Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ



бет4/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. 50 бас ешкіге арналған азық рационы және

азықтандыру нормасы

Сауын аппараттары, ешкіге арналған қырқу және тарау құрылғылары қажет. Персоналмен мәселені қарастырыңыз. 50 бас фермаға 2-3 жұмысшы қызмет көрсете алады, ең болмағанда біреуінің ветеринарлық білімі болғаны абзал.

Қазіргі кезде ешкінің әр түрлі жасына және жыныстық ерекшеліктеріне қарай азықтандыру нормасы белгіленген. Мұның езі ешкінің тәуліктік рационын жасадың, әрі оған керекті жылдық азық қорын белгілеудің негізі салынады. Азық нормасы қоңдылығы орташа және жоғары ешкі топтарына арналған.

Азықтандырудың ен, үлкен, ең көп нормасы асыл тұқымды малдарға, ал азық пайдаланылатын малдарға арналған.

Ешкілерге азықтың әр түрін берген жөн, өйткені олардың организмі физиологиялық жағдайларының түрлі кезеңдерінде қоректік заттардың әр түрлісін қажет етеді. Ешкілерді күйекке түсірудің алдында ең соңы жайылымға жайып, әр басына күнделікті 0,15—0,20 килограмм жем беріледі. Әсіресе буаз және лағы бар ешкілерді азықтандыруға айрықша көңіл бөлген жөн.

Аналық ешкілердің, мынандай кезеңдері белгіленген: буаздығының бірінші жартысы (бір-үш ай), буаздығының екінші жартысы (төрт-бес ай) және лағы еметін кезең.

1-таблицада ешкінің буаздығының бірінші жартысында азықтану нормасы келтірілген.



1.Ешкі буаздығының бірінші жартысындағы азықтану нормасы

Тірілей салмағы

Әр ешкіге тәулігіне керегі




Азық өлшемі,кг

Қорытылатын протеин,г

Кальций,г

Фосфор,г

Каротин,мг

Ас тұзы,г

Түбітті және жүнді ешкі тұқымдас үшін

30

0.60-0.80

40-50

2.2-3.0

1.5-3.0

10-12

8-10

40

0.70-0.90

55-70

2.4-3.2

1.7-2.2

10-12

8-10

50

0.80-1.00

70-80

2.6-3.4

1.8-2.4

10-12

8-10

60

0.90-1.10

75-90

2.9-3.9

1.9-2.6

10-12

8-10

70

1.00-1.15

80-95

3.4-4.4

2.2-2.9

10-12

8-10

Буаздығының екінші жартысында ешкінің, организмінде зат алмасу процесі күшейе түседі. Осыған байланысты организмнің қоректік заттарға әсіресе минералды заттарға қажеті арта түседі. Бүл кезеңде ешкіні азықтандыру нормасы жалпы қоректілігі бойынша 35—40 процент, қорытылатын протеин бойынша 58—60 процент, ал фосфор мен кальций» бойынша екі-екі жарым еседей көбейтілуі тиіс (2-таблица). Буаз ешкілердің рационына белокты азықтар (бұршақ, пішен, жем) енгізеді.
2. Буаздығының екінші жартысындағы ешкілерді азықтандыру нормасы


Тірілей салмағы, кг

Әр ешкіге тәулігіне керегі

Азық

өлшемі


Қорытылатын

протеин


Кальций, г

Фосфор, г

Каротин, мг

Ас тұзы, г

30

0.90-1.10

80-100

5.5-6.5


2,9-3,7

15-20

10-12

40

1.00-1.20

95-115

6.5-7.5

3,2-4,0

15-20

10-12

50

1.15-1.35

105-125

7.5-8.5

3,5-4,5

15-20

10-12

60

1.30-1.40

115-135

8.0-9.0

4,0-5,0

15-20

10-12

70

1.40-1.50

125-145

8.5-9.5

4,5-5,5

15-20

10-12

Лағы бар ешкілерді азықтандырғанда оның сүтті болуы, сөйтіп лағын жақсы тойындыру жағы көзделеді. Ешкіден тәулігіне 100 грамм сүт бөлінуі үшін 0,36 кг азық өлшемі, 55 грамм қорытылатын протеин, 1,5 грамм фосфор және 4 грамм кальций қажет. Лақтаған ешкінің қоректік заттарды қажетсінуі буаз саулықтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Лақтаған ешкіге қоректік заттарды күн сайын беріп тұрмаса, оның, сүті азайып, қоңдылығы төмендейді. Мұның бәрі лақтың нашар өсуіне әкеліп соқтырады. Лақтаған ешкіге тәулігіне 1,3—2,1 кг азық өлшемі беріліп, онда 130—210 г қорытылатын протеин, 6,8—9,6 г кальций, 4,0—5,8 г фосфор, 20—30 мг каротин болғаны жөн. Мұның сыртында ешкіге керек микроэлементтерді де есептеу қажет.

Ешкі негізінен жазғы салым лақтайды. Бұл кезде олардың организмі қоректік заттарды көп қажет етеді. Сондықтан лақтаған ешкілердің рационы құнарлы болу керек. Әр лақтаған ешкіге орта есеппен 1,3—1,8 к пішен, 1,5—2,5 кг сүрлем, 0,35—0,40 кг құнарлы жем беріледі. Сонымен бірге рационға тұз, бор, сүйек ұны және басқа да минералдық заттар міндетті түрде қосылады.

Ешкіні басқа да маусымдарда лақтатуға болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Ешкіні үй шаруашылығында ұқыпты пайдалану үшін керекті маусымдарда" лақтатудың зор маңызы бар. Бүл үшін ешкінің күйін қыс айларында жоғары қоңдылықта ұстап, тәуліктегі жарық режимін ұзартып қыс айларында да күйекке ұстауға болады, осы әдісті қолданып ешкі малын 2 жылда 3 тіпті 4 рет лақтата алады.

Ешкі малын қоймен салыстырғанда азықты пайдалануда онша қомағайлық білдірмегеніне қарамастан азықты күн тәулігінде қойға қарағанда жиі жейді. Мәселен, ешкі малына берілген жоңышқаның 46 проценті жапырақ және 54 проценті сабағы болғанда ешкінің жеген жоңышқасында 59 процент жапырақ және 41 процент сабақ болған. Бұл жағдай ешкі малының азықты пайдаланғанда таңдағыштық қасиетін көрсететінін білдіреді, яғни ешкі малы берілген азықтың протеині кеп бөлшегін таңдап жейді деген сөз, ал клетчатканы аз жейтінін көрсетеді.

Сапасы жақсы пішеннен ешкі малы 15%, орташасынан—15—20% және төменгі.. сападағыдан — 20—25 процент қалдық қалдырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет