196
1. Есінен танған-танбағанын.
2. Кәрі жілік артериясын басып тамырдың согысын, ал қол сүйегі
сынған болса, онда жамбастагы иемесс алқымдағы күре тамырды басып,
оның соғуын тексеруші адам өз тамырының соғуымсн салыстыру керек.
3. Зардап шегушінің тынысын анықтау қажет.
4. Қарашықтары жарыққа кішірейетінін, кішірейсе қаншалықты
кішірейетінін анықтау керек.
Тамыры соқпаса, дем алмаса және есі жоқ болса, көздің карашығы
жарык түскенде де кішіреймей үлкен калпында қалса, онда зардап шегушіні
өлген деп есептеу керек. Үш теріс белгінің (ес, тамыр соғысы, дем алысы)
екеуі аныкталғанымен көздің қарағышы жарық түскендс кішірейетін болса,
онда зардап шегушінің тірі жатқаны. Шоктың алдын алу зардап шегуші
табылған жерде басталуға тиіс.
Ол: жарақатқа және күйген жерге асептикалық таңғыш салудан, қан
ағып жатса, бұрау немесе басып тұратын, таңғыш ораудан, қолдан жасалған
немсе
көліктік
жақтаулардың
көмегімен
зақымданған
аяқ-қолға
иммобилизация жасаудан, жаралының тоңып қалмауын қамтамасыз етуден
және жолда неғүрлым жұмсағырақ транспортпсн эвакуациялаудан тұрады.
Шоктың алдын алу анальгетиктер, антигистаминдік препараттар және
антигипоксанттар деп аталатын фармакологиялық дәрі-дәрмектердің
көмегімен жүргізіледі. Соңғы аталған препараттар организмнің кез келген,
соның ішінде қайталаған зақымдануларға деген реакциясын шұғыл
төмендетеді. Оларды қолдану өте ауыр зақымданулардың өзінде де
жарақаттық шоктың алдын алуға мүмкіндік береді.
Промедол (0,1 г), аминазин (0,5 г), димедрол (0,1 г) және дитизол (0,1 г)
бар таблеткаларды тамыр соғысы жақсы сезілетін ауыр жарақат алғандарға
міндетті түрдеберіп тұру керек.
Тамырлары нашар соғатын зардап шеккендер, яғни шок жағдайына
душар бола бастаған адамдар димедрол (0,1 г), промедол (0,1 г), дитизол (0,1
г) алуға тиіс. Оларға аминазин зиян. Организмнің зақымдану мен шокқа
төзімділігін нитаминдер де арттырады. Ауыр жарақаттылардың бәрі
витаминдер комплексі бар (С
-500 мг,
В1-10 мг,
В6-15мг, никотинамид
-50 мг)
дәрілер алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: