Травматология


Сыртқы  зәр  жолы  жарақаттанғанда  операция  жасау  техникасы



Pdf көрінісі
бет140/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   297
Сыртқы  зәр  жолы  жарақаттанғанда  операция  жасау  техникасы. 
Жамбас  ішін  жансыздандыру.  Сырқаттың  жату  қалпы  шатқа  операция 
жасайтын  кездегідей.  Ұманы  алға  жылжытады.  Шонданай  бұдыры 
аймағындағы  алдыңғы  жақ  және  томпақ  жерді  доға  тәрізді  етіп тіліп,  терісі 
мен  үстіңгі  фасцияны  (шандырды)  кеседі.  Осы  кезде-ақ  әдетте  шаттың 
урогематомасы  босайды  және  үрпі  каналының  артқы  қабырғасы 
жалаңаштанады.  Егер  былай  болмай  қалса,  онда  шат  клетчаткасының 
қабаттарын ашады. Үрпі каналының түп жағы жыртылған жағдайда көбінесе  
жамбастың  көк  еті  де  айрылып  кететіні  байқалады.  Болжамдауды  оңайлату 
үшін  несеп  шығаратын  каналға  алдын-ала  катетер  енгізеді.  Оныңұшы 
көбінесе  жараға  тиіп  тұрады.  Үрпі  каналының  дистальды  бөлімін  табу 
(анықтау) қиын емес. Үрпі каналының орталық бөлігі (бүкіл айналасы емес) 
толық  жарылмаған  жағдайда  оның  ұшы  да  тез  табылады.  Толық  жарылған 
үрпі  каналының  орталық  бөлігін  табу  қиындық  келтіреді.  Оны  қуықты 
қысқан  кезде  зәрдің  ағуына  қарап,  осы  бөлімнің  топографиясын  білу 
арқылы,  ең  болмағанда  -  қуықтың  қасаға  үстіндегі  тілінген  жері  арқылы 
енгізілген катетердің барған жеріне қарап табуға болады. 
Үрпі  каналының  орталық  бөлігін  тапқаннан  кейін  оның  ұштарын 
алдыңғы  қабырғаға  жалғастырады,  сонан  кейін  катетер  орталық  бөлік 
арқылы  қуыққа  жылжытылады  және  енді  тек  үрпі  каналының  қабырғасын 
ғана  емес,  сондай-ақ  парауретральді  ұлпаларды  қамти  отырып,  катетермен 
бірге тағы үш жерден (екі қапталды және артқы жақты) тігеді. Осымен үрпі 
каналы  анатомиялық  қалпына  келеді.  Сонан  кейін  эпицистома  салынады. 
Шаттың жарасы кішірейеді (тартылады). 


138 
 
Ол арқылы дренаждау үшін барған жеріне дейін резеңке қолғаптан кесіп 
алынған бір тілім резеңке енгізіледі. Іш пердесінің қабырғасына (эпицистома 
қосылған)  енгізілген  катетер  ұстағыш  жіптің  көмегімен,  жабысқақ 
таңғышпен сыртқы жыныс мүшесінің басына бекітіледі ("кәрзеңке" таңғыш). 
Катетер қойылған үрпі каналын алғаш тіккен кезде 2-3 аптадан кейін ол 
қуыстың тарылуынсыз-ақ берік тұтасып біте бастайды, сөйтіп, мұнан кейінгі 
қалпына келтіру жұмыстарының және көп жағдайда әсері жоқ операцияның 
қажеті  болмайды.  Кейіннен  жасалған  уретография  (үрпі  каналын  тігу) 
кезінде тұтасып біту 4-5 күн кеш басталады. 
Әйтеуір,  бір  себеппен  үрпі  каналы  тігуге  келмесе  (ұлпаның  көп  жері 
бүлінсе,  іріңдеу-қабыну  процестері,  жарақатты  адамның  жалпы  жай-күйі 
ауыр  болса),  онда  міндетті  түрде  жасалатын  эпицистомия  мен 
урогематоманы  ашатын  бұл  жағдайда  қуықтың  ішінен  катетер  немесе 
резеңке  түтік  (диаметрі  8  мм)  өткізуге  әрекеттену  керек  және  сырттан 
олардың  ұштарын  өзара  жалғастыру  қажет.  Үрпі  каналының  ұштары 
аралығында  пайда  болатын  қашықтық  салдарынан  қалпына  келу  тек  6-8 
аптадан  кейін  ғана  басталады  және  осы  кезең  ішінде  зәр  шығару  жолының 
тарылуынан  сақтандыру  үшін  (үрпі  каналының  зақымдалған  жері 
тыртықтанып  бітуі  кезеңінде)  катетер  немесе  түтік  үрпі  каналында  тұруы 
керек. 
Операциялық  емдеу  эпицистомамен  және  шаттың  урогематомасын 
дренаждаумен  шектелген  жағдайда,  одан  арғыуақытта  стриктураны 
(каналдың  тарылуын),  не  болмасаүрпі  каналы,  не  бүйрек  каналшаларының 
зақымданған  бөлігіндегі  облитерацияны  (канал  қуысының  бітелуін)  жою 
үшін  операциялық  жолмен  қалпына  келтіру  емдерін  жасау  қажет.  Катетер 
қойылған  үрпі  каналы  тігісін  ауру  асқынуының  алдын  алу  үшін  қуықты 
фурацилин  ерітіндісімен  (1:5000)  4-6  рет  жуып,  зәр  шығаруканалының 
сыртқы тесігі арқылы катетермен үрпі каналының шырышты қабығының екі 
аралығына антибиотиктер ерітіндісін жіберген жөн. 
Жамбас  сүйегі  іштей  сынған  жағдайда  көтен  ішектің  зақымдануы 
біршама  сирек  кездеседі  және  олар  тіндердің  тартылуынан,  сондай-ақ 
сүйектердің сынықтарынан пайда болады. "Еденге отыру" сияқты құйрықпен 
құлаған кезде дезақым келуі мүмкін. 
Жамбастың нәжістік флегмоны дамуының қауіптілігіне байланысты тік 
ішектің  маңайын  есептемегенде,  құрсақтан  тыс  шамалы  зақымдану 
жағдайындағы  тік  ішектің  зақымдануын  консервативті  емдеу  өте  қауіпті. 
Құрсақ  ішіндегі  зақымдануларды  тік  ішектің  басқа  да  бөлімдерін  емдеген 
кездегідей  емдейді.  Құрсақтан  тыс  бөлімді  тесіп  өткен  жарақат  кезінде 
параректальді  клетчатканы  жарақаттың  орналасуын  есепке  ала  отырып,  өте 
қолайлы әдіспен ашады, былғанған клетчатканы кесіп тастайды, гематоманы 
жояды,  ішектің  жарақатын  тарылтып  тігеді  және  оның  араларына  дренаж 
жасайтын  түтігі  бар  тампон  қойып  дренаждайды.  Жарақатқа  тампонды 
(мақта  тығынды)  енгізерден  бұрын  100000-200000  ЕД  антибиотик  енгізеді 
жәнежарақаттың  айналасын  қоршаған  жұмсақ  тіндерді  антибиотиктер 


139 
 
ерітіндісімен молынан егеді. Ішектің  ішкі қабығының ауруын жою үшін тік 
ішектің  сыртқы  сфинктерін  керіптартады.  Сигма  тәрізді  ішектің  үстіне 
алғақшы хирургиялық тазалау үстінде әуелі тесік жасайды, ал тік  ішекке ол 
кең  көлемде  бүлінген  кезде  және  кейінірек  қатты  асқынулар  дамыған 
жағдайда  жасалады.  Операциядан  кейінгі  кезенде  апиын  тұнбасы  және 
клетчаткасы  көп  мөлшерлі  (алғашқы  5-6  күнде)  диета,  бактерияға  қарсы 
интенсивті терапия белгіленеді. 
Ашық  жарақаттар  кезіндегі  емдеу  принципі  де  дәл  осындай,  бірақ  ол 
жараны мұқият хирургиялық  тазалаумен  ұштастырыла жүргізілуі тиіс. 
Аралас  жарақаттар  әр  жерде  болған  жағдайда  олардың  зардап 
шегушінің өміріне  тікелей  қауіпті  жақтарын  еске  ала  отырып,  хирургиялық 
шараларды  жүйелі  түрде  жүзеге  асырады.  Ең  алдымен  тыныс  алудың  және 
қан айналысының бұзылуын  реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет