Тұрақты және тұрақсыз мотивация



бет20/28
Дата05.05.2023
өлшемі282,04 Kb.
#90206
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
1. Мотивациялық конфликт. Тұлғаішілік конфликтінің жиі зерттелетін, оның ішінде психоаналитикалық бағытта көп зерттелетін түрлерінің бірі. Санасыз ұмтылыстар (Фрейд, 1903) арасындағы, меңгеруге және кауіпсіздікке деген ұмтылыстар арасындағы (Хорни, 1943), екі жағымды тенденциялар – «Буриданова осла» классикалық диллемасы (Левин, 1939), немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі (Кузьмин, Семенов, 1987) конфликтілерді бөліп көрсетеді.
2. Адамгершілікті конфликт. Этикалық ілімдерде оны көбінесе моральдық конфликт деп атайды. (Бакистановский, 1972; 1983; Арницане, 1978; Федоркина, 1970). Ол әлеуметтік сферадағы немесе жеке индивидтің санасындағы адамгершілікті қайшылықтардың негізінде пайда болатын және айқын адамгершілікті компоненті бар бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын конфликт ретінде қарастырылды.
Тұлғаішілік конфликтілердің негізгі түрлері:
1. Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі немесе кемшілікті сезіну комплексінің конфликтісі (Юрлов, 1995). Бұл тілектер мен оларды қанағаттандыруды бөгейтін шындық (ақиқат) арасындағы конфликт. Конфликт – қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылысы. Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.
Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.

Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.


Конфликтінің пәні – қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.).
Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары – конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.

1. Конфликт психологиясы
2. Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері.
3. Конфликтілі жағдай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет