Травматология


Торпидтік  фаза.  I  дәрежесі



Pdf көрінісі
бет202/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   297
Торпидтік  фаза.  I  дәрежесі  -  жеңіл  шок.  Ауру  естен  танбайды, 
сұрақтарға  дұрыс  жауап  береді,  бірақ  сөйлесуге  ықыласы  болмайды.  Терісі 
мен көзге көрінетін шырышты қабықтары бозғылт болады. Денесінің қызуы 
қалпында  немесе  аздап  төмендейді.  Көз  қарашықтары  өз  қалпын  ұстайды, 
жарыққа  үлкейіп-кішірейеді.  Тамырының  соғысы  накты,  кейде  минутына 
100-110-ға  дейін  жиілейді.  Жүрек  соғысы  анық  естілмейді.  Систолалык 
қысымы –сынап бағанасының 110-70мм,  
диастолалық  қысымы-сынап  бағанасының  65-55  мм.  Тыныс  алуы  біркелкі, 
терең, ал кейде жиілеп кетеді. Рефлекстердін барлық түрі қатты төмендейді. 
II  дәрежесі  -  ауыр  шок.  Аурудың  хал-жағдайы  қиын.  Ақыл-есі 
сақталған, бірақ зардап шегуші айналасында болып жатқан оқиғаға және өзі 
алған  зақымдарға  сүлесоқ  болады.  Айқай-шуға  реакциясы  баяу,  селқос 
болады.  Қарашықтары  кішірейіп,  жарықты  нашар  сезеді.  Рефлекстердің 
барлық  түрі  төмендейді.  Дененің  зақымданған  жерінде  тінгипостезиясы 
болады.  Терісі  бозарып,  сұрғылт  тартады,  ұстап  көрсеңіз  -  сұп-суық; 
денесінің 
темпсратурасы 
төмендейді. 
Систолдық 
қысымы 
сынап 
бағанасының  70  мм-нен  төмен,  диастолдық  қысымы  -  сынап  бағанасының 
30-40  мм  немесе  оны  сфигмоманометрдің  көмегімен  анықтау  мүмкін  емес. 
Тыныс алуы үстірт, жиі, ұзақтығы жағынан бірқалыпты емес. 
Циркуляторлық  гипоксия, алмасудың  барлық  түрі бұзылған. 
III  дәрежесі  -  терминальдық  жағдай.  Зардап  шегуші  есінен  танады. 
Терісі  бозарып  сұрғылт  тартады  да,  суынып,  үстін  салқын  жабысқақ  тер 
басады.  Қарашығы  ұлғайып,  жарықты  нашар  сезеді  немесе  тіпті  сезбейді. 
Артериялық  қысым  анықталмағандықтан,  тамырының  соғысын  білу 
қиындайды.  Дем  алысы  қысқа,  бірқалыпты  емес.  Денесі  тартылып  қала 
береді. 
Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа аралас радиациялык закымданған 
кезде  алғашқы  реакциялардың  кезеңі  уақыт  жағынан  жаракаттық  шоктың 
дамуымен дәлме-дәл келеді. Бұл 4 жағдайда екі патологиялық процестің бір-
бірін өзара ауырлататыны байқалады, шоктың клиникалық тұрғыдағы ағымы 
елеулі  түрде  өзгереді,  кейбір  емдік  шараларды  организмнің  теріс 
кабылдайтыны байкалады. Шоктың эректильдік фазасы әдеттегідсй бірнеше 
минутка  емес, сағатқа, тіпті одан да көп уақытқа созылады. Ұзаққа созылған 
эректильді фазаның артынан артериялық кысым тез төмендейтіндіктен және 
аз уакыт  ішінде ауыр жарақаттық  шок дамитындыктан, мұны жақсылыктың 
белгісі деп түсінбеу керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет