Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру



бет5/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.2.Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру
Сүтті бағыттағы ешкілердің рационы негізінен пішеннен және жем араластырған тамыр-түйнектілерден құралады, ал азықтың мөлшері ешкінің өнім беру көлеміне тікелей байланысты болады. Қыста және жазда азықтандыру екі түрге бөлінеді. Қыста ешкінің рационына негізінен пішен мен жем араласқан тамыр түйнектілер не болмаса сүрлем кіреді.

Төменде ешкіге қыс айларында берілетін рационына шамалас үлгісі беріліп отыр.

Рационның негізгі құрамы пішеннен тұрғанда, рацион негізінен 2,5кг жоңышқа пішеннен құралған. Тәулігіне 1,5 кг сүт беретін ешкіге жоңышқаға қосымша арпа, не болмаса сұлы жемін қосады. Егерде ешкі 4 кг жоғары сүт беретін болса, жоңышқа пішеніне қосымша қоспа жем оның бір азық өлшемінде 160 г қорытылатын протеин болу керек.

Рационның негізі пішеннен және тамыр түйнектілерден, болмаса сүрлемнен тұрғанда (кг):


I. Беде пішені 2

Қызылша 2

Сұлы 0,4

II. Шалғын пішені 2

Азықтық капуста 3

III. Беде пішені 1,5

Шалғын пішені 1,0

Кептірілген қызылша, тамыр түйнектілер 0,5

IV. Беде пішені 1,0

Шалғын пішені 0,5

Азықтық сәбіз 2,0

Сұлы 0,5


Осы беріліп отырған рационды 1,5-нан 2 кг сүт беретін ешкілердің тәулігіне қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ал сүтті жоғары мөлшерден көп беретін ешкілерге 1 кг сүт мөлшеріне, 0,4 кг қоспа жем, оның бір азық өлшемінде 160 г қорытылатын протеин болу керек. III рационнан басқаларында, қоспа жемнің 1 кг азық өлшемінде 130-дан 140 г қорытылатын протеин бар.

Жаз айларында рационның негізін қырдың көк шөптері не болмаса жайылым шөбі және астықты дақылдардың аңызы құрайды.

Жаз айларына арналған рациондар (кг):
І. Қыр шөбі 6 - q

Беде пішені 1

Пішендеме 2,5

II. Көк сұлы 4

Шалғын пішені 1

III. Жайылым (жегенінше) Жайылым

Эспарцет пішені 1

Көк ноқаттық-сұлы, бұршақ қоспасы 4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет