Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ



бет7/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ешкіні қыста азықтандыру.

Ешкіні қыста азықтандыру, күтіп-бағу әрі ауыр, әрі ең жауапты кезең.

Жайылымдағы ешкіні қолда бағуға бірте-бірте көндіреді. Күзгі қара суық түскеннен бастап, ешкіні өріске шығарар алдында, оларға таңертең шөп пен сүрлем беріледі. Егер ешкі өрістен жақсы тойынбай келсе, онда кешке жақсы пішен береді. Қолда бағуға ең алдымен лақтарды, ал ең соңында — серкелерді көшіреді.

Қыстың бастапқы кезеңінде ешкіге пішен мен сүрлем азықтарының сапасы орташаларын жегізеді. Қатты аязды күндері олардың өзі де сояулы азықты жақсы жейді. Ең сапалы, нәрлі азықтар қыстың екінші жартысында — желіндеген және лақтаған ешкілерге бөлінеді. Лақтаған ешкілердің сүттілігін арттыру үшін, лағын жақсы тойындыру үшін азықтарды көбірек берген жөн. Бірінші жыл қыстатылатын марқа лақтар мен тушалардың тез өсіп-жетілуі үшін оларға жемшөптің ең сапалысын береді. Ешкіні азықтандыру тәртібі мынадай: таңертең ешкіге түннен желінбей қалған жемшөпті немесе сабанды, сонан кейін пішенді береді.

Сүрлемді талтүсте, суарар алдында, ал жемді суарғаннан кейін береді. Кешке қарай пішен береді де, түнде алдына сабан тастайды.

Ешкіні ашық қорада азықтандырады, мұның езі шөпті жақсы жеуге едәуір әсер етеді. Тек жауын-шашынды, қарлы боранды күндері ғана жабық қорада азықтандырады. Ешкі күндіз көбінесе беті ашық қорада тұруы немесе жайылуы керек. Мұның өзі ешкінің денсаулығының жақсаруына, әрі оның жүнінің шығуына, түбіттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жабық қорада көп тұрған ешкінің организмі әлсіреп, суыққа шыдамсыз келеді, әрі ( төлі де нашар болып туады.

Ешкіні қыста тәулігіне бір рет — талтүсте суарады. Оларға суық тигізіп алмас үшін суды жылытып беру керек. Бүл кезде әсіресе лағы бар ешкілерді суаруға айрықша көңіл бөлген жақсы. Олай болмаған жағдайда олардың сүті кеміп, лағын жақсы тойындыра алмайды.

Қыстың алдында қора жайды тиянақты дайындау керек, ол үшін қораның тесік, саңылауын бітеп, жөндейтін жері болса жөндеп, қидан тазартады және дезинфекциялайды. Қораның табанын ойып, оған сабан немесе құрғақ топырақ төсейді. Сабан немесе құрғақ топырақ ешкінің несебін тез сіңіріп алады да, қора ауасының құрғақ, әр түрлі иіс-қоңыстың аз болуына мүмкіндік береді. Әр ешкіге есептегенде тәулігіне 0,5—1 килограммдай сабан төселеді. Осы беріліп отырған рационды 1,5-нан 2 кг сүт беретін ешкілердің тәулігіне қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ал сүтті жоғары мөлшерден кеп беретін ешкілерге 1 кг сүт мөлшеріне, 0,4 кг қоспа жем, оның бір азық өлшемінде 160 г қорытылатын протеин болу керек.

Ешкі сүтінің химиялық құрамы мен кейбір - қасиеттері жағынан сиыр сүтінің құрамына ұқсас келеді, бірақ та ешкі сүті қуатты болады, құрамында құрғақ қалдық, май, белоктар және минералды тұздар көп болады. Ешкі сүтінің қой сүтінен айырмашылығы оның құрамында май мен белоктың аз болуында. Мысалы, ешкі сүтінде орта есеппен" алғанда 4,49% белок, 4,37% май болса, сиырдікінде осыған сәйкес 3,30 және 3,9, ал қойдікінде 6 және 6,18%.

Ешкі сүтінің қоректілігі ете жоғары болу себебі, оның құрамында мал мен адам организмінің өмір сүруі және қалыпты өсуі үшін қажетті барлық заттар, оның ішінде таптырмайтын амин қышқылдарының келетін үлесіне көп байланысты. Ешкі сүтіндегі А витаминінің мөлшері жағынан сиырдікінен кем емес. Ешкі сүті С және Д витаминдеріне өте бай болады. Минералдық заттар сүтте органикалық түз және органикалық емес қышқылдар түрінде кездеседі.

Ешкі сүтінің химиялық құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Сүт құрамы мал тұқымына, бағып-күту жағдайына, сауын маусымына және көптеген факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сүтте қандай витаминдердің қанша мөлшерде болуы, ешкіге берілетін азықтардың құрамындағы витаминдерге байланысты. Қысқа қарағанда жазды күнгі сауылған сүтте витаминдер көп болады.

Ешкінің сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі сиыр сүтіндегі түйіршіктерге қарағанда өте майда болып келеді де, ішекте өте жақсы сіңіріледі. Ешкі сүтіндегі белоктар, лактоза мен глюкозалар қарында жақсы сіңіріледі.

Сүтті ешкі тұқымдары басқа ешкілермен салыстырғанда сауу мерзімі едәуір ұзақ болады, ол 9—10 ай мерзіміне дейін сауылады.

Жергілікті қылшық жүнді ешкілердің сауын мерзімі 4—6 айға дейін созылады. Жүнді және түбітті ешкілердің тұқымдары жақсы азықтандырғанда туғаннан кейін 8—10 күннен бастап саууға болады. Ешкінің сүттілігі сауу тәртібіне және күніне бірнеше рет сауылуына, желінінің күтіміне байланысты.

Жеке меншіктегі оншақты ешкіні желілерге көгендеп барып сауады. Ешкі сауымы алдында желіні мен емшегін жылы сумен жуып, құрғағанша сүртеді, жеңіл массаж жасайды. Сауыншы адам да қолын сабындап жууға тиіс.

Сүттің көбеюіне және майлылығына сауу шапшаңдығының әсері мол. Ал ақырын сауу сүт шығымын кемітеді және ондай сүтте май аз болады.

Ешкі сүтін май, ірімшік және кілегей дайындауда пайдаланады.

Қыс кезінде ешкіні күніне 2 мезгіл сауу керек, сағат ертеңгі 8 және кешкі 20, ал жаз айларында күніне мезгіл - ертеңгісін 7, түсте - 14, кешке - 22 сағатта Ешкіні азықтандыру алдында сауып алу керек. Сауар алдында қолды жақсылап тазартып, ешкінің емшегін жылы сумен тазалап жуып, кептіріп сүрту керек.

Ешкіні сиырды сауғандай сауады. Алғашқы сүтті бөлек ыдысқа тездетіп сауып және соңында саууды бәсеңдету керек. Ешкіні сауғанда сүтін түгел алған жақсы әйтпесе ешкінің желіні бұзылады.

Сауылып алынған сүтті қолма-қол марлі арқылы сүзіп алып және содан кейін тез салқындату қажет

Кейбір жағдайда ешкінің сүтінде өзгеше иіс болады Бұндай малды бракқа шығару керек. Бұл малды анықтау қиын емес, егерде ешкінің басынан ұнамсыз иіс шығып тұрса, онда сауылып алынған сүтте заңды түрде ұнамсыз текенің иісі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет