ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ
ӨЗЕНДЕР МӘСЕЛЕСІН
ШЕШУДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
КЕЛІСІМДЕР
ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҮШІН
ОНЫҢ РӨЛІ
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (50). 2015
190
Трансшекаралық өзендер мəселесін шешудегі халықаралық келісімдер ...
климаттық жағдай дəл осы оңтүстік облыста
тиімді болып отыр. Бірақ климаттық тұрғыдан
қолайлы болғанымен, су тапшылығы осы
өңірлерді басқа салаларға көшіруге мəжбүр бо-
лып отыр.
Дəл осындай тапшы жағдайда Өзбекстанның
да жерлері болып тұр. Өзбекстанны өзін
қаншалықты жартылай индустриалды мемлекет
деп жариялағанымен, жалпы ішкі өнім табы-
сы дəл осы жер шаруашылығынан келіп отыр.
Сондықтан Қазақстан жəне Өзбекстан арасын-
да осы мəселеге қатысты пікірі бір жақты бо-
лып отыр. Екі мемлекет үшін де осы мəселені
шешу экономикасына пайда əкелетіні сөзсіз.
Бірақ жоғарыда орналасақан мемлекеттердің
де өзіндік мүддесі бар екенін ұмытпаған жөн.
Қырғызстан, Түркменстан жəне Тəжікстан
секілді мемлекеттер үшін жер шаруашылығы
маңызды болғанымен, олар үшін экономикаға
пайда əкелетін аймақтардың бірі ол электр
энергиясын өндіріп, көршілес мемлекеттерге
экспорттау, осы электр энергетикасын өздері
өндіру арқылы төменде орналасқан мемлекет-
терден энергетикалық тəуелділігінен арылу бо-
лып отыр. Сондықтан да жоғарғы жəне төменгі
жақта белгілі бір шешімге келе алмай отыр.
Жоғарғы жақ өздерінің энергия тəуелділігінен
арылу үшін өз жерлерінде гидроэлекторстанци-
ялар салмақ, бұл төменде орналасқан мемлекет-
тер үшін тағы да көптеген мəселелер тудырмақ,
ол тек су тапшылығын ғана меңземейді, соны-
мен қатар экологиялық проблемаға əкеледі.
Онсыз да қазіргі таңда Сырдария жəне Аму-
дария өзендерінің ағымдары Арал теңізінің
толыққанды толтыруға мүмкіншілігі жоқ.
Сондықтан бұл теңіз уақыт өткен сайын, ар-
насы кішірейіп барады, теңіздің аймағында
орналасқан ауылдардың жер көлемі ұлғаюда,
бірақ бұл жерлерде тұзды болғандықтан жер
шаруашылығына пайдалана алмайсын. Тұзды
желдер басқа да аймақтарға тарауда, сондықтан
менің ойымша бұл біздің ғана немесе Орталық
Азияның ғана проблемасы емес, бұл мəселені
əлем болып шешу керек. Өйткені, шөл даланың
ұлғаюы, Қазақстан жерлеріне үлкен зиянын
əкелмек, ал сол тұзды аймақтар жоғарыда атап
кеткендей, тарау қаупі тек Қазақстан үшін емес,
батыста орналасқан мемлекеттер үшін қиынға
соқпақ. Осыған қарамастан, су ресурстарын
тең пайдалану бүгінгі таңда мүмкін емес бо-
лып отыр. Оған жоғарыда атап кеткен себептер
кедергі болуда.
Орталық
Азиядағы
трансшекаралық
мəселелерді шешу үшін халықаралық тəжірибеде
бар заңнамаларға сүйену керек. Бірақ, өкінішке
орай халықаралық нормалардағы заңнамалар
барлық
мемлекеттермен
мақұлданбаған,
өйткені бір мемлекеттің мүддесіне жауап бер-
се, екінші мемлекеттің мүддесіне жауап бермеуі
мүмкін. Негізінен қазіргі таңда, судың басында
тұрған мемлекеттер халықаралық нормаға сай
заңнамаларға қол қоюға мүдделі емес, олар суды
саяси құралға айналдырғысы келеді. Бұл өзеннің
төменінде орналасқан мемлекетке ықпал жасау
құралығой, егер де аталған заңнамаларға қол
қойған жағдай да жоғарыда орналасқан мем-
лекеттер өздерінің саяси ықпал ету құралынан
айырылады, өйткені қалыптасқан мəселелерді
халықаралық нормаларға сай шешуге тура
келеді, бұл жоғарыда орналасқан мемлекеттердің
мүддесіне сай емес.
Трансшекаралық өзендерді реттейтін халық -
аралық құжаттар қазіргі таңда 1000-нан асып
жығылатын шығар деуге болады. Трансшекара-
лық өзендерінің су ресурстарын пайдалануды
реттейтін халықаралық-құқықтық реттеуді үш
деңгейде қарастыруға болады: жалпы халықара-
лық келісімдер, нақты бір аймаққа қатынасы бар
бассейндік келісімдер жəне бір аймақта орналас-
қан екі жақты өзара келісімдер деп. Орталық Азия
мемлекеттері осы жүйені енді қалыптастыруда.
Бірінші халықаралық реттеудегі норма-
ларды сол кездегі Ұлттар Лигасының баста-
масымен басталған болатын, олар 1923 жылы
бірнеше мемлекеттерге маңызды болып табы-
латын «Су ағымдарының гидроэнергетикасы
жайлы конвенцияға» қол қойылды. Конвен-
ция 1925 жылдың 30 маусымында күшіне енді,
бірақ кең өріс алмады. 1940 ж. оның соңғы ра-
тификациясы кезінде оған тек 11 мемлекет қол
қойды. Бірақ негізінен бүгінгі күні халықаралық
трансшекаралық өзендер жағдайларын 4 негізгі
халықаралық құжаттар белгілі бір дəрежеде
бағдарлайды десе болады. Өйткені бұл құжаттар
біріншіден, саны жағынан бұл құжатты
көптеген мемлекеттер мойындаған, екіншіден
халықаралық тренсшекаралық өзендер мəселесін
шешуде осы құжаттраға бүгінгі күнде де сүйенеді
жəне күшін əлі жоймаған. Олар мыналар:
1. Халықаралық өзендер суын пайдаланудағы
Хельсиндік ережелер;
2. Кеме жүзбейтін халықаралық суағарлар
түрлерін пайдалану құқығы жайлы конвенция;
3. Трансшекаралық су ағындарын жəне
халықаралық өзендерді пайдалану жəне қорғау
жайлы конвенция;
4. Трансшекаралық мəн мəтінде қоршаған
ортаға əсерді бағалау жайлы конвенциясы; [1]
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (50). 2015
191
Садибеков Е.Ө.
Хельсиндік халықаралық өзендерді пай-
далану ережелері, халықаралық суағарларды
игерудегі жүйелендірілуі өте тиімді болды.
Бұл құжатты халқаралық құқық ассоцияциясы-
мен жасалған болатын жəне бұл құжат 22 жыл
бойы зерттеліп, жасалды. Хельсиндік ереже-
лер басында тек ұсыныстар нəтижесінде пайда
болған болатын, дегенмен, көптеген мемле-
кеттер мақұлдағаннан кейін, толыққанды заңи
нормаға айналды. Хельсиндік ережеге сүйенетін
болсақ, ол ереженің негізгі қағидасы, əрине,
суды тиімді жəне əділетті пайдалану болып та-
былады. Суды əділетті пайдалану дегеніміз
хельсиндік ережелер бойынша, ол əр мемле-
кет суды пайдаланарда оның міндетті түрде
экологиялық тазалығын, ластамауын кепіл беру
керек. Әр мемлекет өзінің территориясының ая-
сында суды толлыққанды пайдалануға құқылы,
дегенмен ол төменде орналасқан мемлекеттің
де қажеттілігін ескеру қажет. Әділеттілік
өлшемі хельсиндік ережелер бойынша, əр мем-
лекет суды пайдаланбас бұрын, көрші жатқан
мемлекеттің гидрографиялық, гидрологиялық
жəне климаттық жағдайларын, бассейндегі
суды өткенде қаншалықты пайдалағанын
жəне болашақтағы пайдалануын, бассейінде
орналасқан əр мемлекеттің экономикалық жəне
əлеуметтік қажеттіліктерін, судың ағысынан
тəуелді тұрғындарының мүддесін ескеру керек.
Хельсиндік ережелер тек ұсыныстар ретінде
ғана қолданылады, өйткені қазіргі таңда да бұл
құжаттқа барлық мемлекеттер қол қоймаған.
Бұл құжат мемлекеттер арасындағы су мəселесі
бойынша қарым-қатынастар барысындағы
тəжірибеге сүйеніп, қалыптасқан құжаттардың
бірі деп есептеуге болады. Бұл құжаттың негізін
қалаушы нормасы ретінде «саналы жəне əділетті
пайдалану» қағидасын атап кету керек. Сөйтіп,
бұл құжат трансшекаралық өзендерге шексіз
құқықтың ие болуына қарсы екенін аңғаруға бо-
лады [2].
Жалпы суды «саналы жəне əділетті» пайда-
лану мəселесі Хельсиндік ережелердің 5 бабын-
да белгіленген:
Суды бөлісу барысында əртүрлі факторлар
ескерілу керек.
Ескерілетін факторлар болып табылады:
(а) бассейннің жағрапиясы, сонымен қатар,
əр мемлекеттің территориясына тəн бассейннің
ұзақтылығы;
(b) əр мемлекеттің территориясынан келетін
су ағымының мөлшерін, бассейннің гидрология-
сын ескеру;
(c) бассейннің климаттық əсерін;
(d) бассейннің суын пайдалану, əсіресе бар
пайдалануды қолдануын;
(e) бассейн əр мемлекетінің экономикалық
жəне əлеуметтік қажеттілігін;
(f) əр мемлекет халқының бассейн суынан
тəуелділігін;
(g) бассейннің əр мемлекетінің экономи ка-
лық жəне əлеуметтік қажеттілігін қанағаттанды-
рудағы балама тəсілдердің салыстырмалы
бағалауын;
(h) басқа ресурстардың болуын;
(i) бассейн су пайдаланудағы ақталмаған
шығындарды ескеру мүмкіншілігін
(
j)
бассейннің бір немесе бірнеше мемлекет-
терге пайдаланушылар арасындағы дауды шешу
əдісі ретінде өтемақы төлей алу мүмкіндігін;
(k) бассейн мемлекетінің қажеттіліктерін
өзге бассейн мемлекетіне зиянын келтірмей
қанағаттандыру мүмкіндігін [3];
Хельсиндік ережелерге сай, əр мемлекет
өзінің территориясындағы өзендерге толыққанды
жауапкершілікті болады, өзіндік териториядағы
тазалықты, экологиялық мəселелерді шешеді
(XVIII бап).
Сонымен қатар, өз территориясымен
өзге мемлекеттердің кемелері жүзуіне рұқсат бе-
руге, не тыйым салуға құқығы бар (XVII бап).
Хельсиндік ережелер даулар мəселесіне де көп
көңіл бөледі. Дауларды шешу əдісі ретінде
келіссөздерді келтіреді, ал шешу құралы ретінде
БҰҰ белгілейді.
Уақыт өте келе, су мəселесіне қатысты қарым-
қатынастардың дамуына орай, Хельсиндік ере-
желер өзінің істі шешудегі тиімділігін жоғалта
бастады, бірақ өз өзектілігінен айырылған жоқ.
Келесі Хельсиндік ережелермен қатар, маңызды
құжат «Кеме жүзбейтін халықаралық суағарлар
түрлерін пайдалану құқығы жайлы конвенция»
болып табылады. Бұл конвенция 1997 жылдың
21 мамырында БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен
мақұлданды жəне де қол қоюға əлі де ашық бо-
лып табылады. Дегенмен, Бас ассамблеяның 51-
ші сессиясында Конвенцияны қабылдауға тек
103 мемлекет мақұлдауға дауыс береді, 3 қарсы
дауыс берді (Қытай, Түркия жəне Бурунди),
27–сі дауыс беруде қалыс қалды, дегенмен 2000
жылдың 20 мамырына дейін талап етілген 35
мемлекеттің құжатты бекітуі болған жоқ, осыған
орай, Конвенция күшіне енбеді. Жалпы əлі күнге
дейін Конвенция қол қоюға ашық. 2006 жылдың
аяғына қарай 16 мемлекет қол қойды, соның
ішінде тек 9-ы бекітті, сондықтан Конвенцияның
күшіне енуі жақын болашақта əлі белгісіз
[4]. Дегенмен, халықаралық құқықтық құжат
толыққанды кодифкацияланған құжат болып
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (50). 2015
192
Трансшекаралық өзендер мəселесін шешудегі халықаралық келісімдер ...
табылады жəне бұл құжатқа қол қоймағандарға
да күші бар. Өйткені, суды əділетті бөлу, тиімді
пайдалану жəне зиян келтірмеу қағидалары бұл
конвенцияның мүше емес мемлекеттеріне де
пайдалануға əбден мүмкін.
Бірақ, Конвенция күшіне енгенімен, ол заңи
тұрғыдан тек қол қойған мемлекеттер үшін ғана
заңды болып табылады. Конвенция оның та-
лаптарын орындататын нақты механизмі жоқ,
тек Конвенция аясында Халықаралық Сотқа
ғана жүгінуге болады. Дегенмен, 1946 жылы
құрылғаннан бері, Халықаралық сотқа жүгіну
тек бір рет қана болған. Ондай жағдай, Вен-
гриямен Словакия арасындағы Дунай өзенінде
Габчиково–Надьмарош жобасына қатысты да-
уды шешу үшін орын алған болатын. Конвен-
ция тек нақты бір немесес бірнеше мемлекет-
тер пайдалануындағы трансшекаралық өзендер
мəселесін шешу үшін бағытталған.
Өкінішке орай, бұл адамзат бейбітшілігі жəне
экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған
құжат көптеген мемлекеттерден қолдау тап-
пады. Бұл құжат бірінші кезекте көптеген
мемлекеттердің мүддесіне сай емес. Қазіргі таңда
Орталық Азия мемлекеттерінен тек Өзбекстан
Республикасы осы құжатты мақылдаушы ретінде
танылып отыр. Төменде аталған құжаттың
қатысушылары жəне мақұлдаған мемлекеттері
берілген
Күшіне енбеді:
Қатысушы¦Қол қою мерзімі¦Ратификация¦
Қосылуы (а)
Қабылдауы (А)
Мақұлдауы (АА)
--------------------------------------------------------------
¦Венгрия¦20.07.1999¦26.01.2000 AA ¦
¦Венесуэла (Боливарианская Республика) ¦22.09.1997¦ ¦
¦Германия ¦13.08.1998¦15.01.2007 ¦
¦Иордания ¦17.04.1998¦22.06.1999 ¦
¦Ирак ¦ ¦09.07.2001 a ¦
¦Йемен ¦17.05.2000¦ ¦
¦Катар ¦ ¦28.02.2002 a ¦
¦Кот-д’Ивуар ¦25.09.1998¦ ¦
¦Ливан ¦ ¦25.05.1999 a ¦
¦Ливия ¦ ¦14.06.2005 a ¦
¦Люксембург ¦14.10.1997¦ ¦
¦Намибия ¦19.05.2000¦29.08.2001 ¦
¦Нидерланды ¦09.03.2000¦09.01.2001 A ¦
¦Норвегия ¦30.09.1998¦30.09.1998 ¦
¦Парагвай ¦25.08.1998¦ ¦
¦Португалия ¦11.11.1997¦22.06.2005 ¦
----------------------------------------------------------------------------
Ресей Конвенцияға қол қойды (15.11.1997 N 1429 РФ
Үкіметінің Қаулысы).
----------------------------------------------------------
¦Сирия Республикасы ¦11.08.1997¦02.04.1998 ¦
¦Тунис ¦19.05.2000¦22.04.2009 ¦
¦Өзбекстан ¦ ¦04.09.2007 a ¦
¦Финляндия ¦31.10.1997¦23.01.1998 A ¦
¦Швеция ¦ ¦15.06.2000 a ¦
¦Оңтүстік Африка ¦13.08.1997¦26.10.1998 ¦ [5].
1992 жылдың 17 науырызында əлемде тағы
бір тарихи оқиға орын алды. Трансшекаралық
өзендер мəселесін шешу үшін, əлемнің
дамыған жəне дамушы мемлекеттері бас қосып,
«Шекарааралық су арналары мен халықаралық
көлдердi қорғау жəне пайдалану жөнiндегі
конвенцияға» қол қоюға жиналды. Бұл
келісімде денді апаттарға жəне трансшекаралық
өзендердің экологиялық мəселесіне қойды.
Конвенция өкінішке орай, көптеген мемлекет-
термен мақұлданбады, əрине, бұл жерде сая-
си мəселелер басым болды. Әсіресе Орталық
Азия мемлекеттерімен толыққанды еленбеді
жəне қарастырылмады. Қазіргі таңның өзінде,
Орталық Азия елдерінің трансшекаралық
өзендер мəселесін шешудегі рөлі жоғары. Егер
де төменде жəне жоғары да орналасқан мем-
лекеттер осы құжатқа қол қойған жағдайда екі
жақта ұтады десек болады, бірақ, əрине, энер-
гетика мəселесіне жəне жер шаруашылығының
мəселесін осы Конвенция аясында қарастырған
жағдайда.
Бұл құжатта жалпы трансшекаралық өзен-
дерге анықтама беруден өз бастауын алады:
1 бөлім. Барлық тараптарға сай қағидалар:
1-бап. Анықтамалар.
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
1. «Шекаралық сулар» екi жəне одан да көп
мемлекеттер арасындағы шекараны қиып өтетiнiн
немесе осындай шекараларда орналасқанын
бiлдiретiн қандай да болсын жер бетiндегi неме-
се жер астындағы суларды бiлдiредi; шекаралық
сулар тiкелей теңiзге келiп құятын жағдайларда
осындай шекаралық сулардың шегi олардың ар-
насын олардың жағалауларындағы шағын судың
шебiнде орналасқан нүктелер аралығында қиып
өтетiн түзу сызықпен шектеледi.[6];
Бұл трансшекаралық өзендерге берген
Хельсиндік ережелердің анықтамасы. Осы
анықтамалар арқасында жер асты су ресурста-
ры да трансшекаралық болып саналатын болды.
Осы келісімдер арқылы келісімге қол қойған
көптеген мемлекеттер жер асты су мəселелерін
де өзара бірігіп шешуге ықпалын тигізді.
2 бапты қарастыратын болсақ, екінші бапта
қазіргі буынның қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін су ресурстарын меңгеру, кейінгі ұрпақтың
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға
зиянын
тигізбеу керек дейді [7];
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (50). 2015
193
Садибеков Е.Ө.
2 баптың 5 тармағының (b) тармақшасында
суды «ластаушы төлейді» деген түсінік енгізілді.
b) «ластаушы төлейдi» қағидаты, оған
сəйкес ластанудың алдын алу, шектеу жəне
қысқарту жөнiндегi шараларға байланысты
шығындарды ластаушы өтейдi;Осы заңи қағида
нəтижесі арқасында, суды ластаған мемлекетке
толыққанды суды тазарту міндеті жүктелді [8];
Хельсинкиде қабылданған құжатта жоғарыда
аталған мəселелермен қатар, су жиегіндегі тарап-
тар мəселесі де көтерілген. Жиекте орналасқан
мемлекеттердің негізгі міндеттемесі ретінде, екі
жақты, көп жақты немесе басқа да келісімдерге
келу. Негізінен екі жақты келісімдерде судың
ластануын, трансшекаралық сулардың жалпы
жағдайы жайлы бағдарламалар қарасытыру бо-
лып табылады. Екі жақта судың ластануының ал-
дын-алу мəселелерін бірігіп жасау керек, өйткені
су ресурстарын тек бүгінгі ұрпақ емес, сонымен
қатар болашақ ұрпақтар да пайдалану қажет.
Маңызды мəселелердің бірі болып, эколгия
жағдайы да қарастырылады. Экологиялық жағдай
Хельсиндік ережелерде маңызды орынды алады.
Конвенцияның ІІІ бөліміне назар аударатын
болсақ, «Жоспарланған шараларға» көңіл аудар
керек деп есептеймін. Судың басында орналасқан
мемлекет өз территориясында суға қатысты
өзгерістер жасамас бұрын, мейлі ГЭС салу, су
арнасын бұру секілді іс-əрекеттер міндетті түрде
төменде орналасқан мемлекетпен келістірілуі
жөн болып табылады. Конвенцияның құқықтық
реттеуі əрдайым дамуда.
Конвенцияның 22 бабына дауларды реттеу
қарастырылған. 1 тармағында екі тарап арасын-
да суға қатысты дауларды келіссөздер арқылы
шешуді ұсынады немесе дауды Халықаралық
сотқа беру құқығы да қарастырылған:
22-бап. Дауларды реттеу
Осы Конвенцияны пайымдауға немесе
қолдануға қатысты екi немесе одан көп Тараптың
арасында дау туындаған жағдайда олар келiссөз
немесе дауға қатысушы Тараптар үшiн қолайлы
кез-келген басқа тəсiл арқылы дауларды реттеу-
ге ұмтылады.
Осы Конвенцияға қол қою, оны бекiту,
қабылдау, күшiне енгiзу немесе оған қосылу
кезiнде немесе осыдан кейiн кез-келген уақытта
кез-келген Тарап жазбаша түрде Депозитарий-
ге осы баптың 1-тармағына сəйкес реттелме-
ген дауға байланысты ол өзiне дəл осындай
мiндеттеме қабылдайтын кез-келген Тарап үшiн
мiндеттi мiндеттеме ретiнде дауларды реттеудің
мына құралдарының бiрiн немесе екеуiн де
қабылдайтынын мəлiмдей алады:
а) дауды халықаралық сотқа беру;
b) IV қосымшада айтылған рəсiмге сəйкес
төрелiк сотқа беру.
Егер дауға қатысушы Тараптар осы баптың
2-тармағында айтылған дауларды реттеудің екi
тəсiлiн де қабылдаса, дау, егер Тараптар өзгеше
жайында уағдаласпаса, тек Халықаралық Сотқа
қана берiлуi мүмкiн. [9];
28 қараша 2003 жылы Швейцария үкіметі
Халықаралық өзендер суын пайдаланудағы
Хельсиндік құжатқа өзгерістерді енгізуін
ұсынды. Сөйтіп 25 жəне 26 баптарына
өзгерістер енгізілді, енді 25 жəне 26 бапқа сай
БҰҰ мүшесі болып табылатын мемлекеттер
барлық тараптарының келісімі арқылы осы
конвенцияның қатысушысы бола алады [10].
Трансшекаралық өзендер мəселесін жіті
бақылауға тырысатын тағы бір халықаралық
құжаттардың бірі болып, «Трансшекаралық мəн
мəтінде қоршаған ортаға əсерді бағалау жайлы
конвенциясыны» атап кетсе болады.
Бұл Конвенция аса бір назарын трансшек-
аралық өзендердегі экологиялық мəселесіне
аудартады. Өзіміз көргеніміздей, көптеген мем-
лекеттер су ағымының төменде орналасқан
мемлекеттерінің мүддесімен немесе экологиялық
жағдайымен санаспай, өндірістік қалдықтарды
суға төгіп, төменде орналасқан мемлекеттің
экологиялық жағдайын ұшықтырған жайттар
тарихта орын алып отырған. Осы мəселелерді
шешу үшін, осы құжатты қабылдауға 1991
жылы 25 қаңтарда қол қойылған болатын.
Күшіне тек 1997 жылдың 10 қыркүйегінде енді.
БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комис-
сиясымен реттеледі. Конвенцияның аясында
трансшекаралық өзендердің бойында салына-
тын өнеркəсіптердің экологияға деген қатынасы,
экологиялық апаттардың алдын-алу мəселелері
кеңінен қаралады.
Орталық Азия мемлекеттері үшін де маңызды
құжат болып табылады. Өйткені Сырдария жəне
Әмудария секілді өзендердің ластануы Арал
теңізінің жағдайын ұшықтыруда, сондықтан
Орталық Азия елдері осы мəселеге зен қойса,
онда үлкен апаттың алдын-алуға болар еді.
Қазіргі таңда, аталған құжатты бірнеше мем-
лекет мақұлдаған (15 мамыр 2009 жылғы дерек
бойынша):
---------------------------------------------------------------------------
Қатысушы¦Қол қою мерзімі¦Ратификация¦
Қосылуы (а)
Қабылдауы (А)
Мақұлдауы (АА)
¦Австрия¦26.02.1991 ¦27.07.1994 ¦
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (50). 2015
194
Трансшекаралық өзендер мəселесін шешудегі халықаралық келісімдер ...
¦Әзірбайжан ¦ ¦25.03.1999 a ¦
¦Албания ¦26.02.1991 ¦04.10.1991 ¦
¦Армения ¦ ¦21.02.1997 a ¦
¦Беларуссия ¦26.02.1991 ¦10.11.2005 A ¦
¦Бельгия ¦26.02.1991 ¦02.07.1999 ¦
¦Болгария ¦26.02.1991 ¦12.05.1995 ¦
¦ Македония ¦ ¦31.08.1999 a ¦
¦Венгрия ¦26.02.1991 ¦11.07.1997 ¦
¦Германия ¦26.02.1991 ¦08.08.2002 ¦
¦Грекия ¦26.02.1991 ¦24.02.1998 ¦
¦Дания <3> ¦26.02.1991 ¦14.03.1997 AA ¦
¦Еуропалық қауымдастық ¦26.02.1991 ¦24.06.1997 AA ¦
¦Ирландия ¦27.02.1991 ¦25.07.2002 ¦
¦Исландия ¦26.02.1991 ¦ ¦
¦Испания ¦26.02.1991 ¦10.09.1992 ¦
¦Италия ¦26.02.1991 ¦19.01.1995 ¦
¦Қазақстан ¦ ¦11.01.2001 a ¦
¦Канада ¦26.02.1991 ¦13.05.1998 ¦
¦Кипр ¦ ¦20.07.2000 a ¦
¦Қырғызстан ¦ ¦01.05.2001 a ¦
¦Латвия ¦ ¦31.08.1998 a ¦
¦Литва ¦ ¦11.01.2001 a ¦
¦Лихтенштейн ¦ ¦09.07.1998 a ¦
¦Люксембург ¦26.02.1991 ¦29.08.1995 ¦
¦Молдова ¦ ¦04.01.1994 a ¦
¦Голландия <5> ¦25.02.1991 ¦28.02.1995 A ¦
¦Норвегия ¦25.02.1991 ¦23.06.1993 ¦
¦Польша ¦26.02.1991 ¦12.06.1997 ¦
¦Португалия ¦26.02.1991 ¦06.04.2000 ¦
¦Ресей Федерациясы ¦06.06.1991 ¦ ¦
¦Румыния ¦26.02.1991 ¦29.03.2001 ¦
¦Сербия ¦ ¦18.12.2007 a ¦
¦Словакия <2> ¦28.05.1993 d ¦19.11.1999 ¦
¦Словения ¦ ¦05.08.1998 a ¦
¦Ұлыбритания жəне¦26.02.1991 ¦10.10.1997 ¦
¦ Солтүстік Ирландия <6> ¦ [11].
----------------------------------------------------------------------------
Экологиялық мəселелер Орталық Азия мем -
лекетінде белсенді түрде көтеріліп жатыр. Ме -
нің ойымша, Орталық Азия елдерінде транс-
шекаралық өзендерді шешуде жоғарыда атап
кеткен құжаттар септігін тигізер еді, егер де мүд-
делер қайшылығы қабылдауға кедергі болма -
ғанда. Бүгінгі таңда Орталық Азия мемлекетте-
рінен Қазақстан жəне Қырғызстан ғана «Транс-
шекаралық мəн мəтінде қоршаған ортаға əсерді
бағалау жайлы конвенцияға» қол қойғандар бо -
лып табылады. Жалпы Орталық Азия үшін атал-
ған құжаттармен қатар, «Өндірістік апаттардың
трансшекаралық ықпалы жайлы конвенцияны
да» мəселесін көтергенді жөн көріп отырмын.
Бұл келісім 1992 жылы 17 наурызда Хельсинки-
де қабылданып, 2000 жылдың 19 сəуірінде күші -
не енді. Конвенция бөгеттердің бұзылуына қа -
тыс ты қолданылмайды, дегенмен апатты жағ-
дай ларда келісілген мемлекеттер өзара көмек
көрсетуі қажет. Сонымен қатар, Орталық Азия
мемлекеттері үшін де маңызды құжат бо-
лып табылады. Өйткені, егер де Қырғызстан
жəне Тəжікстан өздерінің территорияларында
бөгеттер салатын болған жағдайда, олар төменде
орналасқан мемлекеттер үшін қауіпті болуы
мүмкін. Егер де бөгеттер бұзылған жағдайда,
онда бұл экологиялық жəне əлеуметтік апат бо-
лып табылады. Ал бұл Конвенцияның негізгі
мақсаты апаттардың алдын-алу жəне апатты
жағдайларда мемлекеттердің бірлесіп жұмыс
жасауын қамтамасыз ету, былай айтқанда,
мемлекеттердің жауапкершілігін теңестіру бо-
лып табылады.
21 мамыр 2010 жылғы деректерге сүйенсек
осы аталған конвенцияны төменде көрсетілген
мемлекеттер ғана мақұлдаған. Олар:
Қатысушы¦Қол қою мерзімі¦Ратификация¦
Қосылуы (а)
Қабылдауы (А)
Мақұлдауы (АА)
----------------------------------------------------------------------------
¦Австрия¦18.03.1992 ¦04.08.1999 ¦
¦Әзірбайжан ¦ ¦16.06.2004 a ¦
¦Албания ¦18.03.1992 ¦05.01.1994 ¦
¦Армения ¦ ¦21.02.1997 a ¦
¦Беларуссия ¦ ¦25.06.2003 a ¦
¦Бельгия ¦18.03.1992 ¦06.04.2006 ¦
¦Болгария ¦18.03.1992 ¦12.05.1995 ¦
¦Македония¦ ¦02.03.2010 a ¦
¦Венгрия ¦18.03.1992 ¦02.06.1994 AA ¦
¦Германия ¦18.03.1992 ¦09.09.1998 ¦
¦Грекия ¦18.03.1992 ¦24.02.1998 ¦
¦Дания <2> ¦18.03.1992 ¦28.03.2001 AA ¦
¦Еуро Одақ <1> ¦18.03.1992 ¦24.04.1998 AA ¦
¦Испания ¦18.03.1992 ¦16.05.1997 ¦
¦Италия ¦18.03.1992 ¦02.07.2002 ¦
¦Қазақстан¦ ¦11.01.2001 a ¦
¦Канада ¦18.03.1992 ¦ ¦
¦Кипр ¦ ¦31.08.2005 a ¦
¦Латвия ¦18.03.1992 ¦29.06.2004 ¦
¦Литва ¦18.03.1992 ¦02.11.2000 ¦
¦Люксембург ¦20.05.1992 ¦08.08.1994 ¦
¦Монако ¦ ¦28.08.2001 a ¦
¦Голландия <3> ¦18.03.1992 ¦06.11.2006 A ¦
¦Норвегия ¦18.09.1992 ¦01.04.1993 AA ¦
¦Польша ¦18.03.1992 ¦08.09.2003 ¦
¦Португалия ¦09.06.1992 ¦02.11.2006 ¦
¦Молдова Республикасы ¦ ¦04.01.1994 a ¦
¦Ресей Федерациясы ¦18.03.1992 ¦01.02.1994 A ¦
¦Румыния ¦ ¦22.05.2003 a ¦
¦Сербия ¦ ¦31.07.2009 a ¦
¦Словакия ¦ ¦09.09.2003 a ¦
¦Словения ¦ ¦13.05.2002 a ¦
¦Ұлыбритания ¦18.03.1992 ¦05.08.2002 ¦
¦ жəне Солтүстік Ирландия ¦ ¦ ¦
¦Америка Құрама Штаттары ¦18.03.1992 ¦ ¦
¦Финляндия ¦18.03.1992 ¦13.09.1999 A ¦
¦Франция ¦18.03.1992 ¦03.10.2003 AA ¦
¦ Өзбекстан ¦ 09.08.2007¦ (а) [12];
----------------------------------------------------------------------------
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (50). 2015
195
Садибеков Е.Ө.
Байқағанымыздай, жоғарыда келтірілген
конвенция да Орталық Азия мемлекеттерінен
тек Қазақстанды жəне Өзбекстанды көрсек бо-
лады. Су ағымы Қырғызстан жəне Тəжікстан
территорияларында қалыптасқандықтан, бұл
конвенцияның қатысушысы болып табылмай-
ды. Жоғарыда оның себептерін атап кеткен
болатынмын. Бүгінгі күні Трансшекаралық
өзендер мəселе сін қарастыратын конвенцияны
мақұлдаушылар қатарына қосылуға əлі де бола-
ды, қол қою үшін аталған конвенция ашық.
Трансшекаралық өзендер мəселесін шешу
үшін халықаралық тəжірибеден аларымыз мол,
бастысы су дауын шешудегі біріңғай механизмді
үйлестіру. Бірақ бұл оңай шаруа емес, уақытты
талап ететін іс.
3>1>2>6>2>5>3> Достарыңызбен бөлісу: |