Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Ешкіні жазда және қыста азықтандырудың ерекшеліктері



бет6/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.3. Ешкіні жазда және қыста азықтандырудың ерекшеліктері
Ешкіні жазда азықтандыру.

Табиғи жайылымдағы балауса көк шөп ешкінің ең құнарлы да, нәрлі азығы. Көк шөпте 20—25 процент протеин, 10—15 процент клетчатка, 4- 5 процент май және 35 50 процент арасында азотсыз экстрактивті заттары бар. Жайылым шөбінің протеині биологиялық жағынан өте құнды келеді. Ешкі минералдық заттарды, витаминдерді, әсіресе каротинді көк шөптен алады. Оларды ешкі сүйсіне жейді және жақсы сіңіреді. Көк шөптегі органикалық заттарды ешкі майы 75—85 процентке дейін сіңіреді.

Ешкіні жайған кезде жайылым уақыты мен демалыс кезін дұрыс ұйымдастыра білу өте қажет. Мысалы, ешкіні жайып жүрген кезде ешкінің көпшілігі жусайтын болса, ол ешкілердің демалысын бұзбау керек. Бұл кезде ешкілер күйіс қайтара бастайды да, азықтың сіңімділігі артады.

Жаз айларындағы жайылымда ешкіні дер кезінде суаруда кеп мән бар. Егер жайылымда шөп құрғақ болса, ешкіні күніне екі рет суарған жөн, ал ауа райы салқын, шеп шырынды болса бір рет суарса да жарайды. Күн ыстық кезде ешкіні желге қарсы жайып жүрген пайдалы. Ал ең тиімдісі күн ыстығы қайтқан кезде, әсіресе таң қылаң бере, не кеште тіпті түнде жаю. Сонымен бірге түс кезінде ешкіні лапас астына, не болмаса ешкіні жел соғатын биіктеу жерге иірген жөн. Ешкіні аш қарында алдымен өте шамалы өріске жайып, бірте-бірте оты қалың шұрайлы жерге ауыстырады.

Республикамыздың оңтүстік аймақтарында ешкіні қыста бір мезгіл жайылымда бағуға болады. Мұндайда не күздің суық кездерінде малды жайылымға шығару алдында аздап пішен немесе сүрлеммен азықтандыру керек. Егер ешкі жайылымнан тоймай қайтса, оған қораға қамар алдында қосымша пішен, құнарлы жем беріледі.

Ешкіні қыста жаю биологиялық, экономикалық жағынан да тиімді. Мысалы, ашық күні таза ауада көп жүрген мал жақсы жетіледі, денесі сергек, қолайсыз жағдайларға төзімді келеді. Сонымен қатар мұндай кезде өз аяғымен жайылған мал керекті қоректік заттарға, яғни минералдық заі4 пен витаминдерді көптеп табады. Ешкіні қысқы жайылымдарға жаю үшін қары аз, оты мол, күнгей учаскелерді пайдаланған жөн.

Боранды немесе қар қалың түскен, болмаса мұздақ күндері ешкіні жайылымға шығармай, аулада жемшөп беріп ұстаған ыңғайлы да пайдалы. Ешкіні мұздақ жайылымға жайса, онда жайылым шөбімен бірге ешкінің ішіне мұз түседі де, буаз ешкілер іш тастауына әкеліп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет