202
кысым сынап бағанасының 80-90 мм-нен төмен түспейтін болса,
гемотрансфузияны жасамағанның өзі артық.
Сұйық жіберу катаңтүрдешектелуге тиіс және оларды жылдамдығы
минутына 40 тамшыдан келетіндей етіп тамшылата жіберу керек. Ең дұрысы
- желатинольдің немесе полиглюкиннің төмен молекулалы косылыстарын
пайдалану. Сұйыққа инсулин, В1және В6витаминдерін, аскорбин
кышқылын, калий хлоридініц 10% ерітіндісін /20 мл/, ал өршіген ацидоз
кезінде - натрий бикарбонатының 4% ерітіндісін араластырған глюкозаны
қосқан пайдалы. Тәулік ішінде енгізілген сұйыктың жалпы мөлшері 1,5
литрден аспауы тиіс.
Тахикардия кезінде, жыбырлағыш түрдегі аритмия пароксизмальды
тахикардия экстрасистолия пайда болғанда ганглиоблокаторлар /20 мг-нан
тілдің астына салу үшін тәулігіне 3-4 рет индерал беру немесе 1 мл-ден
бұлшықетке және жайлап венаға/ жіберген жөн. Симптоматикалық
аминдерді-мезатонды немесе норадреналинді венаға тамшылата жіберу
арқылы пентеминнің де /50-80мг/ қолданылуы мүмкін. Жүрек-қан
тамырлары дәрілерін, камфора майын, кофеинді, кардиаминді міндетті
түрдеқолдану керек.
Егер жүректің күрт әлсіреуі /жүрек демікпесі, өкпе ісігі/ сияқты
құбылыстар байқалмаса, онда алғашқы сағаттарда жүрек глюкозидтерін
пайдаланбай тұра тұрған жөн. Жүрек глюкозидтері одан кейінгі көрсетулер
бойынша пайдаланылады. Жүректің соққы алуы ауыр шокпен кабаттаса
келген жағдайда анаболды ыкпал ететін препараттар /неробол,
метиландростендиол/
косып,
глюкокортикоидтар
тобынанстероидты
гормондар /преднизолон, дезоксикортикостерон/ қолдану ұсынылады.
Алғашқы 2-3 күн бойына ауру аузымен тамақ жеп, сұйық ішпеуге тиіс.
Бүкіл емдеу кезеңінде ауа-оттегі қоспасын жұтқызу түрінде интенсивті
оксигенотерапия жүргізіледі.
Жүрек соққы алған кезде жарақаттың сипатына байланысты қажетті
операция тиісті анестезиологиялық дайындықтан соң және еңаз мөлшерде
тек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жасалуы мүмкін.
Іш қуыстары жарақаттанғанда және жамбас сынғанда ішке кан кетуден
немесе көк ет сыртындағы клетчаткаларға қан күйылудан шок ауырлайды,
соның салдарынан емдеуге қарамастан тамырдың соғысы мен артериялық
қысым тұрақсыз болады және тұрақтандыруда қиын. Қансыраумен шок бір-
бірін өзара ауырлатады.
Достарыңызбен бөлісу: