Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education


-  МАЗМҰНЫ Дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

60 - 
МАЗМҰНЫ
Дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету
2.1  Суретте  дарынды  балаларды  оқытуға  жағдай  жасайтын  мемлекеттегі  әр  облыс
бойынша  мектептер  саны  көрсетілген,  бірақ,  атап,  өткендей,  дарынды  балаларға  арналған
басқа  да  көптеген  «жай»  мектептер  бар.  Жалпы  алғанда,  қазақстандағы  білім  беру
саясаты  «дарынды  балаларға»  үлкен  мән  береді  (нақты  анықтамасы  жоқ  санат),  бұл 
мемлекеттік  жоспарлар  мен  ресми  мәлімдемелер  аясында  бөлінетін  қорларды, 
марапаттауларды  және  жалпы  назарды  жағымды  бөлуді  анықтап,  осы  санаттағы
балалардың  өз  қабілеттерін  дамытуына  көмек  көрсету  маңыздылығы  атап  өтіледі.
Дарынды  балаларға  арналған  мектептерде,  сондай-ақ,  заманауи  ғимараттар  мен  жағымды
жағдайлар  бар.  Базалық  есепте  атап  өтілгендей:  «Білім  беру  саласындағы  саясаттың
мақсаттарының  бірі  жоғары  білімді,  бәсекеге  қабілетті  және  шығармашыл  тұлғаны
тәрбиелеуге  ықпал  ету  мақсатында  дарынды  балаларды  анықтау  және  басқару  мен 
қолдауды  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Қазақстанда  олардың  қабілеттерін  ашу  және
дамытуға  жақсы  жағдайлар  мен  мүмкіндіктер  жасау,  сонымен  қатар,  олардың  әлеуетін
жүзеге  асыру  мақсатында  дарынды  балаларға  арналған  арнайы  білім  беру  ұйымдарының
желісі кеңейіп келеді».
Тіпті,  «жай»  мектептердің  арасында  «жас  таланттарды»  (дарынды  балаларды)
оқытатын  мамандандырылған  болып  табылмайтын  мектептерде  жоғары  нәтижелері  үшін
өте  көптеген  конкурстар,  марапаттаулар  және  сыйақылар  бар.  Осындай  жарыстар  мен
конкурстарда  жеңіс  үшін  марапттаулар  тек  тікелей  оқушылардың  өздеріне  ғана  емес,
сондай-ақ,  олардың  мұғалімдері  мен  мектептеріне  тағайындалады,  мұғалімдердің  арнайы
атақтар  мен  жеңілдіктер  алуға  құқы  бар,  конкурстарда  және  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу
(ҰБТ)  аясында  үздіксіз  табысты  және  танымал  нәтижелер  көрсеткен  жағдайда  мектептер, 
соңында, 
әлдеқайда 
басым 
мәртебе, 
мысалы, 
«эксперименттік 
мектеп», 
«мамандандырылған  мектеп»  (1  және  2  Тарауды  қараңыз),  немесе  лицей
2
  мәртебесін
 алуға мүмкіндігі бар.
Сурет 2.1 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісі 
(2011 ж.)
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2012a
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 61
Осыған  байланысты,  әлдеқайда  жоғары  білікті  мұғалімдер  өздерінің  уақыты  мен
назарын  жақсы  үлгерімді  оқушыларды  ары  қарай  жетілдіруге  бағыттайтын  болады.  Басқа
жағынан  қарасақ,  сәл  дарындылау  немесе  оқуда  қиындық  сезінетін  балаларға  арналған
арнайы  мектептер  немесе  бағдарламалар  «жай»  мектептерде  де,  қосымша  білім  беру
орталықтарының базасында да жоқ.
Қазақстанда  дарынды  балаларға  қандай  аса  маңызды  мән  берілетінін  ескере  отырып, 
олардың  үлгерімін  басқа  мемлекеттердегі  жастармен  салыстыра  қарастыру  қызығушылық 
тудыруда.  Сарапшылар  тобы  хабарлағандай,  дарынды  балалар,  әсіресе,  Қазақстанның 
және  білім  беру  жүйелері  ұқсас  басқа  да  бұрынғы  Кеңестер  Одағы  мемлекеттерінің
ұйымдары  ұйымдастыратын  Халықаралық  олимпиадалар  аясында  өте  жақсы  нәтиже 
көрсеткен  және  соңғы  жылдары  осы  конкурстарда  Қазақстаннан  жеңімпаздар  саны  артып 
отырған (Кесте 2.2).
Кесте 2.2 Іргелі ғылымдар саласындағы халықаралық мектептік олимпиадалардың жеңімпаздар 
саны
2005
2006
2007
2008
2009
2010
154
168
194
354
544
881
Дереккөз: ҚР БҒМ, 2012а
Дегенмен,  PISA  зерттеулері  аясында  2009  ж.  Қазақстанның  ең  таланты  оқушылары
қаншалықты  жақсы  нәтиже  көрсетті  деген  сұрақ  қалып  отыр.  Сондай-ақ,  анағұрлым 
маңыздысы,  егер  талантты  балалар  Қазақстанның  экномикалық  болашағы  мен  гүлденуіне
маңызды  үлес  қосуға  бейімді,  олай  болса,  онда  мемлекетте  қанша  талантты  оқушылар
бар?  PISA  зерттеуінің  шкаласы  бойынша  жоғары  деңгей  -  6-шы.  2.3  Кестеде  6  деңгейдегі 
Қазақстанның  нәтижелелігі  мен  5  деңгейдегі  ЭЫДҰ  мемлекеттері  мен  басқа  да  таңдалған 
PISA  қатысушы  мемлекеттерінің  орташа  нәтижелілігі  арасындағы  салыстырулар 
келтірілген.
2.3  Кестеден  көрінгендей,  PISA  аясында  2009  ж.  қатысқан  қазақстандық
оқушылардың  арасында,  салыстырмалы  түрде  алғанда,  жоғары  нәтиже  көрсеткендер  аз
болды.  Қазақстаннан  6  және  5  деңгейлерге  жеткен  қатысушылар  пайызы  барлық  пәндер
бойынша  ЭЫДҰ  мемлекеттері  арасында  орта  көрсеткіштен  оннан  бір  бөлігін  құрады, 
оның  үстіне,  ЭЫДҰ  тек  бір  мемлекеті  (Мексика)  ғана  жоғары  үлгерімді  оқушылар  санын 
аз  көрсетті  (математика  және  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша;  оқылым  бойынша
пайыз бірдей болды).
Үш  мүмкін  түсініктеме  беруге  болады.  Біріншіден,  басқа  халықаралық  конкурстарда
үздік  болуға  қабілетті,  дайындығы  бар  қазақстандық  оқушылар  тестіленбеген.  Бұл
жағдай,  мүмкін  түсініктеме  болып  табылады,  мүмкін  болмайтын  шығар.  PISA  аясында
қатысуға  дайындалған  мемлекеттердегі  мектептерді  таңдау  PISA  консорциумына 
қабылдану  үшін  қатаң  стандарттарға  сәйкес  болуы  керек.  Стандарттардың  бірі  таңдау
қайта  таныстыруының  бар  болуы  болып  табылады.  Өйткені,  Қазақстанда  анағұрлым 
дайындығы  бар  барлық  оқушылар  таңдалып,  бірнеше  жекелеген  ұйымдардың  базасына
жинақталады,  осы  мектептердің  біреуі  немесе  бірнешеуі  кездейсоқ  іріктеу  негізінде
Қазақстанда  15-жастағы  балалардың  орта  тобында  осы  санаттағы  оқушылар  үлесі  аз
фактісін  көрсетіп  таңдалуы  мүмкін  (әрине,  мемлекеттің  экономикалық  негізін  қалау  үшін
 маңызы жеткіліксіз).
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
62 - 
МАЗМҰНЫ
Кесте 2.3 Қазақстан мен басқа да мемлекеттерде 2009 ж. PISA зерттеулері аясында жоғары 
деңгейлерге жеткен оқушылар пайызы
Мемлекет
Оқылым (%)
Математика (%)
Жаратылыстану 
ғылымдары (%)
6 деңгей
5 деңгей
6 деңгей
5 деңгей
6 деңгей
5 деңгей
Финляндия
1.6
12.9
4.9
16.7
3.3
15.4
Корея
1.0
11.9
7.8
17.7
1.1
10.5
Жаңа Зеландия
2.9
12.9
5.3
13.6
3.6
14.0
Польша
0.7
6.5
2.2
8.2
0.8
6.8
Түркия
0.0
1.8
1.3
4.4
0.0
1.1
Ұлыбритания
1.0
7.0
1.8
8.1
1.9
9.5
АҚШ
1.5
8.4
1.9
8.0
1.3
7.9
ЭЫДҰ (орташа)
0.8
6.8
3.1
9.6
1.1
7.4
Қазақстан
0.0
0.4
0.3
0.9
0.0
0.3
Қырғызстан
0.0
0.1
0.0
0.0
0.0
0.0
Мексика
0.0
0.4
0.0
0.7
0.0
0.2
РФ
0.3
2.8
1.0
4.3
0.4
3.9
Сербия
0.0
0.8
0.6
2.9
0.0
1.0
Шанхай (Кытай)
2.4
17.0
26.6
23.8
3.9
20.4
Сингапур
2.6
13.1
15.6
20.0
4.6
15.3
Ескерту: 5 немесе 6 деңгейлі жоғары пайызды ЭЫДҰ мемлекеттері мен серіктес мелекеттер курсивпен берілген.
Дереккөз: PISA мәліметтерінің базасы, 2009
 
Екінші  мүмкін  түсініктеме  2009  ж.  PISA  зерттеуі  аясында  оқушылардың  білімін
тексеруде  олардың  сыныптарында  оқытуға  негізделген  оқылым,  математика  және 
ғылыми  пәндердің  аспектілерін  қозғамағандығы  болып  табылады.  Бұл  түсініктеме 
шындыққа  жанасады.  Қазақстанның  басқа  да  темір  перденің  (Қырғызстан,  Ресей 
Федерациясы, 
Албания, 
Әзірбайжан, 
Румыния) 
арғы 
жағына 
жасырылған
мемлекеттермен  қатар  бұрыннан  мирас  болып  қалған  білім  беру  жүйесі  бар,  барлығының
PISA  нәтижесі  көңілді  жұбатпайды.  Дегенмен,  PISA  аясында  жас  адамдарға  олардың 
табысты  өмірлік  және  мансаптық  өсуіне  (барлық  қатысушы  мемлекеттер  келіскен)
қажетті  анағұрлым  маңызды  дағдылар  ретінде  оқылым,  математика  және  ғылыми  пәндер
бағаланады,  ары  қарай  осы  тарауда  сипатталғандай,  Қазақстандағы  орта  мектептің 
куррикулумын  жетілдіру,  немесе  сыныптағы  оқыту  акценті  мен  өзектілігі,  немесе  басқа 
да  қажеттіліктер  бар.  Сол  жүйені  мирас  етіп  келе  жатқан  бірқатар  мемлекеттердің
тәжірибесі  көрсеткендей,  жетілдіру  мүмкін.  Польша  (2.3  Кестеде  көрсетілген),  сонымен 
қатар,  Чехия,  Словакия,  Эстония,  Венгрия,  Словения,  Хорватия,  Латвия,  Литва  және 
Болгария  (кестеде  көрсетілмеген),  Қазақстанмен  салыстырғанда,  5  және  6-шы  деңгейлі 
көрсеткішті оқушылардың саны әлдеқайда көп болды.
Үшінші  мүмкін  түсініктеме  дарынды  балаларды  анықтау,  оларға  ерекше  көңіл  бөлу
және  оларды  ынталандыру  акценті  болып  табылады,  конкурстарға  жүлделі  орындар  үшін
қатысу  әр  түрлі  қабілеттілігі  бар  оқушыларға  ықпал  ету  PISA  шкаласы  бойынша  жоғары
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 63
нәтижелілікке  қол  жеткізудің  жақсы  әдісі  болып  табылуы  міндетті  емес.  PISA
көрсеткіштері  ең  жоғары  мемлекеттер  балаларды  «дарынды»  және  қалғандары  етіп
бөлмейді,  конкурстық  құрамдастыққа  айтарлықтай  акцент  қоймайды.  Конкурстар, 
анықтамасы  бойынша,  жеңімпаздар  мен  жеңілгендерді  анықтау  үшін  өткізіледі.  Егер
конкурс  ниеті  бойынша  анағұрлым  көп  күш  жұмсағандар  емес,  анағұрлым  қабілеттері
жоғарылар  ұтатын  болса,  онда  олар  жеңімпаздардың  да,  жеңілгендердің  де  алдағы 
уақыттағы  дамуына  кедергі  болады.  Өйткені,  жеңімпаздар  олардың  табиғи  таланттары 
алдағы  уақытта  ешбір  аса  күш  салусыз  табыстарға  қол  жеткізуге  көмектеседі  деп 
санайтын  болса,  ал,  жеңілгендер  өздерін  қаншалықты  күш  жұмсағандарына  қарамастан, 
болашақта  ештеңеге  қол  жеткізе  алмайтын  жолы  болмаушы  деп  санайтын  болады.  Тіпті,
орта  деңгейлі  үлгерімдегі  оқушыларға  бас  жүлдені  алу  қолжетімсіз  болып  көрінгендіктен,
олар ынталарын жоғалтып алуы мүмкін.
ЭЫДҰ  жарияланымдарында  атап  өтілгендей,  PISA
3
  аясындағы  табысты  зерттеуге
арналған,  Финляндияда,  Жапонияда,  Сингапурде,  Шанхайда  (ҚХР)  және  Гонконгте  ата-
аналардың,  мұғалімдердің  және  жұртшылықтың,  қағида  бойынша,  барлық  оқушылар 
жоғары  стандарттарға  қол  жеткізу  жағдайында  және  оны  жүзеге  асыруы  қажет  деген 
пікірге  қосылады.  Бұл  білім  берудің  жоғары  деңгейін  және  қолжетімділігін  қамтамасыз
етуде  маңызды  сәт  болып  табылады.  Ең  жоғары  көрсеткішті  бірқатар  мемлекеттер,  уақыт 
өте  келе,  оқушылардың  қабілеттеріне  сәйкес  алуан  түрлі  орта  мектептерге  бөлінген 
жүйеден,  танымдық  талаптары  бірдей  жоғары  деңгейде  анықталған  мектептерде  оқу
бағдарламасымен  оқытатын  жүйеге  көшті.  Бұл  мемлекеттер  бұрын  тек  «элиталық»
оқушыларға  қатысты  қойылған  стандарттарға  сәйкестікті  барлық  оқушылар  тарапынан 
талап  етіп,  «өз  деңгейлерін  көтерді».  Нәтижесінде,  оқушылардың  басым  үлесі  PISA 
тесттерінің негізінде базалық білім деңгейіне жетті.
Оқуда қиындықты сезінетін оқушылар үшін оқытуды қамтамасыз ету 
Қазақстандағы  болашақ  адами  капитал  дайындалған  оқушылардың  шағын  үлесіне
ғана  емес,  сондай-ақ,  таланттарды  дамытуға,  қалған  барлық  балалардың  жеке  қасиеттері
мен әлеуетіне тәуелді болады. 
PISA  аясында  бағаланатын  пәндер  бойынша  оқушылардың  дайындық  деңгейін  PISA
келесідей сипаттайды:
  Ÿ 
Ең жақсылар - дайындық деңгейі 5 және 6 болып бағаланатын оқушылар
  Ÿ 
Мықтылар - бұл дайындық деңгейі 4 болып бағаланатын оқушылар;
  Ÿ 
Орташалар - бұл дайындық деңгейі 2 немесе 3 болып бағаланатын оқушылар;
  Ÿ 
Нашарлар  -  бұл  дайындық  деңгейі  1  немесе  одан  төмен  болып  бағаланатын
оқушылар (ЭЫДҰ, 2011a, 8 бет).
2  деңгей  оқушылар  оқылым,  математика  немесе  ғылыми  пәндер  бойынша
функционалдық  дағды  мен  білікті  көрсете  бастайтын  білімнің  базалық  деңгейі  ретінде 
қабылданады,  оларға  өмірде  тиімді  және  өнімді  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  2.4
Кестеде  басқа  мемлекеттермен  салыстырғанда,  Қазақстандағы  базалық  2-ші  үлгерім
деңгейіне  сәйкес  келетін  тестіленген  әр  пән  шегіндегі  оқушылардың  пайызы  көрсетілген. 
Сондай-ақ,  кестеде  әр  пән  бойынша  білім  деңгей(лер)і  ең  төмен  оқушылардың  пайызы 
сипатталған.  Оқылым  бойынша  2-ші  деңгейден  төмен  оқушылар  1a,  1b  немесе  1b  (ең 
төмен)  деңгейінен  төмен  деңгейлерге  қатысты  болады.  Математика  және  ғылыми  пәндер
бойынша  2-ші  деңгейден  төмен  оқушылар  1  немесе  1  деңгейден  (ең  төмен)  төмен 
деңгейлерге қатысты болады.
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
64 - 
МАЗМҰНЫ
Кесте 2.4 Қазақстан мен басқа да таңдалған мемлекеттерде 2009 ж. PISA зерттеулері аясында 
базалық деңгейден, 2-ші деңгейден төмен  оқушылар пайызы
Мемлекет
Оқылым (%)
Математика (%)
Жаратылыстану 
ғылымдары (%)

деңгейден 
төмен
Оның 
ішінде, 
1b деңгей 
және 
төмен

деңгейден 
төмен
Оның 
ішінде, 1 
деңгейден 
төмен
2 деңгейден 
төмен
Оның 
ішінде, 1 
деңгейден 
төмен
Финляндия
8.1
1.7
7.7
1.7
6.0
1.1
Корея
5.8
1.1
8.1
1.9
6.3
1.1
Жаңа Зеландия
14.3
4.1
15.5
5.3
13.4
4.0
Польша
15.0
3.7
20.5
6.1
13.2
2.3
Түркия
24.5
6.4
42.2
17.7
29.9
6.9
Ұлыбритания
18.5
5.1
20.2
6.2
15.0
3.8
АҚШ
17.7
4.6
23.4
8.1
18.1
4.2
ЭЫДҰ (орташа)
18.8
5.7
22.0
8.0
18.0
5.0
Қазақстан
58.6
27.9
59.2
29.6
55.4
22.4
Қырғызстан
83.3
59.5
86.6
64.8
81.9
52.9
Мексика
40.1
14.6
50.8
21.9
47.3
14.5
РФ
27.4
8.4
28.5
9.5
22.0
5.5
Сербия
32.9
10.8
40.5
17.6
34.4
10.1
Шанхай (Қытай)
4.1
0.7
4.8
1.4
3.2
0.4
Сингапур
12.4
3.1
9.8
3.0
11.5
2.8
ЕскертуЭЫДҰ мемлекеттері мен серіктес мемлекеттердің 2-ші деңгейден төмен оқушыларының кішігірім үлесі 
курсивпен берілген
Дереккөз: PISA мәліметтер базасы, 2009
2.3  және  2.4  Кестелерде  көрсетілгендей,  барлық  үш  пән  бойынша  2009  жылы  ең
жоғары  жиынтық  орташа  баллы  бар  PISA  қатысушы  мемлекеті  -  ҚХР  (Шанхай).  ҚХР 
(Шанхай)  Сингапур  сияқты  оқылым  мен  ғылыми  пәндерден  үлгерім  бойынша  (5  және  6
деңгейлерде)  барлық  қарастырылатын  мемлекеттердің  арасында  көрсеткіштерді  бөлудің
жоғарғы  бөлігінде  оқушылардың  ең  жоғары  үлесі  бар.  Одан  да  маңыздысы,  Шанхайда 
оқушылардың  өте  аз  пайызы  базалық  2-ші  деңгейден  төмен  шкаланың  төменгі  бөлігінде 
орналасқан:  небәрі  оқылым  бойынша  4,1%,  математика  бойынша  4,8%  және  ғылыми
пәндер  бойынша  3,2%,  ЭЫДҰ  мемлекеттері  арасындағы  орташа  көрсеткіштермен 
салыстырғанда  оқылым  бойынша  18,8%,  математика  бойынша  22,0%,  ғылыми  пәндер
бойынша  18,0%  деңгейінде.  Нашар  үлгерімді  оқушылар  үлесінің  төмендігі  PISA  аясында
Шанхайдың  (ҚХР)  табысқа  жетуіне  жағдай  жасайтын  маңызды  фактор  болып  табылады.
Жақсы  көрсеткіштері  бойынша  ЭЫДҰ  мемлекеттерінің  арасында  Корея  мен  Финляндия, 
сондай-ақ, барлық үш пән бойынша 2-ші деңгейден төмен оқушылар үлесі өте аз болды. 
Қазақстанда,  басқа  жағынан  алғанда,  барлық  үш  пән  бойынша  барлық  оқушылардың
жартысынан  көбі  2-ші  деңгейден  төмен  орналасты.  ББДМБ  аясында  рейтингтік  PISA
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 65
көрсеткіштерін  (2009  ж.  оқылым  бойынша  58-60,  математика  бойынша  53-54  және
ғылыми  пәндер  бойынша  53-58  құрады)  2015  ж.  қарай  50-55-ке  дейін  және  2020  ж.  қарай
40-45-ке  дейін  арттыру  мақсаты  қойылған.  Бұл  мақсатқа  орта  баллды  төмендететін  артта
қалған  оқушылар  санын  азайту  бойынша  тиімді  шараларды  қабылдамай  қол  жеткізу
мүмкін  болмайды.  Басқа  да  көптеген  мемлекеттер  сияқты,  PISA  нәтижелері  мәселелерді
айқындап, 
Қазақстан 
үкіметі 
үшін 
өзіндік 
сигнал 
бола 
алады.
Ендірме 2.3 Германиядағы «PISA-Шок»
Көп  жылдар  бойы  неміс  жұртшылығы  мен  саясаткерлері  Германияда  құрылған  мектептік 
оқыту жүйесін әлемдегі тиімді, адал және оңтайлылардың бірі деп есептеді. Тек 2000 ж. жағдайдың 
мүлдем басқаша қалыпта тұрғандығы айқындалып, шын мәнінде, PISA рейтингі бойынша Германия 
мектептерінің позициялары PISA зерттеуіне қатысушы мемлекеттердің орташа деңгейінен төмен 
болды.
2000 жылы жүргізілген алғашқы PISA зерттеулері тілдік сауаттылықты бағалауға бағытталды. 
Нәтижелері  неміс  жұртшылығын  есеңгіретіп  тастады.  «Die  Zeit»  неміс  апталық  газетінің 
журналисті Керстанның айтуы бойынша, «15 жастағы неміс оқушыларының ширек бөлігі шапшаң 
оқу жағдайында емес екенін ешкім күткен жоқ. Одан да жаманы, PISA нәтижелері қатерлі топта 
орналасқан  Германия  оқушыларының  нәтижелілігі  әлемдегі  ең  төменгілердің  бірі  екендігін 
көрсетті». Германия барлық зерттелген мемлекеттердің арасында орташа деңгейден біраз төмен 
болды.  Неміс  оқушыларының  маңызды  бөлігі,  олардың  Мексикадағы  құрдастарына  қарағанда 
әлдеқайда төмен нәтижелер көрсетті. Германия көрсеткіштері математика және ғылыми пәндер 
бойынша тілдік сауаттылыққа қарағанда жақсы болған жоқ. Сондай-ақ, оқушылардың нәтижелілігі, 
ЭЫДҰ басқа көптеген мемлекеттеріне қарағанда, оқушылардың әлеуметтік-экономикалық шығу 
тегіне  тығыз  байланысты  болды    (…)  Басты  газеттер  PISA  нәтижелеріне  арналған  4,  5  және  6 
беттік арнайы бөлімдерді жариялай бастады. PISA нәтижелері тақырыбындағы жаңалықтар мен 
пікірталастар барлық радио және телеарналарды толтырды. Германияның төмен нәтижелері туралы 
жаңалықтар мемлекетте Финляндияның өзінде PISA рейтинг кестесіндегі Финляндияның жоғары 
орын  алуы  туралы  күтпеген  жаңалыққа  қарағанда  әлдеқайта  кең  қамтылды.  Бұрын  педагогтар 
таратқан, білім берудің ең басты мәні өлшеуге келмейтіндігі туралы тезисінің негізі болмағаны 
бірден  анық  болды.  Егер  Германия  оқу  бағдарламасының  әр  маңызды  саласы  бойынша  қалып 
отырған болса, ұлттық білім беру стандарттары, жалпы алғанда, басқа дамыған мемлекеттерден 
қалып  отырды,  егер  неміс  халқы  ұзақ  уақыт  бойы  Германияда  әлемдегі  қолжетімді  білім  беру 
жүйесінің  бірі  ретінде  мұның  қалай  болғаны  туралы  бекітетін  жағдайда  емес  болғанда,  әлдене 
шараларды қолдану қажеттігі анық (…) Енді, 21 ғасырдың алғашқы онжылдығының соңындағы 
жағдай бойынша, Германия өзінің PISA рейтингіндегі позициясын әлдеқайда жақсартты.
Дереккөз: ЭЫДҰ, 2011b: 201 бет; 206 бет
Барлық  жердегі  төмен  үлгеріммен  күресу  үшін  шұғыл  шаралар  қабылдау  қажет.  PISA 
рейтингіндегі  көрсеткіштерді  жақсарту,  осылайша,  аясы  тар  мақсат  болып  табылмайды. 
Негізгі  мақсат  қазақстандық  оқушыларға  табысқа  жетуге  және  өз  мемлекетінің  гүлденуіне 
үлес  қосуға  мүмкіндік  беретін  дағдыларды  ұсынуға  түйінделуі  тиіс.  PISA-ның  жақсы 
нәтижелері  барлығына  сапалы  білім  беруге  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  бойынша 
табысты саясаттың логикалық нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Үкіметі 2009 ж. PISA нәтижелері жарияланғаннан кейін білім беру саласында 
бірқатар реформаларды жүргізуді қабылдады немесе жоспарлады, бірақ тек оның біреуі ғана 
PISA-ның  базалық  деңгейінен  төмен  нәтижелі  оқушыларға  бағытталғанға  ұқсайды.  Бұл  - 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы Қаулысымен қабылданған 
функционалдық  сауаттылықты  дамыту  бойынша  жаңа  бағдарламасы.  ББДМБ  аясында 
дарынды  балаларға,  элиталық  мектептерге  немесе  таңдалған  санаттағы  мұғалімдерге 
қатысты  бірқатар  жаңа  бастамалар,  сонымен  қатар,  жалпы  алғанда,  білім  беру  сапасын 
арттыруға  бағытталған  көптеген  бастамалар  көрсетілген,  дегенмен,  нақты  бағдарламалар 
немесе қабілеттері орташадан төмен, әлде өз құрдастарынан артта қалған нашар үлгерімді 
оқушыларға арналған бастамалар бар.
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
8 - 
МАЗМҰНЫ
қала мектептері бюджеттерінің жалақыға жұмсайтын шығындарының орташа 
үлесі, 2011 ж. .......................................................................................................................213
Сурет 5.13 Қазақстандағы және жекелеген мемлекеттер мен аймақтардағы
инфляцияның  (тұтынушылардың бағасы бойынша) ортажылдық деңгейі 
(2005-2011 жж.) ...................................................................................................................227
Сурет 5.14 Инфляция деңгейіне түзетулер енгізілгеннен кейінгі шығындар тенденциясы, 
2005 жылдан 2010 жылға дейінгі Қазақстанның, ЭЫДҰ-ның, ЕО-ның орта 
мектеп мұғалімдері, бағаның тұрақты деңгейі (Қазақстан бойынша 2000 = 100; 
2004=100) .............................................................................................................................228
Сурет 5.16 Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылмаған құрылымы, Қазақстан
 ..............................................................................................................................................229
Сурет 6.1 Колледжге шаққандағы оқушылар саны, 2009 ж. .................................................287
Сурет 6.2 Лицейге шаққандағы оқушылар саны, 2009 ж. .....................................................287
Сурет 6.3 Колледждердегі бір оқытушыға шаққандағы оқушылар саны, 2009 ж. .............288
Сурет 6.4 Лицейлердегі бір оқытушыға шаққандағы оқушылар саны, 2009 ж. .................288
Сурет 6.5 ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру Департаментінің құрылымы .....291
Сурет 6.6 Білім беру деңгейлері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар, 
2006-2012 жж. .....................................................................................................................294

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет