ЗАҚЫМДАНУ ШОГЫН ЕМДЕУ Ауруларды шоктың эректидьді фазасында емдеу. Таңғыштар
тексерілуге және қажет болса жөнделіп, бинттелуге тиіс, бұрауларды алу
және сырткы қан ағуларын тоқтату керек. Зақымданған жерді регионарлы,
сүйек іші анестезиясының көмегімен, сүйек сынса-гематомаға новокаин
жіберу арқылы немесе вагосимпатикалық, паранефральлық немесе А.В.
Вишневский әдісі бойынша футлярлы блокада жасау; жамбассүйегі сынса
Школьников әдісі бойынша блокада жасау және т.с.с. арқылы мұқият түрде
ауыртпау қажет. Бұлшықетке2% промедол ерітіндісін (2 г), 2% димедрол
ерітіндісін (1г), 1% дитизол ерітіндісін (10 г) жіберу қажет. 1% С-10 мл, 6%
197
В.-2 мл, 6% В6-1 мл витаминдерінің ерітіндісін және 0,5% новокаин
ерітінідісін зардап шегушінің әр килограмм салмағына 0,6 мл-ден келетіндей
етіп қосып 250 мл қан алмастырғышты венаға тамшылата жіберген дұрыс.