Травматология


ОПЕРАТИВТІК ӘДІСПЕН ЕМДЕУ



Pdf көрінісі
бет24/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   297
ОПЕРАТИВТІК ӘДІСПЕН ЕМДЕУ 
Травматология мен ортопедиядағы барлық операцияларды кесте түрінде 
мынадай топтарға бөлуге болады: 
1. Сүйекке жасалатын операциялар. 
2. Буындарға жасалатын операциялар. 
3. Бұлшықетке, сіңірге, фасцияға жасалатын операциялар. 
4. Жүйке жүйелеріне жасалатын операциялар. 
5. Теріге жасалатын операциялар. 
 
СҮЙЕККЕ ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР 
Қазіргі  уақытта  операция  арқылы  емдеу  сүйек  сынғанда,  не  оның 
асқынғанында  және  де  ортопедиялық  ауруларды  емдегенде  кең  түрде 
қолданылады. 
Мұндай операцияларға жататындар: 
1.  Остеоклазия  -  жабық  түрде  сүйекті  сындырып  оның  қисықтығын 
түзету. 
2. Остеотомия - сүйекті қақ бөлу. Бұл операциямен сүйектің қисайғанын 
түзетеді немесе сүйекті үзартады. 
3.  Сүйекті  жамау,  көшіріп  қондыру.  Бұл  операция  сүйектің  ұзын 
бойындағы  кемістік  жерлерін  толықтыру  үшін,  сынған  сүйектерді  жамау 


20 
 
үшін,  туа  біткен  сүйектердің  кемістігін  толықтыру  үшін  және  жалған 
буыңдарды емдеу үшін қолданылады. 
4.Остеосинтез  -  сынған  сүйектерді  бір-бірімен  жалғап,  шегелеу.  Бұл 
үшін  темірден,  адам  және  ірі  қара  мал  сүйегінен,  керамикадан  тағы  басқа 
заттардан  жасалған  жалғағыштар  қолданылады.  Кейінгі  кезде  өте  үлкен 
ынтамен темір пластинкаларын тартуға және қысуға арналған Илизаровтың, 
Калнберздің,  Сиваштың,  Цхайдың  тағы  да  басқа  авторлардың  аппараттары 
қолданылады. 
5. Сүйекке резекция жасау (резекция - мүше бөлігін кесіп алу). Мұндай 
операция  сүйек  шірігенде,  ісік  зардабы  пайда  болғанда,  не  сүйекті 
қысқартқанда, не пластикалық операция жасағанда қолданылады. 
6. Ампутация - ауырған не жарақаттанған мүшені кесіп алып тастау. 
Трепанация  (экскохлеация)  -  сүйектің  қуыстарын  ашу.  Бұл 
операцияларды  сүйектердің  шіріген  бөлшектерін,  сүйек  ішіндегі  іріңдерді 
және ісіктерді алып тастау үшін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет