Травматология



Pdf көрінісі
бет22/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   297
 
ҮЗДІКСІЗ ТАРТУ ӘДІСІ 
Үздіксіз тарту әдісі бүгінгі күнде ортопедиялық және травматологиялық 
ауруларды  емдеуде  ең  негізгі  әдістердің  бірі  болып  есептеледі.  Бұл  әдісті 
бірінші  рет  1907  жылы  Штейнман  деген  ғалым  ортан  жіліктің  тізеге  тақау 
төменгі жағынан шеге кіргізіп, сынған ортан жілікті емдеген. Кейіннен темір 
шегенің  орнынан  үздіксіз  тарту  үшін  Киршнердің  сымшыбығы 
қолданылады. 
 
ҮЗДІКСІЗ ТАРТУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 
Сүйек  сынғанда  оның  бөлшектерінің  жылжып  кетуіне  мынадай 
себептер әсер етеді: 
а)  зақымдаушы  заттың  әрекетімен  көлеміне  және  оның  бағытына 
байланысты; 
б) ауырғанда пайда болатын бұлшық еттердің қатаю күшін жеңу қажет. 
Аяқты бүгуші еттер мен жазушы еттердің қатаюын бір қалыпқа келтіру үшін 
аяқты бүккен жөн. Бұл жағдайда бүгуші және жазушы антогонистік бұлшық 
еттер босаңсып сынған сүйекті орнына тұрғызуға мүмкіндік туады. 
Осындай  буынның  сәл  бүгілгенінде  антогонист  бұлшық  еттері 
күштерінің теңбе-тең болатын жағдайын ортофизиологиялық тыныштық деп 
атайды.  Сондықтан  үздіксіз  тартуда  жарақаттанған  аяқ  пен  қолды 
ортофизиологиялық қалыпта ұстап тартса ғана сүйектің сынықтарын орнына 
дұрыс  салуға  болады.  Тағы  бір  еске  алатын  жағдай,  аяқты  не  қолды 
жартылай  бүгіп  қана  қоймай,  олардың  әрбір  бөліктерінің  ауыртпалығын 
теңестіру керек. Тек осы уақытта ғана аяқ, не қол тыныштық алады. Ол үшін 
сынған  аяқты  әдейілеп  жасалған  Браунның,  Богдановтың,  Белердің, 
Шулутконың  аяқ  салғыш  таңғышына  орналастырады.  Бұл  жағдай 
сынықтарды орнына салудағы екінші негізі болып есептеледі. 
Сынған  сүйектің  сынықтарын  орнына  салуға  үшінші  міндетті  жағдай 
сынған сүйектің шеткі жағы әрқашанда ішкі-орталық сынығына бағытталып 
салынады. 
Төртінші  жағдай:  аяқты  үздіксіз  тартқанда  салмақты  аздап,  біртіндеп 
көбейткен  жөн  болады.  Себебі  бірқалыпты  үлкен  салмақ  салынса  аяқтың 
бұлшықеттері  босаңсудың  орнына  қайта  сіресіп  қатаюы  мүмкін.  Біртіндеп 
көбейтілген  салмақ  бұлшықеттерді  сірестірмей,  қатайтпай,  қайта  оларды 
ауыртпай босаңсытуға мүмкіндік жасайды. 
Бесінші жағдай: үздіксіз тартқанда қарсы тартуды болжаған жөн. Қарсы 
тарту  үшін  төсектің  аяқ  жағын  көтеріп  қояды,  не  болмаса  сау  аяғының 
табанына  тіреуіш  береді,  тіпті  болмаса  аурудың  денесін  төсекке  бекітіп 
байлап  қояды.  Үздіксіз  тартуда  бірімен  бірі  қарсы  екі  принцип  қосылады: 


19 
 
тыныштық және қозғалыс. Аяқтың сынған сегментіне тыныштық орнатылса, 
буындарында  қозғалыс  сақталады.  Мұның  өзі  сүйектің,  бұлшық  еттің, 
апоневроз  бен  фасцияның  өсіп  жетіліп,  толығымен  бітуіне  қолайлы  жағдай 
тудырады. Сондықтан да мұны функционалдық әдіс деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет