Травматология


БУЫНДАРҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет25/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   297
 
БУЫНДАРҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР 
Бұл топтарға мынадай операциялар жатады: 
1. Артротомия - буынның қапшығын ашу, кейде бұл операция өз алдына 
буын ішінде қандай ауру барлығын анықтау үшін жасалады, тағы да буынға 
жиналған  іріңді  шығару  үшін және  буын  ішіндегі  бөтен  заттарды  алып  тас-
тау үшін де жасалады. 
2.  Синовэктомия  -  буынның  ішкі  қапшығын  кесіп  алып  тастау  (сылып 
алу). 
3.  Буын  қапшық  сіңірлерін  қалпына  келтіру  (пластика).  Бұл  операция 
буынның  қапшықтары  мен  сіңірлері  зақымдалып,  не  үзіліп,  не  жыртылып 
қалғанда,  не  болмаса  басқа  аурулардың  салдарынан  буын  қапшығы  мен 
сіңірдің босаңсуын қалпына келтіру үшін жасалады. 
4. Буынның қозғалатын ұш жағын кесіп алып тастау (резекция сустава). 
Бұл  операция  сүйектің  жоғарғы  не  төменгі  ұш  жағыауруға  ұшырағанда 
жасалады. Кесіп алып тастау толық және жарым-жартылай болып, буын іші 
арқылы және буынсырты арқылы жасалатын болып бөлінеді. 
5.  Артролиз,  артропластика.  Артролиз  дегеніміз  қозғалмай  қалған 
буынды  босаңсыту  болады.  Артропластика  -  жасанды  буын  құру.  Екі 
операцияның  екеуі  де  қозғалыссыз  қалғанбуынның  қозғалысын  қалпына 
келтіреді. 
6.  Буынды  жапсыру  -  буындар  патологиялық  әртүрлі  аурулармен 
ауырғанда  немесе  көп  бөлшекті  болып  сынғанда  басқа  буынмен  жапсыру, 
ауыстыру. 
7.  Артродез  -  ауырған,  зақымданған  буындарды  жасанды  түрде 
қозғалмайтын етіп бекітіп тастау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет