Тұрақты және тұрақсыз мотивация



бет2/28
Дата05.05.2023
өлшемі282,04 Kb.
#90206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Психология (каз)

Дәріс №1. 1- сағат
Тақырып: Психологияға кіріспе
Жоспары: 1 Психология ғылымы туралы түсінік
2 Психология ғылымының салалары, басқа ғылым
салаларымен байланысы.
3. Психология ғылымының қалыптасуы, болашағы.
Негізгі мақсаты: Психология пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу. Психология пәнінің қызметтері мен міндеттерін ашу.
Негізгі түсініктер: Психика, жантану, этнопсихология. Психология ғылымы туралы түсінік.
Психология- психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Бұл ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. «Психология» термині гректің екі сөзнен тұрады: оның біріншісі –«псюхе» (жан), екіншісі –«логос» (сөз, ілім) аударғанда «жан туралы ілім деген ұғым береді.
Халықтың ежелгі түсінігін ғылыми тілмен түсіндіру. Мысалы; ертедегі адамдар табиғаттың тылсым күштерінің құдіретіне табынған Ғылымның жетілуі адам әлемінің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік ашты. .Жан құбылыстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен нәрселерінің мидағы(жүйке саласы)әр түрлі бейнелері болып табылады.Tүйсік,елес,ой,тілек,қызығу,мінез т.б.-осындай бейнелер түрінде көбімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім,тілімізде жиі қолданылатын сөздер.Бүлардың мән-мағынасы мен заңдылықтарын жантану дейтін ғылым арқылы танып-біліп,ұғынуға болады..Бірақ психологияны қысқа түрде “жан туралы ілім” деп айта салмай,өз алдына күрделі заңдылықтары бар, дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз қажет.
Адамның жан дүниесін күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен оларды белгілі жүйеге топтастыруымыз керек.Кісінің жан сыры,яғни ғылым тілімен айтқанда,оның психикасы бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді.Олардың бірі-психикалық процесстер,бұлар төл тілімізде жан қуаттары деп аталады,жан құбылыстарының екінші бір тобы-психикалық кейіп немесе қалып,ал үшіншілері –кісінің жеке-дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп аталынады.
де ерекше орын алады.Адамның сыртқы ортамен үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланысында оның сезім,ерік процесстері де шешуші роль атқарады.
Психикалық кейіп бұл-адамның түрлі көңіл-күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.)бірсыдырғы тұрақты белгілері.
Шығыс ойшылы әль-Фараби дүние материядан құралады, ол жайылмайды, бір түрден екінші түрге өзгере береді, жан денеден бұрын жаралмайды, бір денеден екінші денеге орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдау жасаған.
Жан туралы ілім сан ғасыр бойы дамып, жетіліп отырған. Психологиялық ғылыми ілімдер екі кезеңді қамтиды.
2500 –інші жылға созылған ой-пікірлер – философиялық ойлар.
1879 жылдан бастау алған эксперементтік ғылым.
Психология ғылымының ғылым ретінде қалыптасуы:
алғашқы ұғымдар, болжамдар
пайымдаулар, қортынды , ізденістер
тәжірибелер : қалыпты жағдайда, аспаппен.
ғылыми көзқарастар
Қазақ халқы тамаша, терең білімді психолог халық.. Ғылым ретінде қалыптасуы –ХІХ ғасырдың 1 –жартысы.
Психология сан салалы ғылым, 40-қа тарта саласы көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Атап айтқанда: педагогика, медицина, әдебиет, көркемөнер, жаратылыстану, этнография, этика, эстетика, социология, демография.
Салалары: жалпы, педагогикалық, жас ерекшелік- (бала, жасөспірім), зоопсихология, инженерлік, медицина, космос, сот, этнопсихология.
Этнопсихология, этнопедагогика, этнография барлығы демографиялық әліппеге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет