«Тұран» Университі



бет108/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   171
Н.Ф. Федоров адамзат зердесiн ғарыш эволюциясының заңды нәтижесi ретiнде қарайды. әрi қарай Ғарышты адамзат саналы тұрде өзгертедi. “Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы ұшiн зерденi талап етедi². Болашақта ғылымның орасан-зор дамуының негiзiнде адамзат өлместiк дәрежесiне көтерiлiп, сонымен қатар, жер бетiнде бұрынғы-соңды өмiр сұрген барлық ұрпақтарды қайтадан тiрiлтедi, -деген ойда болды.
А.Л. Чижевский жер бетiндегi тiршiлiктi тудырған жердiң өзi емес, күн деген пiкiрге келiп, күннiң жердегi биосфераға тигiзетiн ықпалын егжей- тегжей зерттейдi. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетiндегi оқтын-оқтын болатын эпидемиялар, қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегi болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенiн дәлелдеп, А.Л.Чижевский бұгiнгi ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негiзiн қалады.
Адамзат ғарыштың әрi қарай дамуындағы саналы кұш болғаннан кейiн халықтар бiр-бiрiмен жақындасып, бiрiгiп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергiлердi алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерiнде кездеседi.
Адамзатты бiрiктiретiн негiзгi күш - мәдениет, ғарыштық этика,- деген пiкiрдi орыс ғалымы, суреткерi, дiни философы Н.К. Рерих айтқан болатын. Оның ойынша, бұкiл ғарышта, кеңiстiк пен уақытта, адамның жан-дүниесiнде екi ғарыштық күш - Iзгiлiк пен Залымдық бiр-бiрiмен кұресте. Олар болмыстық жағынан келгенде тең емес. Дұние Ақиқат, Iзгiлiк пен Әсемдiк жолында өзгертiледi. Тек Жарық сәулесi ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртiпке келтiре алады.
Н.К. Рерих адамның iзгiлiгi, жасампаз белсендiлiгi Ғарыштың дамуындағы негiзгi күш екенiн паш етедi. Нәтижесiнде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелiгi - ол жағалай ортаны өзгертiп қана қоймай, сонымен бiрге өзiн де жетiлдiре алады. Надандықтан кейiн цивилизация келедi, содан кейiн ғылымның дамуының негiзiнде адамдардың бiлiмi өсiп, нәзiктене келе биiк мәдениеттiң есiгiн ашады,-деп қорытады Н.К.Рерих.
Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк т.с.с. айырмашылықтар болмау керек. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негiзiнде қаралуы керек. Адам - Ғарыштың бiр бөлiгi, олай болса, ол - мәңгiлiк, барлығымен байланысты, бәрiне де тәуелдi, сонымен қатар, бәрi де оған тәуелдi.
Адамның жасампаздық-шығармашылық iстерi әсемдiктiң негiзiнде жұредi. Әсемдiк - рухтың мәдениетi, дүниенiң зерделi тәртiбi. Әсемдiк дегенiмiз - Ғарыштың өзi. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистiк-өнегелiк идеялары осы уақытқа шейiн өзiнiң өзектiлiгiмен танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет