Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері



Дата07.01.2022
өлшемі5,81 Mb.
#18160
Байланысты:
Инабат Нұрасыл

Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері

Орындағандар: Иемберді Инабат, Зиядибеков Нұрасыл

  • 1. Фразеология және оның өзіндік белгілері, тұрақты сөз тіркестерінің түрлері
  • 2. Фразеологиялық тұтастық
  • 3. Фразеологиялық бірлік
  • 4. Фразеологиялық тізбек
  • 5. Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы

  • 6. Фразеологиялық антонимдер
  • 7. Фразеологиялық синонимдер
  • 8. Фразеологиялық омонимдер

Фразеологияның түрлерін біреу мағынасына, енді біреу құрылымына, үшіншісі- қызметіне қарай топтастырып, әркім әр түрлі классификациялайды. Академик В.В.Виноградов фразеологизмдерді құрастырушы сыңарларының өзара қатысы жағынан алып, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе, Н.М.Шанский төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосады. К.Ахановта осы төрт түрін мақұлдайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес деп екіге бөледі. Барлығын жинақтай келе І.Кеңесбаевтың фразеологиялық түйін тіркесі- В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірлігіне, түйіс тіркес- фразеологиялық тізбегіне, мақал- мәтелі- сөйлемшеге келеді. Сол сияқты фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы , фразеологиялық антонимдер, фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық омонимдер деп бөліп қарастырамыз.


Фразеологиялық тұтастық - құрамындағы сөздер бір- бірімен әбден тұтасып, жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер. Мысалы: жеті қараңғы түнде, ала жібін аттамады, мұрынынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді- қолы тимеді, аттың жалы, түйенің қомында- абыр- сабыр уақыт, бір ұрты май, бір ұрты қан- залым, екі жүзді т.б.

Фразеологиялық бірлік- тұтастық сияқты мағына жағынан тұтас тұрақты тіркес. Бірақ мұнда құрастырушы сыңарларының мағынасы жойылмаған, тек солғындап, біртұтас ауыспалы мағынада қолдану. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, езуі екі құлағында, жегені желім, пышақ кесендей тиылды, мойнына су құйылып отыр, ескі жараның аузын ашты, ит байласа тұрғысыз, көз көрмес, құлақ естімес, ит көйлекті бұрын тоздырған, ит басына іркіт төгілді, т.б.


Фразеологиялық тізбек- фразеологизмнің бұл түрі еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған. Мұнда еркін сөз бен фразеологиялық сөздің тіркесуінен жасалады, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: тар заман, қоныс тепті, қонақ асы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, ала қол, кең қолтық, жуан жұдырық, шер көкірек, еркек кіндік, салқын қанды, көзі тірісінде, көз шалым жер, көзімдей көр, көзі жоғалды т.б.

Фразеолозизмдер құрылым- құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: 1)Құрылым- құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық тауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон,қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, тісін басты, өр көкірек, төбесі тесік т.б. 2)Құрылым- құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: үш ұйықтаса, ойда жоқ; көңілі су сепкендей басылды, аяқ- қолын бауырына алды; қой үстіне бозторғай жұмыртқалады; басы ауырып, балтыры сыздады; бұтын бұт, қолын қол қылды; ашса алақанында, жұмса жұдырығында; көзіне көк шыбын үймелетті; ел бетін көрместей болды; ішкен асы бойына тарамады; көрер таңды көзімен атырды; кузына ақ ит кіріп, қара ит шықты; табанын жерге тигізбеді т.б.

Фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы Мақал- мәтелдердің адам өміріндеқамтымайтын саласыжоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп мағыналы етіп білдіреді. Халық: «Тұз астың дәмін келтірсе, мақалсөздің сәнін келтіреді. Мақал- сөздіңатасы. Сөздің көркі мақал. Мақалсыз сөз- татымсыз аспен тең. Мақал- сөздің тұздығы»- деп тұжырымдайды. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды. Бал тамған тілден у да тамады. Әншейін ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас. Ақымақ басқа бадырақ көз бітеді. Ағын суда арамдық жоқ. Көрдім- көп сөз, көрмедім- бір сөз. Шегірткеден қорыққан егін екпес т.б.

Фразеологизмдер кейде антонимдерден, синонимдерден, омонимдерден жасалады. Фразеологиялық антонимдер: ыстық қанды- суық қанды, дүниеге келу- дүниеден кету, қолы ұзару- қолы қысқару, ит пен мысықтай болу, ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер, әмпәй- жәмпәй болу- жүз жыртысу т.б. Фразеологиялық синонимдер: қыз қуу, отқа май құю, бауы берік болу, қыл көпір, ақ сұңқар құс, ордалы жылан т.б. Фразеологиялық омонимдер: есі кету- қуаныштан, қорыққаннан, ауыз ашу- таңқалу, ораза кезінде ауыз ашу, сөйлеу бастау, бас жару- ожарлық әрекет жасау, өсімдіктің гүлденуі т.б.


1. Фразеологиялық тұтастық деген не?

2.фразеологиялық бірлік деген не?

3.Фразеологиялық тізбек деген не?

4.”Ит терісін басына қаптау” тіркесі қайсысына жатады?

5.”жатып ішер” тіркесі қайсысына жатады?

6.Қазан үстінен күн көру тіркесінің мағынасы қалай?

7.Ат тұяғын тай басар тіркесінің мағынасы қандай?

8.Жалғанды жалпағынан басты тіркесінің мағынасы?



Қолды болды

Шыр бітті-семірді

Қаламы ұшталды- жазуға қалыптасты, төселді

От басы- үй іші ұзын етек- әйел адамы шикі өкпе-перзент


Ыстық қанды-суық қанды

Ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер



Ауыз ашу-таңқалу, ораза кезінде ауыз ашу

Сонымен қорыта айтсақ : Тіл мәдениетінің бастауы- фразеологизмдер. Әрбір қазақ үшін- тіл мәдениетін меңгеру міндеттерінің бірі- дұрыс сөйлеу, образды сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы тұрақты тіркестердің рөлі ерекше. Фразеологизмдер халықтың ғасырлар бойы жасаған тіл қазынасының алтын қабаттарының бірінен саналады және ауызекі және әдеби тілдің еншісіндегі қолданыс аясы жан- жақты әрі стильдік- эмоционалдық әсері жоғары тіркестер.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет