Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42

120 - 
МАЗМҰНЫ
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
Мектептердің арасындағы нәтижелелікті салыстыру
2009  ж.  жағдай  бойынша  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде  59%  оқушылар  мектептерде
оқыды,  директорлардың  сөзіне  қарағанда,  білімді  бағалау  жүйесі  мектептің  нәтижелілігін 
басқа  мектептермен  салыстыру  мақсатында,  мемлекет  көлемінде,  әлде  жеке  аймақ 
мәнмәтінінде  барлық  мектептерді  қамту  мүмкіндігімен  қолданылды  (3.1  Кестені
қараңыз).  Қазақстан  мәнмәтініндегі  ұқсас  көрсеткіш  мектеп  директорлары  ұсынған 
деректерге  сәйкес  95%  құрайды.  Бұл  сан  сенетіндей  болып  табылар  ма  екен.  2012  ж. 
ОЖСБ  аясында  қамтылған  10%  мектептердің  9-шы  сынып  деңгейінде  өздерінің  тестілеу 
нәтижелерін,  сонымен  қатар,  басқа  ОЖСБ  аясында  қамтылған  мектептердің
нәтижелерімен  анық  салыстыру  мүмкіндігі  болды,  дегенмен,  жоғарыда  аталып  өткендей,
ОЖСБ  жүйесі  алғаш  рет  2012  ж.  енгізілген  болатын.  Аймақтық/ұлттық  критерийлер
немесе  стандартталған  тест  болмаған  жағдайда,  мұндай  салыстырулар  нақтылық  ретінде
қарастырылмауы керек.
Түрлі  мектептердің  нәтижелілік  көрсеткіштерін  салыстыру  үшін  қарамағында 
қаражаттың  бар  болуы  міндетті  емес,  дегенмен,  Қазақстанның  мемлекеттік
органдарының  мұндай  салыстыруларға  оңды  қарайтындығын  білдіретін  белгілері  бар,
өйткені  жарияланатын  ҰБТ  мен  9-шы  сынып  оқушыларын  тестілеудің  талдауы  мұндай 
салыстыруларды  қамтиды.  Мұндай  салыстырулар,  егер  тек  барлық  қатысушыларға
қатысты  бірдей  деректерге  негізделген  жағдайда  объективті  және  пайдалы  бола  алады.
Осындай  растаушы  базаны  жинақтау  және  әр  оқушы  бойынша  білім  (жетістік)  деңгейін 
нақты  салыстыруды  жүзеге  асыру  мақсатында  осы  жүйені  тәуелсіз  бағалауға  қажетті,
тиісті  түрде  әзірленген,  стандартталған  ұлттық  тестілеу  жүйесі  бар  болуы  керек.
Дегенмен,  көптеген  мемлекеттер  мойындағандай,  мектепаралық  салыстырулар,  егер
тек  бір  мектепті  басқа  ұқсас  мектеппен  салыстыру  жүзеге  асырылған  жағдайда
объективті.  Егер  бір  мектепте  тек  дарынды  немесе  қабілетті  оқушыларды  қабылдауға 
бағытталған  қабылдау  тесті  жүйесі  қызмет  еткен  жағдайда,  бұл  мерзімде  басқа  мектеп 
барлық  балаларды  олардың  қабілеттеріне  қарамастан  қабылдауды  жүзеге  асырады,  онда 
екінші  мектептегі  оқушылардың,  орта  есеппен,  алдағы  алған  білімдерінің  деңгейі  төмен 
болатындығы ықтимал. Егер екі мектеп те ҰБТ немесе 9-шы сынып оқушыларын тестілеу
бойынша  бірдей  нәтиже  көрсетсе,  онда  екінші  мектептің  өз  оқушыларының  білімін 
жақсартуға  көмектескендігінің  әлдеқайда  тиімді  болғандығы  анық.  ЭЫДҰ-на  мүше 
мелекеттердің  бірқатар  жоғары  дамығандары,  мектептердің  нәтижелілігін  салыстыруды
өз  оқушыларына  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  көрсетілген  қолдау  көлемінің 
көзқарасында  жүргізуге  мүмкіндік  беретін,  оқушылардың  бұрын  алған  білімдерінің
арасындағы  айырмашылықтарды  түзетуді  қамтамасыз  ететін  «қосымша  басымдылық»
индикаторын  әзірлеу  жұмыстарын  жүргізуде.  «Қосымша  басымдылықтың»  тиімді
индикаторларын  әзірлеу  күрделі  процесс  болып  табылады  және  оқыту  нәтижелері  мен
жекелеген  оқушылардың  оқу  үлгерімін  қадағалау  үшін,  сондай-ақ,  әдетте  оқыту
нәтижелеріндегі  айырмашылықтармен  байланысты  болып  келетін,  оқушылардың  басқа
да  сипаттамалары  туралы  ақпараттарды  жинау  үшін  мәліметтерді  жинау  мен  өңдеудің 
Қазақстанда  қазір  қолданылатын  түріне  қарағандағы  анағұрлым  күрделі  жүйесін  талап 
етеді.  4.2  Ендірме  «қосымша  басымдылық»  индикаторының  қалай  қызмет  ететінін
 көрсетеді.
Ендірме 3.4 Мектептердің қосымша басымдықтарының нәтижелілігін бағалау: қолжетімділік 
пен теңдік мүмкіндіктерін арттыру
Қосымша  басымдылықты  модельдеу  (VAM)  дегеніміз  -  мектептердің  жеке  ерекшеліктеріне 
қарай  критерийлердің  икемделуі  мүмкін  болғандықтан,  оқушының  оқу  нәтижелеріне  және 
дамуына мектептердің қосатын үлесін анағұрлым дәл және әділ түрде бағалау тәсілі. Бүгінде бұл 
тәсілді мектептердің есеп берушілігін күшейту мен оқыту сапасын арттыру мақсатында ЭЫДҰ-на

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 121
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
мүше бірқатар мемлекеттердің (Норвегия, Польша, Словения, Ұлыбритания және АҚШ) білім беру 
органдары пайдаланады.
«VAM»  шеңберінде  қолданылатын  есеп  берушіліктің  негізгі  бірлігі  жеке  мектеп  болып 
табылады. Қосымша басымдылықтың жеке оқушылар, пән, сала, баға деңгейі, мектеп және басқа 
да бағыныстағы заңды тұлғалар үшін (мысалы, муниципалитеттер) бағасын білуге болады. «VAM» 
бағалауы  мәні  жағынан  басқа  мектептердің  көрсеткіштерімен  салыстырымды.  Жеке  мектепті 
бағалау, шын мәнінде - бұл жекелеген мектептің өз оқушыларын оқытуға қосқан үлесі мен «VAM» 
аясындағы басқа мектептердің нақты тобының өз оқушыларын оқытудағы орта үлесінің арасындағы 
айырмашылықты  бағалау.  Мектептердің  басқа  тобының  мәліметтерін  пайдалану,  мысал  ретінде, 
қосымша басымдықтың басқаша бағалауларына алып келуі мүмкін.
Есеп берушілік жүйесі шеңберінде мектеп көрсеткіштерін бағалау, әдетте, мұғалімдер үшін 
әрекеттер  мен  нәтижелерге  алып  келеді.  Осылайша,  бағалау  нәтижелері  мектеп  қызметкерлеріне 
тиімді шаралар мен жетілдіруді қандай жолдармен қамтамасыз ету қажеттігі туралы, сондай-ақ бұл 
шара жолындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат беруі тиіс. «VAM» жүйесін қамтитын есеп берушілік 
жүйесін енгізудің алғашқы кезеңдерінде мектептің жұмысын жақсартуға бағытталған шаралардың 
басымдықтары мен қабылдану мүмкіндіктерін анықтап алу қажет. Мектептердің, қызметкерлердің 
және мұғалімдердің жұмыс тиімділігін күшейтетін және арттыратын оңды ынталандырулар бұдан 
кейінгі бағалау нәтижелілігімен, қолдау көрсету шараларымен және тиімділігі төмен мектептерге 
арналған қорлармен бірігулері мүмкін. 
Қосымша  басымдықты  қамтамасыз  ету  әдістерін  әзірлеу  мектептер  жұмысының  барлық 
эмпирикалық негізделген көрсеткіштерінің өзгеруі және біржақты сипатта болуы ықтималдығына 
байланысты,  бар  қиындықтарды  тиімді  шешу  үшін  мұқият  дайындықты  және  жоспарлауды 
талап етеді. Осылайша, қосымша басымдықты қамтамасыз етудің сенімді әдістерін әзірлеу түрлі 
статистикалық, әдіснамалық проблемаларды және оларды жүзеге асыру мәселелерін шешуі тиіс.
Дереккөз: ЭЫДҰ, 2012
Мектептер  арасында  салыстырулар  жүргізу  үшін  нәтижелілікті  бағалау
қорытындылары  мен  мектеп  оқушыларының  сипаттамалары  туралы  мәліметтерді  жинау
бойынша  қолайлы  салыстырмалы  ақпаратты  іздестіруге  және  оны  білім  беру
саласындағы  қызығушы  тараптарға  таратуға  жалпыұлттық  көлемдегі  үйлесімді  жүйенің 
болуы  шарт.  Ата-аналар  бұл  ақпаратты  әлде  олардың  балалары  оқитын  мектептерден 
жеке  жолмен,  әлде  жарияланған  дереккөздерден  немесе  екі  дереккөзден  де  алып  отыруы
тиіс.  ЭЫДҰ  ұсынысына  сәйкес  Қазақстан  мәнмәтініндегі  бірінші  қадам,  мектептер
арасындағы  нәтижелелік  көрсеткіштеріне  салыстырулар  жүргізуді  жүзеге  асыру  үшін
құрамдас  элементтерді  енгізуге,  яғни,  әр  оқыту  кезеңінің  соңында  стандартталған 
жалпыұлттық  тестілеу  және  осы  тест  нәтижелері  бойынша  барлық  оқушылардың  білім
деңгейі  туралы  тиімді  және  сенімді  деректерді  жинау  жүйесін  енгізуге  бағытталуы  тиіс. 
Екінші  қадам,  салыстыру  мақсатында  мектептерді  ұқсас  мектептер  топтарына  біріктіру 
үшін  мектептер  мен  олардың  оқушыларына  тиісті  сипаттамалар  бойынша  кең  көлемді
сенімді  ақпаратты  жинақтау  болуы  тиіс.  Үшінші  қадам,  мектептер  мен  оқушылар 

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
122 - 
МАЗМҰНЫ
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
арасындағы  барлық  елеулі  айырмашылықтарды  ескеретін,  қосымша  басымдық
көрсеткіштерін  құрудың  анағұрлым  ұзақмерзімді  мақсаттарын  орнату  және  барлық 
мектептерді  жалпы  негізде  салыстыру  үшін  қажетті  мәліметтерді  жинау  және  өңдеу 
бойынша жүйелерді әзірлеу болуы тиіс.
Стандарттар немесе белгіленген уақыт кезеңіндегі оқыту барысы мониторингі
Бірқатар  ұлттық  білім  беру  жүйесі  мәнмәтінінде  оқушылардың  білімін  бағалау  басқа 
индикаторлармен  қатар,  стандарттарды  мониторингтау  мақсатында  оқу  нәтижелерінің 
жылдан-жылға  көтерілу,  төмендеу  немесе  өзгермеу  нысанында  қолданылады.  2009  PISA 
жылғы  есебінде  ЭЫДҰ  мемлекеттерінен  қатысушы  77%  мектеп  директорлары  жылдан-
жылға  мектеп  көрсеткіштерін  мониторингтау  үшін  бағалау  нәтижелерін  қолданғандарын 
мәлімдеген,  мұндағы  Қазақстанның  көрсеткіші  99%  құраған.  Қазақстандағы  мұндай 
мониторингтің  объективтілігі  қазіргі  кезде  мектеп  директорларына  қолжетімді 
мемлекеттік  мектептерді  стандартты  бағалау  жүйесі  негізінде  расталуы  мүмкін  емес. 
Стандарттарды  сақтауға  сенімді  және  анықталған  мониторингті  қамтамасыз  ету  үшін
немесе  жылдан-жылға  оқытудың  барысында  екі  шартты  орындау  қажет.  Біріншіден,
мониторингтің  бұл  жүйесі  стандартталған  тестілеуге  негізделуі  тиіс.  Екіншіден,  егер  тест 
түрлі  сұрақтарды  қамтыса  да,  шектік  балл  немесе  алынған  баға  жылдан-жылғы  ұқсас 
білім  деңгейімен  байланысты  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  ілгергілетуші  жүйенің  болуы 
қажет.  (Егер  тестте  бірдей  сұрақтар  қамтылса,  әсіресе,  егер  бұл  сұрақтар  жалпы  білімге 
бағытталған  болса,  жоғары  сынып  оқушылары,  сөзсіз,  төменгі  сынып  оқушыларына
қарағанда  жоғары  нәтижелер  көрсетеді,  себебі,  олар  бұл  сұрақтарды  тауып  және  алдын-
ала жауабын біліп алады).
Басқа  мемлекеттерде  жинақталған  алқалық  тәжірибе  мен  білім  ақпараттың  құнды
дереккөзі  мен  әрекет  басшылығын  белгіленген  уақыт  мерзімі  бойында  ұлттық  білім  беру 
стандарттарын  мониторингтау  үшін  оқушылардың  білімін  бағалау  нәтижелерін 
анағұрлым  тиімді  пайдалануды  қалайша  қамтамасыз  ету  мен  уақыт  мерзімі  бойы  жеке 
стандарттарды  мониторингтау  үшін  оқушылардың  білімін  бағалау  нәтижелерін
қолдануға  мектептерді  қалайша  итермелеуді  ұсына  алады.  Мұндай  мемлекеттердің 
мысалы  «NEAP»  бағалауын  жүргізу  бөлігінде  АҚШ  және  оқытудың  ұлттық 
бағдарламасына  тестілеу  жүргізу  бөлігінде  Англия  болып  табылады.  халықаралық  білім 
беру  ассоциациясы  (IEA)  TIMSS  бағалау  жүйесіне  қатысты  осы  мәндес  жұмыстарды
жүргізеді.
Оқытудың сапасы мен өзектілігі
Көптеген  дамыған  мемлекеттер  сапа  және  оқыту  өзектілігі  мониторингін  мемлекет 
деңгейінде  екі  негізгі  тәсілмен  жүзеге  асырады:  мектептегі  оқыту  сапасын  тәуелсіз 
бақылау 
және 
бағалау 
нәтижелері 
бойынша 
алынған 
қорытындылар.
Тексеру және сапалық бақылау
Шамамен  7  жыл  бұрын  Қазақстанда  мектепте  оқытудың  сапасын  басқару  жүйесі 
құрылып,  тексеру  жүргізу  жауапкершілігі  орталықсызданды  немесе  аймақтық  білім 
басқармаларына  табысталды.  2011  жылы  ҚР  БҒМ-н  орталықсызданған  жүйенің
жетілмеген  жұмысы  мазалай  бастады.  Сапаға  тексеру  жүргізетін  аймақтық  мамандар, 
шын  мәнінде,  әр  мектептің  айтарлықтай  жақсы  жағынан  көрінуіне  жауапты  аймақтық 
шенеуніктерден 
тәуелсіз 
емес 
болды 
және 
инспекторлар 
мектептердің
қанағаттанарлықсыз 
жұмысы 
туралы 
өте 
сирек 
хабарлап 
отырды.
Осыдан  кейін  жаңа  жүйе  енгізілген  болатын.  Әр  мектеп  жұмысын  бастамас  бұрын 
лицензия  алып,  содан  кейін  білім  басқармаларының  аймақтық  органдарымен  5  жылда  бір 
рет  аттестаттау  ресімінен  өтеді.  Мұнан  бөлек,  Министрлікпен  Білім  және  ғылым 

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
18 - 
МАЗМҰНЫ
ТАРАУ 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
  
1 «Жалпы сипаттама» Тарауында осы есептің мәнмәтіні анықталған, Қазақстанның
саяси  және  демографиялық  құрылымы  туралы  жалпы  түсінікті,  тілдік  топтар,
сонымен қатар, экономикалық даму индикаторлары мен еңбек нарығының жағдайын
қамтиды.  Тарауда  ұлттық  білім  беру  жүйесіне,  сонымен  қатар,  білім  беру
реформасынан күтілетін кеңістікке сипаттама берілген, Қазақстанның халықаралық
бағалау жүйесі мәнмәтініндегі «Математикалық және жаратылыс-танулық білім
беру сапасын халықаралық   зерттеу трендтері» (TIMSS), сонымен қатар, ЭЫДҰ
Бағдарламасының оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық бағалаудың (PISA)
нәтижелілігі көрсетілген. Соңында, бұл тарауда орта білім беру жүйесінің жағдайы
туралы ЭЫДҰ шолу жүргізуге негіздемесі баяндалған.
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
124 - 
МАЗМҰНЫ
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
диаграммалар  түрінде  берілген  ақпараттарды  өңдеу  қабілеттерін  бағалау»  болғандығы 
туралы айтылады.
PISA-ға  ұқсас  нәтижелерге  талдау  жүргізілгеннен  кейін  9-шы  сынып  оқушыларының
өз  білімдерін  көрсетуді  талап  ететін  тесттің  тапсырмаларына  анағұрлым  табысты  жауап 
берді  және  ашық  сұрақтарға  жауап  беруде  біраз  қиындықтарды  сезінгендері  анықталды. 
Осыған  ұқсас,  5-ші  сынып  оқушылары  олардың  проблеманы  шешу  дағдыларын  қолдану
қабілеттерін  тексеруге  бағытталған  математика  бойынша  тапсырмаларда,  сондай-ақ,
сұрақтарға  жауап  беруде  өз  білімін  түсіну  және  қолдану  тапсырмаларында  қиындықтар
сезінген. 
Мектеп  директорлары  жақсы  нәтижелермен  байланыстырған  факторлар  келесілерді 
қамтиды:  жақсы  жағдайда  тұрған,  жақсы  жабдықталған  мектеп  ғимараттары;
бірауысымдық  кесте  бойынша  жұмыс  және  сыныптардың  асыра  толтырылуына  жол 
бермеу;  және  «жоғары  санатты»  мұғалімдердің  бар  болуы.  Мектеп  директорларының 
пікірінше,  нәтижелерді  жақсартудың  ең  жақсы  тәсілі  мұғалімдердің  өз  кәсіби  дағдылары 
мен  біліктіліктерін  арттыруы  болады.  Мектеп  мұғалімдері  мен  директорлары  арасындағы
сауалнамаға  жауап  берушілердің  көпшілігі  (69%)  критерийлерге  негізделген  бағалау
жүйесін  енгізу  оқыту  нәтижелерін  жақсартуға  мүмкіндік  береді  деп  санайды.  Сондай-ақ,
сұралғандардың  72%-ы  оқыту  бағдарламасы  аясында  математикаға  өте  аз  уақыт  көлемі 
бөлінгенін атап өтті.
Мониторинг  бойынша  баяндамадан  алынған  және  осы  есептің  аясында
қолданылатын пайдалы ұсынымдар келесілерді қамтиды:
  Ÿ 
Мектептік  білім  беру  жүйесінің  акцентін  дағдыларды  дамыту  жағына  қарай
    ығыстыру мақсатында шынайы өмірлік жағдайлар мәнмәтінінде білімді қолдану;
  Ÿ 
Математика  және  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  оқыту  сапасына  кешенді
   бағалау жүргізу үшін критерийлерді анықтау;
  Ÿ 
Мектеп мұғалімдері ассоциациясының ролін күшейту;
  Ÿ 
Оқыту, сонымен қатар, мектепті басқару саласында кәсібилікті арттыру;
  Ÿ 
Профессор-оқытушылар  құрамының  біліктілігін  семинарларға,  лекцияларға,
    білім  беру  конференцияларына  және  мұғалімдерді  дайындау  бойынша  басқа 
   инновациялық түрлердегі шараларға қатысу есебінен арттыру;
  Ÿ 
Оқушыларды  зерттеу  және  шығармашылық  дағдыларына  баулығаны  үшін
   мұғалімдерді марапаттау.
Екінші  баяндама  -  бұл  9-шы  сынып  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  сырттай
бағалау  нәтижелерін  талдау  (ҚР  БҒМ  2012a).  2012  жылғы  нәтижелер  республика/аймақ,
қала/ауыл,  мектеп  түрлері  мен  нысандары,  оқыту  тілі  мен  тақырып/пән  бойынша  орташа
балл  түрінде  берілген.  Бұл  баяндама,  басқасынан  бөлек,  мұғалімдер  мен  ата-аналарды 
білім  сапасы  туралы  ақпараттандыру  мақсатында  дайындалған,  егер  мектептерді  іріктеу 
көрнекілігін  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар  қабылданса,  онда  ақпаратты  және  білім 
беру  саласындағы  болашақ  саясатқа  қатысты  анағұрлым  тиімді  басқару  ретінде  қызмет 
ете  алуы  мүмкін  еді,  сонымен  қатар,  оқушылардың  нәтижелері  мен  мектептің 
сипаттамасына  ықпал  етуіне  талдау  жүргізілген.  Баяндамада  дарынды  балаларға  арналған 
түрлі  мектептердегі  оқушылардың  ерекше  жақсы  нәтижелер  көрсеткендігі  аталып  өтіледі, 
бірақ,  нені  күту  керектігі  көрсетілмейді.  Сондай-ақ,  екі  ауысымда  оқытатын  мектептердің 
екінші  ауысымындағы  оқушылардың  нәтижелері  нашар  болғандығы  аталып  өтеді,  бірақ 
басқа  деректердің  негізінде  мұның  немен  байланысты  екендігі  түсіндірілмейді.  Осыған 
ұқсас,  баяндамада  көптеген  аймақтардың  оқушылары,  қағида  бойынша,  мектепте
«жоғары  санатты»  мұғалімдердің  жоғары  үлесі  бар  болғанда,  оқуда  анағұрлым  жоғары
көрсеткіштерді  көрсеткені  аталып  өтеді,  бірақ,  неге  басқа  үш  аймақта  -  Оңтүстік 

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 125
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
Қазақстан  облысы,  Алматы  және  Астана  қалаларында  бұл  тенденцияның  орын  алмауына
түсініктеме  берілмеген.  9-шы  сынып  оқушыларының  білім  сапасына  ықпал  ететін 
факторлар  деп  аталатын  басқа  есепте  (ҚР  БҒМ  2012c),  төрт  аймақтағы  мектептердің
нәтижелері  мен  оқушылар,  ата-аналар  және  мұғалімдер  арасындағы  сауалнама  жүйесін
пайдаланып,  олардың  оқушыларының  сипаттамалары  арасында  байланыс  жүргізуге 
талпыныс  келтірілген,  дегенмен,  баяндамада  келтірілген  талдау  білім  беру  саясатының 
мақсаттары үшін тәжірибелік басқаруды бермейді.
Дегенмен,  9-шы  сыныпта  білім  сапасын  арттыру  бойынша  ұсынымдардың  арасында 
нәтижелерді  талдау  туралы  баяндамадан  ЭЫДҰ  ұсынымдарына  сәйкес  келетін,  осы
есепте сипатталған бірнешеуі бар. Олар төменде келтірілген:
  Ÿ 
ОЖСБ  аясында  оқушылардың  нәтижелеріне  жағымсыз  ықпал  ететін  факторларға
   терең талдау жүргізу;
  Ÿ 
Әрбір оқушының үлгерімі үшін мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру;
  Ÿ 
Жоғары  нәтижелі  жетекші  мектептердің  озық  тәжірибелерін  зерттеу  және
   қабылдау;
  Ÿ 
Әрбір оқушыға қатысты мұғалімнің жеке көзқарасын қамтамасыз ету;
  Ÿ 
Әрбір оқушы үшін ынталандыруды құру;
  Ÿ 
Оқу  мақсаттарының  дәстүрлі  тізімін  оқушының  дағдыларын  дамыту  моделіне
   айналдыру;
  Ÿ 
Оқыту  саласындағы  жаңаша  технологияларды  кеңінен  қолдану,  тиімді  ұлттық
   және халықаралық тәжірибені қабылдау;
  Ÿ 
Мектептердегі «жаттандылықты» (тест тапсыруға дайындықтағы) жою;
  Ÿ 
Білім  мәдениетін  беру,  сыни  ойлауды  және  оқушылардың  жеке  дағдыларын
   дамыту бойынша жалпы жүйелік шараларды әзірлеу;
  Ÿ 
Қосымша оқыту үшін мектептік демалыстарды қолдану;
  Ÿ 
Білім  беру  процесіне  ата-аналарды  қатыстыру  бойынша  шараларды  қабылдау. 
Үшінші  баяндама  -  бұл  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нәтижелерін  талдау  (ҰБТ2012)
(ҚР БҒМ, 2012d). Баяндаманың соңында оқушылардың жоғары және онша жоғары емес білім 
сапасының  нәтижелеріне  байланысты  мәнмәтіндік  факторларды  қарастыратын  бөлім  бар.
Аталып  өткендей,  оқушылардың  нәтижелері,  қағида  бойынша,  «жоғары  санатты» 
мұғалімдердің  үлесі  бар  болғанда;  егер  мектептер  қалада  орналасқан  болса;  егер  мектептерде 
пәндерді  тереңдетіп  оқыту  (бейіндік  оқыту)  жүзеге  асырылса  және  егер  мектептер 
компьютерлік  техникамен  (компьютерлер  мүлдем  ескі  болмаған  жағдайда)  жабдықталған
болса  жоғары  болып  отырды.  Оқушылардың  нәтижелері  егер  мектептер  ауылдық  жерлерде 
орналасқан  болса,  егер  екі  ауысымды  мектептердее  екінші  ауысымда  оқитын  оқушылардың
үлесі  жоғары  болса  немесе  егер  мектептер  төмен  деңгейлі  табысты  аудандарда  орналасқан 
жағдайларда төмен болды.
Құптарлығы,  мәнмәтіндік  талдау  жүргізуге  талпыныс  жасалды,  бірақ  PISA,  TIMSS
аясында  статистикалық  талдау  жүргізу  өлшемдері  бойынша  және  ЭЫДҰ  көптеген  мүше 
мемлекеттерінде  ҰБТ  талдауы,  дұрысы,  толық  емес  болып  табылады.  Мысалға,
стандарттарға  сәйкес  ерте  кезеңдерде  оқушылармен  қол  жеткізілген  нәтижелерді  ҰБТ-
мен  байланыстыру,  әлде  оқуда  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізген  біршама  табысты  емес
отбасынан  шыққан  оқушылардың  мектептерін  анықтау  және  лайықты  бағасын  беру
талпынысы  жасалмаған.  Сонымен  қатар,  қандай  факторлардың  аз  және  көп  маңызы  бар
екенін  анықтау  үшін  сондай  мектептерде,  әдетте,  кездесетін  белгіленген  факторлардың 
(мысалы,  компьютерлермен  кең  қамтамасыз  ету)  басқаларынан  әсер  етуін  бөлу
талпынысы жасалмаған.

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
126 - 
МАЗМҰНЫ
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
ЭЫДҰ  ҰБТ  нәтижелерін  талдау  туралы  баяндамада  келесі  ұсынымдарды  бөліп
көрсетеді:
  Ÿ 
Ауылдық  мектептердегі  оқыту  сапасын  арттыру  және  басқа  да  қорларды
   жақсарту;
  Ÿ 
Бағалау жүйесін жақсарту, оны критерийлерге негіздеп реттеу;
  Ÿ 
Мұғалімдердің  дайындық  деңгейін  арттыру,  жекелей  алғанда,  АКТ-ны  қолдану
   саласында;
  Ÿ 
Оқушыларға  жеке  қолдау  беру  және  ерте  кезеңде  оқытумен  байланысты
   проблеманы анықтау/түзету;
  Ÿ 
Мұғалімдерге  әлемдік  жетекші  тәжірибелерді  беру  бойынша  қосымша  шараларды 
   қабылдау;
  Ÿ 
Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру.
Қорытындыда,  ұлттық  бағалау  жүргізуде  алынған,  сабақтарды  қамтитын  бірнеше
ресми  баяндамалардың  жеке  зерттеу  жүргізу  барысында  ЭЫДҰ-мен  алынған 
тұжырымдарға  өте  ұқсас  екенін  атап  өту  қажет.  Бұл  осы  баяндамада  ұсынылғандай, 
жоғары  оқыту  сапасын  қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстанда  білім  беру  саласындағы 
қызығушы  тараптардың  білім  беруді  реформалау  бойынша  маңызды  қадамдар  жасауға 
дайын екендігі туралы айтып отыр.
Ұсынымдар
  Ÿ 
Критерийлерге  негізделген  бағалау  жүйесін  Қазақстандағы  барлық  бастауыш  және
    орта  (оның  ішінде  жоғары  сыныптарда)  мектептерде  енгізу  қажет.  Бұл  жекелеген 
   оқушылар  үшін  оқыту  сапасын  жақсартуға  және  оқытуды  өзектендіруге;
    мектептер  мен  сыныптардағы  білім  беру  стандарттарын  көтеруге  көмек  етеді;
    оқытудың  нәтижелерін  аймақтық  және  ұлттық  критерийлер  бойынша  салыстыру
    жүргізуге  мүмкіндік  береді;  артта  қалушы  оқушыларды  анықтауға,  мұғалімдердің 
   жоғарылатқан  баға  қоюына  кедергі  келтіруге  және  ата-аналар  үшін  маңызды 
   оқушылардың үлгерімі туралы есеп жасауға көмектеседі.
  Ÿ 
Бағалау  критерийі  қайта  қаралған,  2  Тарауда  ұсынылған,  12  жылдық  мектептік
    білім  беру  аясында  әр  сынып  үшін  әзірленген  және  барлық  оқытылатын  пәндердің 
   оқу  бағдарламасының  ажырамас  бөлігі  болу  керек.  Жаңа  оқу  бағдарламасын
    сипаттайтын құжаттар әр кезеңде қолданатын бағалау критерийлерін қамтуы тиіс.
  Ÿ 
Тек  ағымдағы  мектептік  пәндерді  ғана  емес,  бірақ  оқушылар  меңгеруі  тиіс
    анағұрлым  жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдылары  үшін  бағалау  критерийін  анықтау
   қажет.
  Ÿ 
Қазақстанның  барлық  оқытушылары  оны  тиімді  пайдалануды  12  жылдық  оқыту
    моделін  ендіру  мерзіміне  дейін  барлық  орта  мектептерде  оқыту  үшін
    критерийлерге  негізделген  бағалау  жүйесімен  таныс  емес  мұғалімдерді  дайындау
    мүмкіндігін  жуық  арада  бастау  керек.    НЗМ  критерийлерге  негізделген  бағалау
    жүйесі  ұсынымдарға  сәйкес  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларды  әлі  қайта  қарау
   жүргізіліп отырғанға дейін қолдануы мүмкін.
  Ÿ 
Білім  берудің  әр  кезеңінің  соңында  ұлттық  стандартталған  тестілеу,  яғни,
    бастауыш  мектепті  аяқтағанда  (қазіргі  кезде  4-ші  сыныптан  кейін)  және  негізгі
    орта  мектепті  аяқтағанда  (қазіргі  таңда  9-шы  сыныптан  кейін,  алдағы  уақытта  10-
   шы  сыныптан  кейін)  өткізу  ұсынылады.  Стандартталған  тесттер  осы  кезеңдерде
    оқытудың 
аймақтық 
және 
ұлттық 
критерийлері 
негізінде 
нәтижелерді
    салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Егер  тесттік  сұрақтар  оқушыларға  алдын-ала  таныс 
   болмаса  және  олардың  жай  мұғалімдерімен  емес,  басқа  мұғалімдермен
    бағаланатын  болса,  тестілеудің  нәтижесіне  үлкен  қоғамдық  сенім  білдірілетін
   болады.

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 127
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
  Ÿ 
12  жылдық  оқыту  моделі  енгізілген  және  Бейiндік  мектептер  ашылған  кезде  білім
    алу  үшін  ЖОО-на  түсуді  жоспарлаған  10-шы  сынып  оқушыларының  күтілген
    60%-ы  тіл,  математика  және  жаратылыстану  ғылымдары  сияқты  негізгі  пәндер
    бойынша  бекітілген  минималды  талаптарға  Бейіндік  мектептерге  түсуші
    оқушылар  сай  келетіндігін  анықтау  үшін  10-шы  сыныпты  аяқтаған  соң
    стандартталған  бағалаудың  сол  жүйесін  қолдануы  қажет  болады.  Сарапшылар
    тобы  Бейiндік  мектепте  білім  алу  үшін  орындарды  бөлу  мақсатында  жекелеген 
   оқушылардың  мақсаптық  ұмтылысына  қарамастан,  ҰБТ-ға  ұқсас  басқа  емтиханды
   енгізу идеясына үзілді-кесілді қарсы.
  Ÿ 
Білім  министрлігіне  ұлттық  стандартталған  тестілеуді  өткізу  нәтижелері  бойынша 
   барлық  оқушылардың  білім  деңгейі  туралы  тиімді  және  сенімді  деректерді
    жинақтау  жүйесін  құру  керек.  Бұл  түрлі  мектептерде  оқушылардың  біліміне 
   объективті  салыстыру  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Үкіметке,  сондай-ақ,
    мектептердің  тиісті  сипаттамалары  туралы  үлкен  көлемді  және  анағұрлым  анық
    ақпараттарды  жинақтау  бойынша  және  салыстыру  мақсатында  ұқсас  мектептерден
    тұратын, 
мектептер 
«отбасына» 
біріктірілуі 
үшін 
олардың 
оқушылары
    жоспарлауды  жүзеге  асыру  қажет.  Одан  кейін  қосымша  басымдықты
    индикаторларды  және  осыған  қажетті  мәліметтерді  жинақтау  және  өңдеу  жүйесін,
    мектептер 
мен 
олардың 
оқушылары 
арасындағы 
барлық 
сәйкес
    айырмашылықтарды  есепке  ала  отырып,  барлық  мектептерді  жалпылама  негізде 
   салыстыру  мүмкіндігін  әзірлеу  керек.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігімен  2012
    ж.  Ұлттық  білім  беру  мәліметтері  базасының  құрылуы  және  оның  пилоттық
    режимде  қосылуы  дұрыс  бағыттағы  маңызды  қадам  болып  табылатыны  сөзсіз.
  Ÿ 
Оның  үстіне,  егер  Қазақстан  Үкіметі  белгіленген  уақыт  мерзімі  бойында  ұлттық
    білім  беру  стандарттарына  мониторинг  жүргізуге  ниет  білдірсе,  әлде  мектептер
    белгіленген  уақыттан  кейін  өздерінің  стандарттарына  мониторингті  жүзеге  асыру
    жағдайында  болып,  ниет  білдірсе,  әр  жылдардағы  жағдай  бойынша  түрлі
    сұрақтармен  күрделілік  деңгейі  мен  тестілеу  нәтижелерін  салыстыру  туралы
 
халықаралық 
сарапшылардың 
кеңестерін 
пайдалану 
ұсынылады.
  Ÿ 
Қазіргі  таңда  9-шы  сыныптың  (алдағы  уақытта  10-шы  сыныпта)  соңында
    жүргізілетін  білімді  тәуелсіз  бағалау  PISA  сияқты  бұл  жүйе  де  білім  деңгейін  тек
    тестілеп  қана  қоймай,  жоғары  деңгейлі  білім  мен  ойлау  дағдыларын  қолдануға
   мүмкіндік беру үшін қайта қарастырылуы керек. 
  Ÿ 
2007  ж.  жоғары  білім  бойынша  ЭЫДҰ  баяндамасында  ұсынылғандай  (ЭЫДҰ,
    2007),  ҰБТ-ны  тәуелсіз  бағалаудың  екі  жекелеген  жүйелерімен  алмастыру  қажет.
  Ÿ 
Бағалау  жүйесінің  біріншісі  оқушылар  мектеп  бітіргенде  тапсыратын,  ЖОО-на
    түсуде  минималды  стандарты  бекітетін  ұлттық  емтихан  болуы  керек.  Бұл
    емтиханды  мектепті  аяқтаушы  барлық  12-шы  сынып  оқушыларға  (жұмысқа
    тұратындарға,  колледжге  немесе  ЖОО-на  түсушілерге)  мүмкіндік  беру  үшін,
    өздерінің  барлық  мектептік  пәндері  бойынша  меңгерген  білімі  мен  дағдыларын,
    оның  ішінде,  анағұрлым  жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдыларын  толық  көлемде
    көрсетуге  әзірлеу  қажет.  Бұл  мақсаттар  үшін  ағымдағы  ҰБТ  бірнеше  нұсқалы
    жауабы  бар  сұрақтардың  форматы  жарамсыз  болып  табылады  және  одан  бас  тарту
   керек.
  Ÿ 
Екінші  емтихан  ЖОО-на  түсу  үшін  мектепті  бітіруде  емтиханды  табысты
    тапсырғандар  қатарынан  ЖОО-ғы  оқу  орнының  шектелген  санына  анағұрлым
    білікті  талапкерлерді  іріктеу  үшін  арнайы  әзірленген  тест  болу  керек.  2007  ж.
    ЭЫДҰ  баяндамасында  (ЭЫДҰ,  2007)  түрлі  деңгейдегі  дайындығы  бар
6
  түрлі
    әлеуметтік  топтардан  шыққан  оқушылар  үшін  тең  әділеттілікті  қамтамасыз  ету
    мақсатында  АҚШ-та  қолданылатын,  «SAT»  тестіне  ұқсас,  білімді  емес,

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 19

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет