогикалық  қорлар  туралы  деректер  ұсынылған  және  талданған,  басқа  мемлекеттердің
деректерімен  салыстырулар  берілген,  сонымен  қатар,  мемлекеттегі  педагогикалық 
кадрлардың 
жетіспеушілік 
деңгейі 
қысқаша 
қарастырылады.
Жас ерекшелігі және гендерлік құрылым 
Гендерлік  теңгерімсіздік  бүкіл  әлемде  мұғалім  мамандығына  тән.  Бұл  құбылыс,
әдетте,  басқа  мамандықтармен,  сонымен  қатар,  мемлекеттің  мәдени  факторларымен 
салыстыру  бойынша  айлық  жалақысына  қатысты  төмен  болуымен  байланысты  (ЭЫДҰ 
2005,  2009,  2012a).  Орта  есеппен,  мемлекеттер  арасында  үлкен  айырмашылықтар  бар 
болғанымен,  бастауыш  мектепте  барлық  педагогикалық  контингенттің  82%-н,  мектептің 
орта  буынында  68%  және  орта  мектептің  жоғары  сыныптарында  56%  әйелдерді  құрайды
(ЭЫДҰ,  2012a).  Қазақстанда  гендерлік  теңгерімсіздік,  әсіресе,  айқын:  орта  есеппен, 
бастауыш  және  орта  мектептегі  он  мұғалімнің  сегізінен  көбі  әйелдер  (81%)  болып
табылады.
Қазақстандағы  мұғалімдердің  жас  ерекшелігі  құрылымы  ЭЫДҰ  мемлекеттері
бойынша  орта  көрсеткіштен  төмен  бірнеше  қазақстандық  мұғалімдердің  орташа  жасын 
көрсетіп  отыр.  Қазақстанда,  орта  есеппен,  ЭЫДҰ  мемлекеттеріне  қарағанда,  30  жас  және
одан  жас  мұғалімдердің  үлесі  (2011  ж.  24%)  көп,  ал,  50  жас  және  одан  жоғары  жастағы 
мұғалімдердің  үлесі  төмен  (2011  ж.  21%,  4.1  Кестені  қараңыз).  Дегенмен,  бұл  сандар  барлық
мұғалімдердің  ширек  бөлігіне  жуығы  зейнеткерлік  жасқа  жеткендігін  немесе  оған
жақындағанын  көрсетеді.  Осыған  байланысты,  әсіресе,  оқушылар  санының  артуы  күтіліп 
отырғанда  мұғалімдердің  айтарлықтай  жетіспеушілігіне  жол  бермеу  үшін  үлкен  күш  салу 
қажет  (ҰББСБО,  2011).  Орта  есеппен,  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде  бастауыш  мектептердегі  14% 
мұғалімнің  және  орта  білім  беру  жүйесіндегі  11%  мұғалімнің  жасы  30-дан  төмен  жасты 
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
134 - 
МАЗМҰНЫ
құрайды,  ал  осы  мерзімде  бастауыш  мектептердегі  30%  мұғалім  және  орта  білім  беру
жүйесіндегі 35% мұғалім 50 жастан жоғары (ЭЫДҰ, 2012a).
Кесте 4.1 Әр жас санатындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің 
үлесі (2010, 2011 жж.)
Жас ерекшелігі санаты
2010
2011
20-30 жастағы
24.0
23.9
31-40 жастағы
28.6
27.7
41-50 жастағы
27.9
27.4
51 жастағы және одан жоғары, оның ішінде зейнеткерлік жасында
19.5
21.0
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2012a. ЭЫДҰ әзірлеген шолу үшін деректер ҚР БҒМ-мен тексерілген. 
Білім беру деңгейі мен оқыту тәжірибесі
Он  мұғалімнің  біреуінен  көбінің  (13%)  үш  жылдан  жоғары  оқыту  тәжірибесі  бар,
ал, мұғалімдердің үштен бірінің сегіз жылдан жоғары жұмыс өтілі бар (4.2 Кестені қараңыз).
Кесте 4.2 Педагогикалық өтілі шегіндегі орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің үлесі 
(2005, 2010)
Жұмыс тәжірибесі (жылдармен)
          2005
         2010
8 жыл немесе төмен
31
32
9-20 жыл
40
35
20 жыл және жоғары
29
33
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2011. ЭЫДҰ әзірлеген шолу үшін деректер ҚР БҒМ-мен тексерілген және жаңартылған. 
Мұғалімдер  сапасы  көрсеткіштерінің  бірі  алғашқы  алынған  білім  мен  дайындықтың 
сапасы  болып  табылады.  Орта  мектеп  мұғалімдерінің  білімділік  деңгейі  жоғары  білімді 
мұғалімдердің жалпы пайызы көзқарасы тұрғысынан жақсаруда (4.3 Кестені қараңыз).
Кесте 4.3 Білім деңгейлері шегіндегі жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің 
үлесі (2007-2010 жылдар)
Жыл
Жоғары білім
Кәсіптік орта білім
Толық емес жоғары
Жалпы орта білім
2007
83.3
14.1
1.9
0.6
2008
85.2
12.9
1.4
0.5
2009
85.9
12.7
1.0
0.3
2010
87.0
11.9
0.8
0.3
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2011. ЭЫДҰ әзірлеген шолу үшін деректер ҚР БҒМ-мен тексерілген және жаңартылған.
Осы  зерттеу  үшін  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігімен 
әзірленген  Базалық  баяндаманың  деректері  бойынша  2005  жылдан  кейін  жоғары  білімді 
мұғалімдердің  үлесі  10,5%-ға  артты  (АТО,  2012).  Дегенмен,  бұл  сандар  оң  тенденциялар 
туралы  дәлелдегенімен,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2010-
2011  жылдардағы  педагогикалық  кадрлардың  сапалық  құрылымы  туралы  есебінің
134
 - 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
          БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 135
деректері  2010  ж.  13%  мұғалімдердің  жоғары  білімінің  болмағандығын  көрсетеді  (ҚР
БҒМ,  2010a)
1
.  Бұл  көрсеткіш  5-11  сыныптардың  мұғалімдері  арасында  8%-ға  біршама
төмен  болды  (ҚР  БҒМ,  2011).  Дегенмен,  бұл  халықаралық  тәжірибедегі  3,4%  орташа 
көрсеткіштен  екі  есе  көп  (2008  ж.  «Teaching  and  Learning  International  Survey»,  TALIS 
зерттеу  кезеңіне  қатысқан  23  мемлекеттегі  мектептің  жоғары  білімі  жоқ  орта  буын 
мұғалімдері) (ЭЫДҰ, 2009; 4.4 Кестені, бірінші бағанды қараңыз).
Кесте 4.4 Білім деңгейлері шегіндегі негізгі орта білім беретін мұғалімдердің 
пайызы (БХСЖ 2 деңгейі) (2008)
БХСЖ 5 
деңгейінен 
төмен
БХСЖ 5В 
деңгейі
БХСЖ 5А 
деңгейі (бака-
лавриат)
БХСЖ 5А 
деңгейі
(магистратура)
БХСЖ 6 деңгейі  
(мысалы, PhD)
Австралия
0.3
1.0
82.8
13.7
2.2
Австрия
3.1
59.3
1.3
33.6
2.6
Бельгия
(Фламанд 
аймағы)
3.4
84.2
4.2
8.1
0.1
Бразилия
8.6
0.2
89.3
1.8
0.1
Болгария
3.7
15.7
16.4
64.0
0.2
Дания
1.9
0.2
90.3
7.5
0.0
Эстония
7.0
6.5
40.3
46.0
0.3
Венгрия
0.2
0.1
71.5
27.8
0.4
Исландия
12.1
20.8
60.6
6.3
0.2
Ирландия
0.6
3.4
79.4
15.9
0.8
Италия
5.3
9.4
6.9
77.4
0.9
Корея
0.3
0.3
64.7
33.9
0.7
Литва
4.1
13.0
47.0
35.7
0.1
Малайзия
1.0
12.1
79.4
7.5
0.0
Мальта
3.7
13.3
71.9
10.7
0.4
Мексика
10.4
3.0
75.6
10.7
0.3
Норвегия
0.9
0.0
76.5
22.5
0.0
Польша
0.3
1.2
4.1
94.0
0.5
Португалия
0.4
4.3
84.4
10.7
0.2
Словакия 
Республикасы
2.5
0.0
0.5
96.2
0.8
Словения
3.7
41.9
52.9
1.4
0.1
Испания
3.5
1.6
11.4
78.8
4.7
Түркия
0.0
6.0
88.2
5.6
0.2
TALIS орташа 
көрсеткіші
3.4
12.9
52.1
30.9
0.7
Ескерту: Білім беру санаттары Халықаралық білім беру жіктеуішінің стандартына негізделген (БХСЖ 1997). БХСЖ
 5А деңгейінің бағдарламалары, қағида бойынша, анағұрлым ұзақ және теориялық сипатта, ал БХСЖ 5В деңгейінің 
бағдарламалары анағұрлым қысқа және тәжірибе мен дағдыларды дамытуға көбірек бағытталған.
Дереккөз: ЭЫДҰ, TALIS 2008 мәліметтер базасы
Қазақстандағы  мұғалімдер  өздерінің  педагогикалық  біліктілігінің  жеткіліксіздігі 
оқушыларға  тиімді  білім  беру  мен  оқытуға  кедергі  болып  табылатыны  туралы  өздері 
айтады.  226  мектептен  1  000-нан  аса  мұғалім  9-шы  сынып  оқушыларының  Оқу 
жетістіктерін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  аясында  оқушылардың  оқу  жетістіктеріне  әсер
ететін  факторларды  зерттеу  бойынша  сауалнаманы  толтырды.  Оқушылардың  төмен
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет