Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Буаз ешкілерді азықтандырудың ерекшеліктері



бет9/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.5. Буаз ешкілерді азықтандырудың ерекшеліктері
Буаз ешкілерді азықтандыруға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл кезде ешкінің организмінде зат алмасу процестері күшейеді. Ішінде лақ өсе бастаған кезден бастап, ешкі лақтаған кезде сүттілігін арттыруға әсер ететін қоректік заттарды өз организміне жинай бастайды.

Буаз кезінде ешкі норма бойынша азықтандырылмаса, күйі төмендейді, іштегі төл (эмбрионның) өсуі нашарлайды немесе төл туғаннан кейін нашар еседі, ешкінің сүттілігі азаяды. Ұрықтанғаннан кейін алғашқы екі аптада ешкі дұрыс азықтандырмаса, іштегі өсе бастаған төл (ұрық) солып кетуі мүмкін. Ал буаздығының соңында іш тастауы ықтимал.

Буаз ешкілерге тәулігіне берілетін қоректік зат мөлшері кг есебімен алғанда: азық өлшемі 1,20 кг, қорытылатын протеин—115 г, ас тұзы—12 г, каротин — 10—20 мг болуы керек.

Буаздығының алғашқы үш айлығында іштегі телдің салмағы баяу өседі. Ал қалған екі ай бойына ешкінің ішіндегі төлдің есуі ұлғаяды, сонымен қатар осы кезде организмге белоктың, минералдық заттардың және витаминдердің қажеттігі арта түседі.

Ешкі малы басқа малдармен салыстырғанда 15 өсімдік түрін артық жейді.

Буаз ешкілерді буаздығының бірінші жартысында сабан, пішен және сүрлеммен азықтандыруға болады. Бүл кезде ешкінің физиологиялық жағдайын, қоңдылығын төмендетпеуге тырысу қажет. Егер ешкінің қоңдылығы төмендей бастаса, онда рационның, құнарлығын арттыру керек.

Буаз ешкінің бірінші жартысында егер олар жайылымға шықпайтын болса, тәулігіне 1,5—2 кг пішен, 2— 2,5 кг сүрлем жеуге тиіс. Ал буаздығының екінші жартысынан бастап рационға құнарлы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің пішенін, пішендеме, құнарлы жем енгізеді.

Ешкіге ең жұғымды азықтың бірі жоңышқа және жүгері пішені. Осы азықты жегенін ше беретін болса қажетті қорек заттармен толық қамтамасыз етіледі.

Буаз ешкілерге мұздаған сүрлем, капустаның жапырағы немесе шіріген пішен, пісірілмеген картофель және өте суық су беруге болмайды. Мұның барлығы жаппай іш тастауға себепші болуы мүмкін.

Буаз ешкілерді ірі жемшөппен азықтандырғаннан кейін суару керек. Сүрлем, пішендемемен азықтандырып болысымен суаруға және су ішісімен азықтандыруға болмайды. Мұндай жағдайда ішек-қарынның ас қорыту процесі бұзылуы мүмкін.

Буаздығының екінші кезеңі көбінесе қыстың соңына тура келеді. Бұл кезде мал организмінің, жинаған қоректік заттары азаяды. Сондықтан әсіресе буаз ешкілердің рационын мұқият қадағалап отыру керек. Ешкі малы минералды заттарды көп қажет етеді. Минералдық заттар әсіресе фосфор, мыс, кобальт және селен тұздары, витаминдер рацион құрамындағы азықтарда жеткілікті болуы қажет. Ешкі есірушілер әрқашанда фосфор мен кальций жеткіліксіз болған жағдайда ешкілерден туған тел әлсіз болады, енелерінің сүті азаятынын жақсы білуге тиіс.

Буаз ешкінің азықтанатын науасынан таза ас тұзы үзілмеген жөн, сонымен бірге бор (10—15 г), сүйек ұнын (тәулігіне 50—60 г) беріп отыру қажет. Жақсы, сапалы жемшөпте минералды заттар жеткілікті мөлшерде болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет